Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:09, реферат
Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.
Кіріспе
Бухгалтерлік есептің пайда болуы
Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері
Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен функциялары
Қорытынды
Америкалық ант беруші бухгалтерлер институтының мәлімдеуінше, бухгалтерлік есептің міндетті қызметі (функциясы) - басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық сипаттағы сандық ақпараттарды дайындау.
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
1. Субъектінің шаруашылық қызметі туралы мәліметтерді ары қарай пайдалану үшін оларды тіркеу жолымен өлшейді;
2. Керекті сәтке дейін сақтай отырып, мәліметтерді өңдейді, ал содан кейін олар пайдалы ақпараттарға айналу үшін қайта өңдейді
3. Қорытынды есеп беру арқылы ақпараттарды оларды пайдаланушылар шешім қабылдау үшін тапсырады.
Бухгалтерлік есеп пен шоттарды жүргізудің айырмашылығы – шоттарды жүргізу (орыс. – счетоводство, eng. - bookkeeping) – бухгалтерлік есепті жүргізу процесі, шаруашылық операциясын тіркеу және есептік құжаттарды сақтау құралы. Бұл үдеріс – бухгалтерлік есептің бір ғана бөлігі. Бухгалтерлік есепке жүйелер дизайны, смета құру, шығындарды талдау, аудиторлық тексеру, табыс салығын есептеу және жоспарлау кіргізіледі.
Бухгалтерлік есеп – басқару ақпараттық жүйенің қаржылық орталығы. Ол басқару аппаратында да, сыртқы пайдаланушыларда да кәсіпорынның шаруашылық қызметінің толық көрінісінің бар болуына мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеттері:
1. Субъектіні, сонымен бірге басқа
да мүдделі тұлғаларды оның шаруашылық қызметі туралы
2. Субъектінің шаруашылық
Бухгалтерлік есепті зерттеу білім алуға және маңызды басқару шешімдерін қабылдай білуге мүмкіндік береді. Есептік ақпараттар кәсіпорын ішінде де, одан тыс жерде де ондай шешімдерді қабылдауға негіз болады. Ол үш бірдей міндетті қызметті (функцияны) – жоспарлауды, бақылауды, бағалауды – жүзеге асыру үшін басқару аппаратын сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді.
1. Жоспарлау (planning) - іс әрекеттердің тәртібін, тұжырымдау процесі. Ол мақсаттың қойылуын, оған жету жолдарының іздестірілуін және ең жақсы алтернативтің таңдалуын қамтиды. Бұл сатыда бухгалтер кәсіпорында бар қаржылық альтернативтер туралы анық қорытынды есепті дайындап тапсыруға міндетті. Келешекке жоспар жасау үшін ақша қаражаттарына деген қажеттіліктер және болжамды таза табыс туралы ақпараттың маңызы зор.
2. Бақылау (control) – жоспардың орындалуын қадағалау процесі. Бұл сатыда бухгалтер нақты шығындар мен табыстардың жоспармен салыстыруынан тұратын ақпараттарды дайындауға тиісті.
3. Бағалау (evaluation)
– барлық қабылданған шешімдер жүйесін,
оларды жақсарту мақсатында зерттеу процесі.
Бұл кезеңде бағалау ақпараты жылдық және
басқадай қаржылық қорытынды есептерде
бухгалтерлік ақпараттардың негізінде
көрсетіледі.
Қорытынды
Бухгалтерлік есептілік ежелгі кезден бастап өмірлік қажеттіліктен пайда болған ғылым. Ол адамзаттың дамуының әрбір сатысында адаммен бірге дамып отырды. Ежелгі палеолиттен бастап-ақ адамдарда шаруашылықты жүргізудің білімімен үстірт болса да таныс болған. Кейін біртіндеп өндірісте пайда болатын әрбір қарым-қатынастың, іс-әрекеттің нәтижесінде шаруашылық қызметті қадағалау, өнімді тексеру күрделене түсті. Осылайша барлық өнімдерді тіркеп отыру қажеттілігі туындады. Ежелгі адамдар осы шаруашылықты жүргізуді жетілдіру мақсатында алған білімдерін бір жүйеге келтіруге әрқашан да ұмтылған. Кейін экономикалық сана қалыптаса бастады. Адамдар шаруашылықты жүргізу кезінде қабылдаған шешімдерін және атқарған іс-әрекеттердің нытижесін талдауға және олардың арасындағы байланысты таба білуге ұмтылған. Бұл бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуының алғышарттары еді.
Ал бухгалтерлік есептің ғылым ретінде гүлденуі орта ғасырларға сәйкес келеді. Мұнда әсіресе лука Пачоли сынды ғалымдардың еңбегі зор. Бухгалтерлік есеп тек қана ғылым емес. Бұл ғылымнан да көлемді зат. Себебі бухгалтерлік есепсіз адамзаттың қазіргі даму деңгейі мүмкін емес болушы еді.
Бухгалтерлік есептің
Бухгалтерлік есеп – күнде
пайдаланылатын ақпараттарды
Қорытындылай келе, бухгалтерлік
есеп - өмірлік қажеттілік. Есепсіз ешбір
кәсіпорын да, мемлекет те дұрыс дами алмайды.
Онсыз нарықтың да, өндірістің де дамуы
мүмкін емес.
Пайдаланылған әдебиеттер: