Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2012 в 12:32, реферат
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.
КІРІСПЕ ..............................................................................................................3
Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі ................................................5
Түгендеу түрлері мен олардың сипаттамалары ........................................8
Түгендеу жүргізу тәртібі және мерзімдері...............................................11
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ................................................23
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Бухгалтерлік есептегі түгендеу
Пәні : Бухгалтерлік
есеп және аудит.
Астана
2011ж
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ......................
ҚОРЫТЫНДЫ ....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................
Кіріспе
Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік
есептің әдісі ретінде
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік
есеп жүйесіндегі түгендеу принципі –
қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен
жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп
ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар
құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын
іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап
саыстыруға, қолда бар құндылықтардың
нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық
фактілер дәрежесін анықтауға болады.
Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды
қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің
ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың,
ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.
1.
Түгендеу түсінігі және
түгендеу принципі
Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101 өзгертулермен 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қазақстанда түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері анықталады. 24-БЕС әдістемелік нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеуді ұйымдастыру шарасының негізгі ережелері анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі де келтірілген.
Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.
Түгендеудің міндеттері:
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.
Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшем бірлігіндегі құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап ұйымның тауарлы-материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттау құжаты құқықтық құжат болып танылып, ұйым деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін көрсетеді.
Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі (есептегі) құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымен, қаттап-түгендеу дегеніміз натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.
Ұйымдағы
жауапты қызмет атқарушы адамдар
мен бухгалтерлердің
Құндылықтардың
дұрыс сақталуын қамтамасыз етіп
отыру, бұл үрдісті басқару, күнделікті
бақылау жұмысын ұйымдастырудың
маңызы зор. Кейде шаруашылық өмірде кездесетін
апат, төтенше жағдай (өрттен, су тасқынынан,
ұрлықтан) себептеріне байланысты түгендеу
жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды.
2.
Түгендеу түрлері мен
олардың сипаттамалары
Түгендеу
мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметін зерттеуге негіз болып табылады.
Қазіргі уақытта түгендеуді төмендегі
түрлерге жіктейді (1.1-кесте):
Кесте-1.1
Түгендеудің
түрлері мен олардың
сипаттамалары
Түгендеу түрлері | Сипаттамалары |
Өткізу мерзімі бойынша | –
Жоспарлы (кезеңдік) – алдын-ала белгіленген
мерзімде кесте немесе жоспар бойынша
жүргізіледі;
– Жоспардан тыс – өте қажетті жағдайларда ғана (ұрлау, құндылықтарды бүлдіру және асыра пайдалану фактілері анықталғанда; материалды-жауапты тұлғалар ауысқанда; өрттен, табиғи апаттардан кейін және т.б.) жүргізіледі. |
Қамту көлемі бойынша | –
Толық – нұсқаулықтарда көрсетілген
мерзімде жүргізіледі және тек тауарлық
материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын
тексеруге ғана емес, сонымен қатар басқа
ұйымдармен есеп айырысу дұрыстығы, жылдық
(тоқсан-дық) есеп беруді жасау бойынша
қалдықтарды салыстыру және тексеруге
бағытталады;
– Ішінара – тек жеке есеп объектілерін қамтиды (мысалы, ТМҚ-ды қайта бағалау); – Іріктемелі – толық түгендеуді жүргізу қажеттілігі жоқ болған жағдайда жүргізіледі (мысалы, тауарлардың жеке атаулары бойынша табиғи есепте, жабдықтаушының тауар-лардың жеткіліксіздігі үшін кінарат-талабын өтеуден бас тартуы); – Тұтас – қандай да бір жүйенің барлық құрылымдық бө-лімшелерінің құндылықтары немесе есеп объектілерін бір мезгілде тексеру; |
Өткізу нысаны бойынша | –
Заттай – нақты қолда бар мүлік объектілерін
бағалау мақсатында жүргізіледі, ал олардың
мөлшері есептеу, өл-шеу, таразыға тарту
және басқа да көзге көрінетін әдістер-мен
тізім жасау арқылы анықталады;
– Бастапқы құжаттарды түгендеу – бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуге негіз болған материалдық емес ак-тивтерді, патенттерді, дебиторлық берешек пен басқа да құжаттарды тексерумен байланысты; – Бухгалтерлік (кітаптық түгендеу) – ұйымның шоттар жоспарының жағдайын және баланстың құрылуын олардың сенімділігі мен ақпараттылығын арттыру мақсатында тексе-руге бағытталған; |
Ұйымдастыру дәрежесі бойынша | –
Өзекті – операциялық жылдың аяғында
баланстың жабы-луына дейін немесе кейін
10 күн ішінде жүргізіледі. Жабу күні мен
түгендеуді жүргізу арасындағы қолда
бар түген-деудегі өзгерістер рәсімделетін
құжаттарға сәйкес есепке алынуы тиіс;
– Перманентті (жалғасушы) – түгендеу түрі, саны және құны бойынша түгендеу тізімінің жасалуы. Ол материалдық мүлікті түгендеумен үйлеседі. Оны жүргізу күні бухгалтер-лік балансты құру күніне байланысты; – Жылдық – баланстың құру күніне 3 ай қалғанда немесе оны құрудан кейінгі алғашқы 2 ай ішінде бүкіл номенклату-ра бойынша толық немесе ішінара жүргізіледі. |
1.1-кестеден көргеніміздей, түгендеудің түрлері мүліктің тізіміне, міндеттемелерге және субъектілердің өздері белгіленген басқа да аспектілерге байланысты.
Түгендеу міндетті түрде жүргізілетін жағдайлар бар:
Демек,
түгендеулер саны және оларды өткізу
күндері мен түрлері әр түрлі
жағдайларға байланысты және өзгертіліп
отырады. Бұл арада есеп объектілерінің
нақты қолда бар болуының толық және дәл
тексерісінің ең қысқа мерзімде жүргізілуін
қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға
назар аудару керек. Әкімшілік түгендеуді
жүргізудің белгіленген ережелерінің
орындалуын және оның нәтижелерінің бухгалтерлік
есепте тиісті уақытында көрсетілуін
бақылауы тиіс.
3.
Түгендеу жүргізу тәртібі
және мерзімдері
Өкінішке орай, көбінесе түгендеу жүргізу жауапкершілігі әкімшілікке жүктеледі және оның мәнін түсінбеу орын алады. Қазіргі кезде түгендеуді клиенттердің сұрауымен немесе оны жүргізу қажеттілігі туғанда аудиторлардың немесе аудиторлық фирмалардың жүргізуіне сұраныс артып отыр. Бұл кезде сыртқы (тәуелсіз) аудиторлардың міндетіне әкімшілік қоса, лауазымды тұлғалардың белгілі бір жауапкершілігінің орындауын тексеру кіреді. Осының барлығы Қазақстанда түгендеу жүргізудегі көптеген мәселелердің шешілмей отырғанын көрсетеді.