Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 21:05, реферат
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Банк туралы
«Қазақстан Халық Банкі»
АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 87 жыл
табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан
Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық
банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі
барынша сараланған қаржылық құрылымдардың
бірі.
«Қазақстан Халық Банкі»
АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ
банкінің негізінде қайта құрылды және
біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы
мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті
болып келді.
2001 жылы жүргізілген
Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде
Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және
барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну
мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын
жасауға қол жеткізді.
Банк Visa International және
MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын
шығарады және қазақстандық пластикалық
карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы
болып келеді. Банктің эалпы шығарылған
карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен
асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер
арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша
үлесі 40 пайыздан асады.
Банк операцияларын
жүргізуге берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы
Бас лицензия.
Банк тарихынан
Қазақстан Халық Банкінің
тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ
жүйесінің құрылу және даму тарихы.
«Қазақстан Халық Банкі»
АҚ-ның негізі қайта құрылған Қазақстан
Республикасы Жинақ банкінің базасында
қаланған.
Еліміздегі алғашқы
жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс
жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық
қарым-қатынастар қалыптаса бастаған
кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын,
кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру)
және индустрияландыру науқандары жүргізілген
тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО
Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты
1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың
және көпшілікке таратудың жаңа белесі
басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы
ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде
республикадағы мұндай кассалар саны
335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ
кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық
кассалар қызметіне жалпы басшылықты
іске асырды. Кейінгі жылдары олардың
саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының
қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер
мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту
мақсатында жинақ кассаларын тікелей
зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда,
байланыс мекемелерінде және басқа
да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға
алынды.
Социалистік қоғамда
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық
және қаржылық қатынастардың өзі әрбір
кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары
қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа
қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі
қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан
тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында
да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен
қатар мемлекеттік заем облигацияларының,
басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша
мерзімді несиелер берумен айналысты.
Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар
қаржылық және банктік операцияларды
жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ
ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып,
біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз
рет мемлекеттік заем шығарылды, оның
үшеуі - натуралдық заем түрінде болды
да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық
заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен
есептелетін заемдар реформа кезеңіне
дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ
ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен
қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың
және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде
халық шаруашылығының қарқынды дамуымен,
еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының
айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды.
Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар
шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының
44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген
солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай,
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар
облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков,
«Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).
60-жылдардың басында
жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер,
коммуналдық және басқа қызметтер ақысын
қабылдау операцияларын жүргізу қолға
алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының
құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті
кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек
кассаларының және шаруашылық қызметпен
айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы
шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының
жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ
колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын
қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып,
шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару
операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан
әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің
маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген
реформа айналымдағы ақша массасын бақылау
және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде
ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа
қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық
құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді,
сондықтан аталған реформа ақша белгілерін
ауыстырумен және сомның жаңа бағамын
белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан
бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің
құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк
қарамағына берілді, халық салымдарының
қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын
толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың
аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне
жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол
жылдары халық шаруашылығына кредит беруге
күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал
оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы
жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа
бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру
көзделді: орталық банк және арнаулы банктер.
Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО
Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және
заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік
арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке
қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында
үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл
осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің
құрылымдық банкингке және функционалдық
қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға
алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз
ресми түрде жарияланған соң бір жылдан
кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының
Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі
ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан
Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан
Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық
тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта
құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын
ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті
өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық
банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету
қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі
күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша
кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік
технологиялардың соңғы жетістіктерін
пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен
іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ
Қазақстан Халық Банкі республикадағы
аса ірі операциялық банк болып танылды.
Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы
өзінің сол айқындамасынан ауытқымай,
қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға
ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде
акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен
Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан
Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын
«Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік
қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулыларына,
оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан
№ 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ
банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің
негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына
сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту
бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында
өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан
Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын
акцияларды бақылау пакетін және оған
қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі
тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық
қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа
банктік технологияларды үздіксіз ендіру,
қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ
салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша
толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған
ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы
дамыған «сатылас біріктірілген» банктік
құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі
заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің
басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы
төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа
да төлемдерді қабылдау, шағын және орта
кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге
есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету
міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Рейтингтер
Moody's Investors Service
Шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттер
Ba2
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді депозиттер
Not prime
Қаржылық тұрақтылық рейтингі
D-
Рейтинг болжамы
Тұрақты
Standard and Poor`s
Контрагенттің ұзақ мерзімді рейтингі
В+
Контрагенттің қысқа мерзімді рейтингі
B
Рейтинг болжамы
Тұрақты
Fitch Ratings
Шетел валютасындағы эмитенттің дефолт ұзақ мерзімді рейтингі
BB-
Шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтинг
B
Тұрақтылық рейтингі bb-
Жеке рейтинг
D
Қолдау рейтингі
4
Ұзақ мерзімді рейтингке болжамы
Тұрақты
01.09.2004 ж.
2004 жылдың 2-ші тоқсаны бойынша баланстық есеп және кіріс пен шығыс туралы есептер Прим 30 июня
2004 года 31 декабря
2003 года
Активы
Деньги и их эквиваленты 19.568.695 13.415.347
Обязательные резервы 5.470.635 5.212.050
Торговые ценные бумаги 3 33.829.091 39.914.328
Средства в кредитных
учреждениях 4 1.822.120 7.290.
Инвестиционные ценные бумаги:
- годные для продажи 5 3.105.224 3.231.735
- удерживаемые до погашения 5 16.174.567 6.443.
Займы клиентам 6 197.749.564 163.
Текущие налоговые активы 85.924 199.373
Основные средства 7.176.874 7.322.490
Прочие активы 3.700.147 2.605.196
Итого активов 288.682.841 249.523.242
Обязательства
Средства Правительства и НБРК 796.335 528.514
Средства кредитных
учреждений 8 64.360.182 61.
Средства клиентов 9 186.737.744 154.
Задолженность по дивидендам 174.904 366.253
Налоговые обязательства 259.361 182.686
Резервы 7 1.160.214 920.576
Прочие обязательства 1.575.822 778.847
Выпущенные субординированные долговые ценные бумаги 10 8.376.744 8.582.604
Итого обязательств 263.441.306 228.081.728
Доля меньшинства 178.192 203.256
Собственный капитал 11
Уставный капитал
- простые акции 7.422.628 7.422.600
- привилегированные акции 2.474.200 2.474.200
Дополнительно оплаченный капитал 2.191.180 2.191.872
Собственные акции (16.521) (15.739)
Резервы 336.062 367.951
Нераспределённый доход 12.655.794 8.797.374
Итого собственного капитала 25.063.343 21.238.258
Итого обязательств, собственного капитала и доли меньшинства 288.682.841 249.523.242
Финансовые и условные
обязательства 12
01.01.2003 ж.
2002 жылдың 4-тоқсаны
бойынша баланс
Балансовый отчет по состоянию на 1 января 2003 года
Активы в тысячах
I. Наличные деньги 5591117
II. Корреспондентские счета и вклады в Национальном Банке Республики Казахстан 1576240
III. Аффинированные драгоценные металлы 2007