Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 21:05, реферат
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Жетенкшілік: Біз нарықтың
барлық сегменттеріндегі Клиенттеріміздің
барлық топтарына қызмет көрсетуде жетекші
позицияға талпынамыз. Біздің басшылар
ұйымның барлық деңгейлерінде жұмысқа
деген құштарлығын көрсету жағынан үлгі
болып табылады. Біздің басшылар бағыт
береді, жаңа бастауларды қоштайды, «Халық»
тобының жұмысын орындауына барынша қолғабыс
көрсетеді.
Әлеуметтік жауапкершілік:
Халықтың сұраныстары мен мүдделеріне
көңіл бөлу «Халық» тобы қызметінің негізгі
принциптерінің бірі болып табылады. Біз
қоғамның дамуы мен әлеуметтік мәселелердің
шешіміне белсенді үлес қосудамыз.
Әділдік: Біздің серіктестерімізбен
қатынастарымыз сыйластық пен көмек көрсету,
ынтымақтастық, сенімділік және корпоративті
ниеттестік негізінде құралған. Біз бүкіл
«Халық» тобы бойынша идеялармен, біліммен
және тәжірибемен алмасуды қоштаймыз
және тиімді командалық жұмысты қолдаймыз.
Біз қызметкерлеріміздің кәсіптік деңгейінің
өсуінің, әлеуметтік қорғалуының қамын
ойлаймыз. Біздің ұйымымыздағы сыйақылау,
тану және мансабты жоғарылату әділдік
принциптерінде негізделеді және жеке
қызмет нәтижелері мен «Халық» тобының
табысына енгізген үлесіне байланысты.
Кәсіпқорлық: Біз кәсіптік
қызметтің жоғары стандарттарына ұмтыламыз,
біз жаңа идеялар мен инновацияларға ашықпыз,
біз батыл және дәйекті түрде әрекет етеміз.
Біз Клиенттермен мықты және ұзақ мерзімді
қатынастарды қамтамасыз ететін Клиенттерге
қызмет көрсету бойынша барлық операцияларды
уақытылы және тиімді шарттарда іске асырамыз.
«Қазақстан Халық Банкі»
АҚ жоғары халықаралық беделі бар және
«Халық», оның ішінде «HALYK» және «НАРОДНЫЙ»
брэнді арқылы көрсететін банктік қызметтер
нарығында 87 жылғы табысты тарихы бар
Қазақстан Республикасындағы ірі қаржы
институты болып табылады. Бұл брэндтер
Қазақстан Республикасының уәкілетті
органының шешімімен Қазақстандағы әйгілі
тауар белгілері болып танылды, және қажетті
құқықтық қорғау беріліп олар «Қазақстан
Халық Банкі» АҚ атына тіркелді. Сонымен
қатар, «ХАЛЫҚ» и «HALYK» тауар белгілері
Банк атына тауар белгілері ретінде Қазақстан
Республикасында, Ұлыбританияда, сондай-ақ
Әзірбайжан Республикасы, Бельгия Корольдігі,
Нидерланды Корольдігі, Люксембург Ұлы
герцогтығы, Қытай Халық Республикасы,
Ресей Федерациясы, Монғолия Республикасы
және Тәжікстан Республикасы сияқты Белгілерді
халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімінің
мемлекет-мүшелерінде тіркелді.
Айтылғанның негізінде
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ қандай болмасын
бұзушылықтарды болдырмау жөнінде, сондай-ақ
кез-келген үшінші тұлғаларға жоғарыда
көрсетілген тауар белгілеріне Банк құқықтарының
бұзуына жол бермейтіндігі туралы ескертеді.
Банктің жалақылық жобасына
қатысушы жеке тұлғаның кепілдігімен
«Кепілсіз кредиттер» («Халықтық») кредит
беру бағдарламасы
Мақсатты топ:
ҚР-ның резиденті болып
табылатын жеке тұлғалар, Банктің жалақы
жобасына қатысушылар. Заемшының/кепілгердің
жасы - 23 жастан кіші болмауы керек.
Пайдалану мақсаты:
Тексерілмейді.
Бағдарламаның талаптары:
Кредит беру мерзімі
-3 айдан 3 жылға дейін.
Заем берілетін валюта:
теңге.
Базалық сыйақы мөлшерлемесі
- жылдығы 22%.
Тиімді сыйақы мөлшерлемесі:
теңгеде - 30,0%-дан бастап
Заем сомасы - 80 000
теңгеден 2 000 000 теңгеге дейін (заемшының
төлем қабілетіне байланысты).
Жалақының талап етілетін
ең төмен деңгейі - кемінде 15 000 теңге.
Жобаға сараптама жасау
қарастырылмаған.
Сақтандыру - қарастырылмаған.
Кредиттік өтінімді
қарастыру мерзімі - 3 жұмыс күні.
Кредит бойынша қамтамасыз
ету:
1. Жеке тұлғаның,
Банктің жалақылық жобасына қатысушының,
Банктен зейнетақы алушы және Банктің
талаптарына сәйкес келуші зейнеткерлердің
кепілдемесі;
2. Заемшының болашақта
түсетін ақшасы;
Құжаттарды алу үшін құжаттардың ең аз пакеті:
1.
Өтініш-анкета;
Түпнұсқасы
2.
Компанияның қолдаухат-анықтамасы
Түпнұсқасы
3.
Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат
Көшірмесі
4.
Жалақы жобасына қатысушы емес жеке тұлғаның заемдары бойынша кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат
Көшірмесі
5.
Өтініш берушінің СТН және ӘЖК анықтамасы
Көшірмесі
6.
Кепілгердің СТН анықтамасы
Түпнұсқасы
7.
Өтініш берушінің жинақтаушы зейнетақы қорындағы ЖЗШ-нан соңғы 6 айдағы үзінді
Түпнұсқасы
8.
Заемшының кредит бюросына ол туралы белгіленген нысанда жазбаша ақпарат беруге келісімі
Түпнұсқасы
9.
Заемшының кредит бюросынан ол туралы белгіленген нысанда жазбаша ақпарат алуға келісімі
Түпнұсқасы
Назар аударыңыз! Кредит
маманы қосымша құжаттарды талап етуге
құқылы!
Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары үшін - сыйақы мөлшерлемесінен минус 1% .
Екінші қайтара заем
алған кезде және оң кредиттік тарихы
болған жағдайда Халық Банкі ЖЗҚ салымшылары
үшін - сыйақы мөлшерлемесінен минус 2%
.