Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 14:54, дипломная работа
Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. ғалымдар, аналитиктер, практиктердің, атап айтқанда, инженерлер, конструкторлар, менеджерлер, экономистердің жүргізген зерттеу мен жоба нәтижелерін қорытындылау;
2. зерттеу обьектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың қамтылуы;
3. қолданылуы нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің қамтылуы.
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері
4
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
5
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
6
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі
7
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
8
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
8
7. Диплом жұмысының мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
9
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі
12
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу
17
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
19
Диплом жұмыстарын рәсімдеуге және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар | 3 нұсқа 2009 ж | №1 өзгеріс | |
КЭУК-МИ-95-2009 | 34 беттің33 -ші беті |
ДИПЛОМ ЖҰМЫСТАРЫН РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТАБЫС ЕТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қарағанды 2009
Диплом жұмыстарын ресімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар 2009.09.01 «Жоғары оқу орындарында диплом жұмысын (жоба) орындау ережесі. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалды.
Диплом жұмыстарын ресімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің барлық мамандықтардағы студенттеріне арналған.
Құрастырғандар: бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, э.ғ.к., профессор Р.О. Бұғыбаева
Бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының доценті
Л.В. Разливаева
ОП ЖҰМБД директорының орынбасары – тіркеуші
С.Б. Глазунова
СҚ БҚФ-нің деканы, э.ғ.к., доцент Б.Т.Матаева
Әдістемелік нұсқаулар ҚҚЭУ-дің Оқу-әдістемелік кеңесімен басылымға ұсынылған.
2009 жылдың 29-қазанынан №2 хаттама
МАЗМҰНЫ
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері | 4 |
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту | 5 |
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік | 6 |
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі | 7 |
5. Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу | 8 |
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу | 8 |
7. Диплом жұмысының мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар |
9 |
8. Диплом жұмысының мәтінін ресімдеу тәртібі
| 12 |
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын ресімдеу | 17 |
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі | 19 |
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері
Диплом жұмысы (жоба) оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, егер де бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтардың оқу жоспарында қарастырылған болса.
Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени арнаудағы міндеттерді шешуде қолдану;
2) өз бетінше жұмыс жүргізе алу дағдысын дамыту және өңдеу үстіндегі мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде ғылыми зерттеу мен эксперименттеу әдістемесін меңгеру;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында өз бетінше жұмыс жүргізуге дайындығын және кәсіби құзырлылық деңгейін анықтау;
Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. ғалымдар, аналитиктер, практиктердің, атап айтқанда, инженерлер, конструкторлар, менеджерлер, экономистердің жүргізген зерттеу мен жоба нәтижелерін қорытындылау;
2. зерттеу обьектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың қамтылуы;
3. қолданылуы нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің қамтылуы.
Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, басылым әдебиеттері, лекциялық курстар, журналдар, соның ішінде шет тіліндегі, нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір диплом жұмысында (жобада) тапсырмаларға сәйкес жеке перспективалық теориялық немесе практикалық сұрақтардың өңдеуі болуы керек.
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
Диплом (жоба) жұмысының үлгі тақырыптарын шығарушы кафедрада әзірленеді және жыл сайын кем дегенде 30%-ға жаңартылып отырылады, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі. Диплом жұмысының тақырыптары (жоба) ғылым, техника мен мәдениеттің қазіргі жағдайы мен болашақтағы дамуына сай болып, мазмұны жағынан диплом жұмыстарына қойылатын талаптарға жауап беруі қажет.
Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің шынайы міндеттері мен мәселелерін есепке алу ұсынылады. Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет.
Диплом жұмысының тақырыбын студент соңғы оқу жылының басында өз бетімен таңдайды. Бұл ретте, ол бұрын студент орындаған ғылыми және/немесе курстық жұмыстардың жалғасы болуы жөн саналады.
Диплом жұмысының тақырыбын бекіту үшін студент шығарушы кафедраға өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмері мен атауын көрсетеді, ал мүмкіндік болған жағдайда – диплом жұмысы солардың материалы негізінде орындалатын ұйымның атауын көрсетеді (А қосымшасы).
Диплом жұмысының тақырыбын, егер тіпті ол тақырыптар тізіміне кірмесе де, студенттің өзі ұсынуы мүмкін. Мұндай жағдайда кафедра меңгерушісінің атына жазылған өтініште оны әзірлеудің себебі мен мақсаттылығы негізделеді.
Бір топтың екі және одан да көп студенттерінің бір ұйымның материалдары бойынша, бір тақырыпқа диплом жұмысын орындауларына рұқсат етілмейді.
Студенттердің сәйкес тақырыпқа диплом жұмыстарын өз аттарына бекіту өтініштері кафедрада қаралады және бекітіледі. Кафедраның шешімі негізінде әр студент атына таңдалған бекітілген тақырыптың тіркелуі және ғылыми жетекші мен рецензенттің (сыртқы) тағайындалуы туралы университет бойынша бұйрық шығарылады. Бұйрықта мыналар көрсетіледі: студенттің тегі, аты және әкесінің аты; диплом жұмысы тақырыбының дәл атауы; ғылыми жетекішісінің тегі мен инициалдары (және кеңес беруші болуы мүмкін) және диплом жұмысы рецензентін тағайындау туралы бұйрық, олардың ғылыми дәрежесі, қызметі және жұмыс орны көрсетіледі.
Студенттердің тапсырыс берілген диплом жұмыстарының тақырыптарын таңдауы ерекше қолдауға лайық.
Тапсырыс берілген диплом жұмысының тақырыбын студенттің таңдауы және кафедраның бекітуі кезінде диплом жазушы студент, диплом жұмысын орындауға сәйкес ұйымның жазбаша түрде ресімделген тапсырысын кафедраға табыс етуі тиіс (Б қосымшасы).
Диплом жұмысын орындағаннан кейін, студент тапсырыс берушіге есеп жасауға (еркін үлгіде) тиіс, ал тақырыпқа тапсырыс беруші-ұйым қаулы (бұйрық немесе хаттама) ресімдейді, оған ұйым жетекшісі қол қояды және ол ұйым мөрінің бедерімен расталады (В қосымшасы).
Сонымен қатар, ұйым диплом жұмысы авторының қорытындылары мен ұсыныстарын пайдалану (енгізу) туралы акт ресімдеуі мүмкін.
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
Кафедралардың ұсынулары бойынша, ректордың бұйрығымен диплом жұмыстарының ғылыми жетекшілері тағайындалады. Диплом жұмыстарының (жобалардың) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, не болмаса басқа ұйымдардың ғылыми зерттеулері мен басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін, ғылыми қызметкерлері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.
Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра, ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен, диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша консультантты шақыра алады.
Консультант ретінде профессорлар, доценттер, жоғары оқу орынының тәжірибелі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін, сонымен қатар, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін тағайындауға болады. Консультанттар студенттің орындаған сәйкес тарауларын тексеріп, қолдарын қояды.
Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:
1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;
2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;
3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;
4) оның барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;
5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.
Әрбір диплом жұмысы бойынша жеке студентпен келісе отырып, ғылыми жетекші белгіленген форма бойынша диплом тапсырмасын жасайды (Г қосымшасы). Диплом тапсырмасында мыналар көрсетіледі: университет, факультет, филиал мен кафедраның атаулары; диплом жазатын студенттің тегі, аты және әкесінің аты; диплом жұмысы тақырыбының атауы; тақырып бекітіліп берілген, университет бойынша бұйрықтың нөмері мен күні; диплом жұмысында әзірлеуге жататын сұрақтар тізбесі немесе олардың қысқаша мазмұны; графикалық материалдың және негізгі аналитикалық кестелердің тізбесі; ұсынылған әдебиеттер және өзге де ақпарат көздері; жұмыстың соған қатысты тарауларын (немесе параграфтарын) көрсете отырып, диплом жұмысы бойынша консультанттың тегі, аты және әкесінің аты; тапсырма берілген күн; диплом жұмысының жекелеген тарауларының (немесе параграфтарының) бірінші нұсқасын дайындау күнтізбелік жоспары, ғылыми жетекшінің ескертулеріне және тілектеріне сәйкес оларды жетілдіру, өңдеу, толықтыруы; түпкі нұсқада диплом жұмысын кафедраға табыс ету мерзімі; ғылыми жетекшінің, консультанттың және диплом жазатын – студенттің қолдары.
Диплом жұмысының тақырыбы студент атына бекітіліп және диплом тапсырмасы жасалғаннан кейін, ғылыми жетекші, диплом жұмысын дайындауға тікелей, үнемі жетекшілік жасайды және оны орындау кестесінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады; дайын болған диплом жұмысының жекелеген тарауларын (параграфтарын) оқиды; материалдың мазмұны, баяндау жалғастығы, нақты тәжірибелік материалды жинау, жинақтау, жүйелеу және әдістемелік өңдеу бойынша студентке кеңес береді; студентпен бірге туындаған сұрақтарды талқылайды; қосымша әдебиеттер және жаңадан қабылданған заңнамалық актілерді, бекітілген нормативтік құжаттарды және т.б. ұсынады.