Бухгалтерлік есептегі түгендеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 12:32, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................3
Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі ................................................5
Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары ........................................8
Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері...............................................11

ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................23

Работа содержит 1 файл

Бух.УиА Реферат.doc

— 171.00 Кб (Скачать)

      Бухгалтерлік  есептің бұл саласындағы қазіргі  тәжірибе бойынша, кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) түгендеу жұмысының басқарылуын жетілдіру үшін, тұрақты қызмет ететін (жоғары дәрежелі қызметкерлерден тұратын) түгендеу комиссиясын құру қажет.

     Олардың құрамы кәсіпорын басшысының бұйрығымен белгіленуі тиіс. Тұрақты қызмет ететін комиссиясы құрамы және түгендеудің басқа да маңызды аспектілері есеп саясатында көрсетілгені жөн. Бұл комиссиялардың негізгі қызметі мыналар:

  • Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
  • Түгендеу комиссиясына нұсқаулықтар беру;
  • Түгендеу мәліметтерінің сенімділігін қамтамасыз ету;
  • Түгендеудің дұрыс ұйымдастырылуы және қажет болған жағдайда тексерулердің қайтадан өткізілуі;
  • Құндылықтарды сақтау орны бойынша бақылау, тексеруі және іріктемелі түгендеу жүргізу;
  • Жетіспеушілікке, бүлінуге, бұзылуға жол берген тұлғалардың түсіндірмелерін қарастыру;
 

     Жұмыс комиссиясының мүшелері мыналарға  жауапты:

  • Кәсіпорын басшысының бұйрығына сәйкес тәртіптің тиісті уақытында орындалуына;
  • Түгендеу тізімдеріндегі мәліметтердің дұрыстығына;
  • Материалдардың түгенделуін белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті уақытында рәсімдеуге;
 

     Түгендеуді  өткізу бойынша ұйымдастыру шараларын  алдын-ала жасалған кестеге сәйкес жүргізген жөн (1-үлгі):

     (1-үлгі)

     Бекітемін

     АҚ  «СС» Президенті (қолы)

     Күні 

     200_ жылдың 1-жарты жылдығына «СС» АҚ-да

     түгендеу өткізу кестесі 

Бөлім-ше № Түгендеу  өткізудің жоспарлан-ған күні Түгенделетін  объектілер саны Түгендеу  өткізіл-гені тура-лы белгі Ес-керту-лер
Қойма Көмек-ші өнді-ріс Бөлшек сауда  желісі Барлы-ғы
               
 

     Кестені құрған (лауазымды  тұлғалардың қолы) 

     Түгендеу  комиссиясының төрағасы ретінде  бір материалды жауапты тұлғаны  қатарынан 2 рет қоюға рұқсат етілмейтінін сәйкес жерде көрсету өте маңызды.

     Сонымен қатар тұрақты қызмет етуші комиссиясының  бар болуы ірі (орта) кәсіпорын  басшысы мен бас бухгалтерді түгендеу жұмысының жүргізілу жауапкершілігінен босатпауы тиіс.

     Бірнеше түгендеу комиссиясын құру кезінде  тұтас түгендеудің дұрыс жүргізілуін  қамтамасыз етуді төраға басқарады. Комиссия төрағасы мен мүшелері барлық түгендеу тізімдерінің нәтиже мәліметтері бойынша өткізілген түгендеу туралы шоғырландырылған актіні рәсімдеп, оған қолдарын қояды. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар мен есептің басқа объектілерінің жетіспеушілігін және шектен тыс жұмсалуын жасыру мақсатымен нақты қалдықтар туралы жалған мәліметтер енгізетін болса, сотпен белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

     Түгендеу  комиссиясының тағайындалуы комиссия құрамы, түгендеудің көлемі, жұмыстың басталуы және аяқталуы көрсетілген  бұйрықпен рәсімделеді. Бұйрық арнайы кітапта тіркеледі және түгендеудің  жұмыс комиссияның мүшелеріне түгендеу жүргізудің алдында тапсырылады. Кемінде бір мүшенің жоқтығы өткізілген түгендеу нәтижелерін жарамсыз деп тануға негіз болып табылады. Комиссия төрағасы түгендеу басталмас бұрын есеп берулердің барлық қосымшаларын визалауы тиіс, ол бухгалтерия үшін түгендеу басына қалдықтарды анықтау болып табылады.

     Ақша  қаражаттарының, тауарлы-материалдық құндылықтардың, құжаттардың немесе басқа да есеп объектілерінің нақты бар болуын тексеруге міндетті түрде материалдық жауапты тұлға қатысуы керек. Егер кәсіпорынның материалдық жауапты тұлғасы болмаса, онда жауапты тұлға болып кәсіпорын басшысы саналады. Құндылықтардың қалдықтары туралы мәліметтерде олардың нақты бар болуын тексерусіз, тек материалдық жауапты тұлғаның сөзіне немесе есеп мәліметтеріне сүйеніп, тізімге енгізуге тыйым салынады.

     Кез келген есеп объектісінде түгендеу жүргізудің өзіндік техникасы бар. Мысалы, құндылықтарды түгендеу есептеу, өлшеу, таразыға тарту арқылы жүргізіледі, ал кейін олардың орналасқан орны және осы құндылықтарды сақтайтын материалды-жауапты тұлғалар бойынша құндық бағалануы жүзеге асырылады. Кіріс-шығыс кассалық ордерлерінің, банк шотының үзіндісі, расталған сальдо мен жазба мәліметтері бойынша алынған талаптар, қарыздар сияқты мүліктің материалды емес бөліктері сәйкес есеп тіркелімдерін тексеру арқылы анықталады. Аяқталмаған жұмыстар түгендеуге кіргізілуі тиіс.

     Түгендеу  мәліметтері тізіммен рәсімделуі керек, онда белгілі бір уақыт мерзіміне  мүліктің жеке құрамдас бөліктері және түрлері, саны мен құны бойынша қарыздық міндеттемелер көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар түгендеу тізім тексеруге жеңіл және бастапқы есеп мәліметтерімен салыстыруға болатындай етіп жасалуы тиіс.

     Қымбат  бағалы құндылықтарға олардың алынуын  куәландыратын құжаттарды немесе пайда болуы жайлы мәліметтерді (төлем шотының нөмірі, жабдықтаушы және басқа да деректемелер) анықтау керек. Есептеу мен тақсалауға байланысты барлық іс-әрекеттер жасалғаннан кейін және нәтижелерін өзара тексергеннен соң тізімін әр бетінің соңына тауарлы-материалдық құндылықтардың реттік нөмірі қолмен жазылып көрсетіледі. Одан кейін бетте жазылған барлық тауарлы-материалдық құндылықтардың жалпы қорытындысы (өлшем бірлігіне қарамастан, табиғи өлшеммен) шығарылады. Бұл көрсеткіштер тізімнің соңғы бетінде, байқалмайтын түзетулер енгізуге мүмкіндік бермеу үшін, көрсетіледі. Тізімнің әр бетіне материалдық жауапты тұлға мен комиссия мүшелерінің барлығы қол қояды. Түзетулер барлық комиссия мүшелерімен келісілген және олардың қолдарымен бекітілген болуы тиіс. Түгендеу тізімдерінде толтырылмаған жолдарды қалдыруға болмайды. Тізімнің соңғы беттеріндегі толтырылмаған жолдар сызылып тасталады. Одан кейін түгендеу және есеп мәліметтері салыстырылып, салыстыру тізімі жасалады.

     Демек, салыстыру тізімі нақты және есептік  мәліметтердің сәйкес келмеген жағдайында жасалады және осындай мәліметтер жиі түгендеу тізімімен бір бланкте біріктіріледі. Бұл – түгендеу бойынша ең маңызды қорытынды құжаттардың бірі және оған енгізілетін нәтижелерді мұқият тексеруге көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, анықталған сәйкессіздіктер салыстырылып, дұрыс көрсетілуі тиіс көптеген көрсеткіштердің сапасына тәуелді екенін есте сақтау керек.

     Қажетті жағдайда түгендеудің жұмыс комиссиясы атқарған жұмысы хаттамамен рәсімделеді, онда түгендеу нәтижелері және кемшіліктерді жою бойынша қорытындылар мен ұсыныстар көрсетіледі. Түгендеу аяқталғаннан соң оның барлық материалдары мен комиссия хаттамасы тұрақты қызмет етуші комиссия қарауына тапсырылады.

     Егер  түгендеуден кейін материалды жауапты  тұлғалар түгендеу тізімінен қате табатын болса, онда ол бұл жайында түгендеу жүргізген жұмыс комиссиясына өтініш арқылы хабарлауы керек (сауда орны ашылғанға дейін). Барлық көрсетілген фактілер тексеріледі және олар расталған жағдайда анықталған қателер белгіленген тәртіппен жойыла алады.

     Түгендеу  комиссиясының өз жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігін арттыру үшін бақылау тексерістерін ұйымдастыру  тәжірибесін қолдану тиіс. Олар тауарлы-материалдық құндылықтар және есептің басқа да объектілерінің нақты қалдықтарын тізімге енгізудің дұрыстығын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылаушы тексерістердің тиімділігін арттыру мақсатында олар түгендеу аяқталған соң, бірақ сауда орны ашылғанға дейін жүргізіледі. Осындай тексерісті жүргізу үшін кәсіпорын басшысымен немесе бас бухгалтерімен тексеру жүргізетін тұлға атына өкім жазылып, түгендеу комиссиясы төрағасына тапсырылады. Одан кейін құрылған комиссияның қатысуымен қалдықтар есептеліп (таңдау бойынша), түгендеу тізіміндегі жазбалармен салыстырылады. Тексеру нәтижелері тексерілген тауарлардың атауы, саны және басқа да мәліметтері көрсетілген, бекітілген нысанындағы актімен рәсімделеді. Егер бақылаушы тарапынан тексеріс кезінде сәйкестіктер анықталмаса, онда объект ағымдағы жұмысқа енгізіле алады. Қомақты сәйкессіздік табылған жағдайда толық түгендеу жасау үшін жаңа түгендеу комиссиясы құрылады. Сонымен қатар ұйым басшысы түгендеу комиссиясының бірінші құрамы жіберген қателіктері үшін жауапкершілігі жайлы мәселені қарастыруы тиіс. Түгендеулердің бақылаушысы тексеріс есебін арнайы кітапта жазып отыруы керек.

     Түгендеу  аяқталған соң түгендеу комиссиясының  төрағасы тауарлардың нақты қалдықтарының  рәсіделген тізімін (бірінші және екінші даналары) бақылаушы тізіммен және басқа құжаттармен бірге құндылықтардың есебі жүргізілетін ұйымның бас  бухгалтеріне тапсырылады; екіншісі – материалды жауапты тұлғаға бірінші данаға жазылған қолхатымен беріледі. Тауарларды тапсыру кезінде үшінші дана құндылықты тапсырған материалды жауапты тұлғаға беріледі.

     Бухгалтерия құндылықтарды түгендеу нәтижелерін  уақытылы және дұрыс анықталуын қамтамасыз ету мақсатымен оның аяқталу сәтіне барлық дайындық жұмыстарын, соның ішінде келесі қызметтерді атқаруы тиіс:

  • Материалды жауапты тұлға рәсімделген және тапсырған есепті өңдеу, тексеру және есеп тіркелімдеріне жазу;
  • Тауарлардың бухгалтерлік табиғи-құндық есебінің және табиғи қоймалық есептің мәліметтерін салыстыру, қажет болған жағдайда акті рәсімдеу;
  • Түгендеу күніне тауарлардың есептік қалдықтарын шығару.
 

     Тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеумен қатар, бухгалтерия барлық сәйкес шоттар бойынша жазбаларды тексеріп, оларды корреспонденттелетін шоттармен салыстыруы тиіс. Түгендеу нәтижелері бухгалтерлік есепте түгендеу аяқталған кезеңде көрсетіледі.

     Түгендеу  жүргізудің келтірілген ережелерін жалпылай отырып, оның кезеңдерінің көрнекі болуы үшін, төмендегі желілік графикті ұсынуға болады, сәл ғана өзгерістер енгізгеннен кейін ол есептің әр түрлі объектілеріне қолданыла алады (1.1-сурет). Желілік графикте көрсетілген оқиғалардың түсіндірмесі 1.2-кестесінде көрсетілген. 
 
 
 

3.1-сурет 

 

Кесте-1.2 

Оқиға нөмірі Жұмыстардың атауы
1 Тауарларға  түгендеу жүргізу туралы бұйрықты рәсімдеуді түгендеу комиссиясының төрағасына тапсыру.
2 Түгендеу комиссиясы мүшелеріне нұсқаулықтар беру.
3 Материалды  жауапты тұлғаға түгендеу өткізу туралы бұйрықты тапсыру.
4 Қосымша және бөлек  кіру, шығу органдары бар қосалқы  бөлмелерді және құндылықтарды сақтаудың  басқа да органдарына пломба қою  және мөрлеу.
5 Материалды  жауапты тұлғадан түгендеу мерзіміне  кассадағы қалдық жайлы соңғы  есепті алу.
6 Түгендеу сәтіне тауарлардың қалдығы көрсетілген соңғы тауарлық есеп беруді алу.
7 Түгендеу комиссиясына барлық кірістік және шығыстық құжаттарды тапсыруы жайлы құжатқа қол қою (түгендеу тізімінің титулды парағындағы  мәтінге сәйкес).
8 Түгендеу комиссиясының  кассалық есеп беруі мен оған қосылып тапсырылған құжаттарды тексеруі.
9 Түгендеу комиссиясының  тапсырылған тауарлық есеп беруді және оған қосымша кіріс пен шығыс  құжаттарын тексеруі.
10 Тауарлық есепке тігілген барлық кіріс және шығыс  құжаттарын визалау.
11 Түгендеу комиссиясы қолданатын салмақ өлшеуіш құралдарын тексеру.
12 Кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын алу және ағымдағы күннің түсімін анықтау.
13 Түгендеу тізіміне кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын тіркеу (сатушы өткізілген тауарлар үшін ақша алған жағдайда).
14 Түгендеу тізіміндегі  аталған құндылықтардың барлығын комиссия жауапты тұлғаның қатысуымен тексерілгені және комиссияға шағым жоқтығы туралы қол қою.
15 Түгендеудің алдын-ала нәтижелерін шығару.
16 Кәсіпорын бухгалтериясына  тауарлар бойынша түгендеу тізімін тапсыру.
16a Кәсіпорынның  бухгалтериясына басқа да (тауарлық, түгендеу комиссиясымен визаланған) құжаттарды тапсыру.
17 Кәсіпорынның  бухгалтериясында түгендеу материалдарын  тексеру.
18 Тауарлар бойынша  салыстыру тізімдемесін жасау.
19 Табылған жетіспеушілік  жағдайында есеп айырысуларды жасау.
20 Түгендеу нәтижелері актісіне салыстыру тізімінің мәліметтерін енгізу.
20a Түгендеу нәтижелері актісіне нормаланған жоғалтуларды есептеу мәліметтерін енгізу.
21 Түгендеу нәтижелерін қарастыру.
22 Түгендеу нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

Информация о работе Бухгалтерлік есептегі түгендеу