Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 22:10, реферат
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
1. Есеп саясаты туралы түсінік
2. Есеп саясатының мазмұны
3. Есеп саясатын дайындау
4. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру
5. Құжаттау және есептік регистрлер
ларының фактісін растайды, яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттырдың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуга негіз болып табылады;
тардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
тардың бірнеше түріне тән қызметті,
бір мезгілде атқаратын құжаттауларды
құрастырылған құжаттау деп атайды;
олардың пайдалануын
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;
жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепке тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
тікелей рәсімделеді;
барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- сыртқы – басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлға-
лардан түседі.
Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын
білдіреді;
көрсетіледі).
операцияға және оныің дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негіздері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар бойынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар.
Корректуралық (түзету) тәсілі - текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.
«Қызыл жазу» тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады. Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.
Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы қатені түзейді.
Есептік регистрлер. Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды бегілі бір жүйелілігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.
Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік ақпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.
Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.
Есептік регистрлердің жітемесі
Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- хронологиялық – шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;
- жүйелі регистрлерінде – шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді атауға болады;
- құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бір мезгілді өзара үйлесім табатын регисторлар. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырмалы регистрлер – есептік регистрлдердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.
Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.
- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.
- синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.
Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- карточкалар бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі, олардың арнайы сызба жолдары болады. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;
- кітаптар бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса ктабы мен Бас кітап ретінде көп таралған;
- бос парақтар – жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар (жазбалар) үшін арналған, олардың сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;
- машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толтыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал-ордердің параметрлеріне (көрсеткіштеріне) тәуелді болып келеді.
Кітаптарда аналитикалық есебін жүргізер кезде жазбалар жазбай тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып, бас бухгалтерлер қол қояды.
Регистрлерді ашқан кезде
Ай біткен соң барлық аналитикалық
және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік
және кредиттік жиынтық
Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведомосын жасау үшін және ағымдағы бақылау үшін пайдаланады.
Есеп регистрларының мәліметтері салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы бойынша жазбалар жасалады, ал бұл балансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен тәсілдер жүйесі құрайды. Олар құжаттау, түгендеу, бухгалтерлік балама асау, екіжақты жазу әдісін қолданп жинақтамалы және талдамалы шоттар жүйесін, мүліктер мен міндеттемелерді бағалау, калькуляциялау мен кәсіпорынның есеп беруі арқл жұзеге асырылады.
Құжаттау – шаруашылық операцияларын құжаттардың көмегімен олар жасалған сәтте және сол жерде бастапқы тіркеу.
Құжат бухгалтерлік жазбалар үшін міндетті негіз болып саналады. Әрбір шаруашылық операциясына ол жасалған сәтте құжат жасалады, онда құжаттың атауы, операцияның мазмұны, оның жасалған күні, өлшем бірлігі, операцияның жасалуына жауапты адамдардың қойған қолдары көрсетіледі.
Түгендеу – мүліктің нақты қолда
барын бухгалтерлік есептің деректері
бойынша заттай сәйкестігін тексерудің
әдісі. Ол бухгалтерлік есеп деректерінің
растығы пен кәсіпорын
Бағалау – бұл натуралды көрсеткіштерді
ақшалай көреткіштерге
Шоттар екіжақты жазу.
Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған. Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздерне жеке шот ашылады.
Екіжақты жазу – шаруашылық
операцияларын бухгалтерлік
4. Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:
Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді. Өндіріс саласындағы құралдар өз кезегіндегі еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек затына бөлінеді.
Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.
Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі. Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауар таңбалары және т.с.с. жатады.
Материалдық емес актвитер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіреді.
Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бр рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өздерінің құнын өнім құнына көшіреді. Өндірістің бір кезегінде оған шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.