Депозиттік операцияларды дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:31, курсовая работа

Описание работы

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………
I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....
1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі.....................................
1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі......................................
1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................
II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
2.1.Депозит туралы түсінік.................................................................
2.2.Депозиттің сыныпталуы...............................................................
III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары...............
Қорытынды ..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ........

Работа содержит 1 файл

банктин меншикти капитилы.doc

— 296.00 Кб (Скачать)


 

Жоспар:

 

 

 

 

Кіріспе ………………………………………………………………………

I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі

1.1. Банктің мешікті капиталының құрылымы…………………………....

1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі.....................................

1.3. Банктің жарғылық капиталының құру тәртібі......................................

1.4. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі......................................

II Бөлім. Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау

2.1.Депозит туралы түсінік.................................................................

2.2.Депозиттің сыныпталуы...............................................................

III Бөлім.Депозиттік операцияларды дамыту жолдары...............

Қорытынды ..................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................

 

 
 
3
 
 
5
10
15
22
 
32
33
40
42
44
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1.      Банктің меншікті капиталы

2.      Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

Банк русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

      Жарғылық капитал;

      Резервтік капитал;

      Қосымша капиталдар;

      Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

      Бөлінбеген банк пайдасы;

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.

Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.

Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.

Жұмысты орындаудағы міндеттер:

      Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;

      Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;

      Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.

Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым

 

 

I Бөлім. Меншікті капиталдың маңызы,орындайтын функциялары мен құру тәртібі

1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы.

 

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

      Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

      Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

      Ағымды шығындарды жабады;

      Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

      Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.

Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.

Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.

Банктер «Резервтік талаптардың ең төмеңгі мөлшері» атты нормативке сай, тартылған несиелік ресурстардің бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге міндетті. Бырақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бырақ оның жарғылық капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасыан кем болмауы керек.

Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасндағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады. Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курсттық жұмыстың «қосымша мәліметтер» атты бөлімінде толық көрсетілген.

Топтастырылған активтер банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады. Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік деңгейінің, банк қызметінің қатерлі жағдайларға ұшырау қауіптілігімен мінезделеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген меншікті капиталдың жеткіліктілігінің төмен нормативтік деңгейінің себебінен, соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банк қызметін қадағалайтын нормативтерінің орындалуын қатал қадағалап, меншікті капиталдың минималды мөлшерін ұлғайтты.

Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:

1.      Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;

2.      Жалпы активтердің соммасын қысқарту;

3.      Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;

Банк қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады. Себебі, бұдан ең алдымен банктің мерзімінде және толығымен өз міндеттемелерін орындау мүмкіншілігі тәуелді.

Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.

Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.

Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.

Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.

Информация о работе Депозиттік операцияларды дамыту жолдары