Бухгалтерлік есептің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 11:09, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есеп адамзаттың дамуымен бірге өте ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.

Содержание

Кіріспе
Бухгалтерлік есептің пайда болуы
Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері
Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен функциялары
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

БУ.docx

— 44.25 Кб (Скачать)

Бухгалтерлік есептің даму тарихын білу арқылы осы саланың экономикалық өмірге аса қажет болғандығын және экономиканың сатылы кезеңдерге сай қайта құрылуына байланысты шаруашылық үрдістегі фактілердің қалыптасу кезеңдерін сипаттай білу мүмкіндігі туындайды. 
Ерте заманда бухгалтерлердің өз таңбасы болған. Бухгалтерлердің интернационалдық таңбасында - Күн, Таразы және Бернуллидің қисық сызығы белгіленіп, бұл таңбаға «Ғылым - Ұлттық - Тәуелсіздік» деген сөздер жазылған. 
Күн - қаржылық әрекеттің жарық болуын, таразы - баланстық теңдікті, ал Бернулли сызығы - есептің бір кезде пайда болып, өмір бойы жүргізілетіндігін бейнелеген. «Есеп» термині құдайдың құпиясы мағынасында қаралған. Ертедегі Египетте фараондар үйінің «бас бухгалтері» Неферхотеп дейтін философ болыпты. «Ақылы терең, жүрегі шыдамды, шындық іске қуанатын, әділетсіздікке сыртын көрсететін, қолы таза, жамандықты қуатын, шындықты жаза білетін, өтірікке бармайтын» (М.И.Кутер «Теория бухгалтерского учета». 8-ші беті) деген нақыл сөздерді жазып қалдырған осы Неферхотеп болса керек. Жазылған кітаптар мен ғылыми және тарихи мақалаларға сүйенсек, бухгалтерлік есеп тарихы алты мың жылды құрайды екен. 
Бухгалтерлік есеп жүргізудің бастапқы негізін салушы ерте замандағы зерттеуші түлғалар, біздің пайымдауымызша, өте талантты, асқан білімді, ойшыл адамдар болса керек. 
Бухгалтерлік есептің дамуы тарихындағы бірінші мың жылда есеп объектілері, есеп жүргізудің әдіснамалары, түгендеуші есеп өрісінде ғана өзгеріске түсіп отырған. Түгендеуші есепті күні бүгінге дейін орыс тілінде қарапайым «униграфиялық» есеп деп атайды. Жер бетіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайлардың дамып, шаруашылық жүргізу әдістері қайта құрылып, қызмет түрлерінің көлемі артып, шаруашылық жүргізу үшін қажетті мүліктер мен мұның құрамы әр түрлі болатындығы, бухгалтерлік есептің пәні мен әдіснамасы өрісінде таныла бастаған. Дей тұрғанмен есеп жүргізудің мақсаты өзгеріске түспейтіндігін мұның өзі қолда бар мүліктер мен шаруашылық айналысына түсуші жақтармен есеп айырысып отыруға арналған мағына екендігі мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан үрдіс. Осыдан бес мың жыл бұрын счеттар жүргізу әдісі, есеп объектілерін жүйелеудің жолдары, мүліктерді түгендеу, контокорренттік өзара есеп айрысу және шығындар жұмсаудың сметасын жасау әдіснамалары пайда болған. Екіжақты жазу жүйесі адамзат тарихының дамуындағы ашылған үлы жаңалыққа жатады. Екіжақты жазу қарапайым жазу принципіне негізделген. Счеттарға жазу тек қана бірақ рет, бір счеттың дебетіне немесе бір счеттың кредитіне бірақ рет жазылатын болған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар:  

Кіріспе

    1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы
    2. Бухгалтерлік есептің дамуының кезеңдері
    3. Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен функциялары

Қорытынды  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бухгелтерлік есептің даму тарихы

Бухгалтерлік  есеп адамзаттың дамуымен бірге өте  ерте кезде пайда болды. Бухгалтерлік есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін  нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Есеп болмаған және оның өмір сүре бастаған дәуірлері белгілі, ал бірақ оларды шектеу қиын әрі ойлауға болмайтын жайт.   

  Жалпы адамзат өмірінің, адамзат қоғамы өмірінің негізі – материалдық өндіріс процесі. Осы материалдық өндіріс процесі дамуының белгілі бір кезеңде оны сандық түрде көрсету қажеттілігі және мүмкіншілігі туындады. Шаруашылықты өлшемсіз (салмағы және саны), кірістер мен шығыстарды салыстырмай, біріншісінің екіншісінен асып түсуін болдырмай жүргізу мүмкін емес. Осы кезде есеп пайда болды және ол барлық уақытта материалдық өндіріс процесіне қызмет көрсетті, сонымен бірге жетілдіріліп отырды.       

    1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы
 

      Алғашқы қауымдық  құрылыстың өзінде-ақ адамдарды  өздерінің өмірін сақтап қалу және ұзарту үшін қанша тамақ табу керек екендігі толғандырып, есеп есте сақтау арқылы жүргізілсе, құл иеленушілік құрылыс кезінде ауыл шаруашылығындағы өнімдерді, қолөнер  өнімдерін өндіру ұлғайып, есеп жүргізудің қажеттілігі туындады.   

   Ертедегі Египетте (ирригациялық) пирамида құрылысы жақсы дамыды. Құрылысты басқаратын терең білімді адамдармен бірге есеп жүргізетін мамандар да қажет болды. Арнайы мектептерде дайындалған мамандар (жазғыштар) әр түрлі қаттардың кіріс, шығысының есебін жүргізіп, белгілі бір мерзімге олардың қалдықтарын анықтай алатын болды. Египетте есеп жүргізуші кітап – ұзындығы 10-12 м болатын папирус лентасы болды. Ондағы мәліметтер ұзақ уақытта сақталды.   

  Қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген көптеген әдістер мен тәсілдер ерте кездің өзінде-ақ (5-6 мың жыл бұрын) пайда болды. Біріншіден, шаруашылық құралдар тегіне қарай топтастырылды. Екіншіден, шаруашылық құралдары қозғалысының есебі жүргізілді. Үшіншіден, есеп бақылау жасау құралы ретінде пайдаланылды.  

  Есеп жүргізу деңгейі ертедегі Греция мен Римде де мейілінше жоғары болды. Себебі ертедегі гректер шығыс пен батыстағы ұлан ғайыр территорияда сауда-саттық  жүргізген. Есеп жүргізу үшін олар да папирусты қолданған, бірақ ағымдағы жазуды орындау үшін тақтайдан жасалып, балауыз жағылған кестелер пайдаланылды.    

  Ертедегі римдіктер де бұл балауыз жағылған тақтай кестелерді бір-біріне кітап сияқты етіп байлап, оларды «Кодекстер» деп атады.   

  Орта ғасырларда Рим империясының есеп мамандарына инвентарлық кітап, кіріс-шығыс кітаптары белгілі болды. Олар қазіргі касса, кассир, кассалық жазу, шоттарды жабу, сальдоны (қалдықты) анықтау деген терминдерді білді.   

  Орта ғасырлардың аяғында бухгалтер деген термин Австрияда пайда болды. 1498 жылы Қасиетті Рим империясының императоры Максимилиан-I бірінші бухгалтер етіп Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехерді тағайындады. Осы оқиға жайлы Вена мемлекеттік мұражайында әлі күнге дейін сақтаулы император Максимилианның 1498 ж. 13 ақпанындағы бұйрығы куә. Осы уақытқа дейін мұны ақылы есеп жазбаларымен айналысатын «кезбе жазушылар» жүзеге асырып келді. Жоғарыда келтірілген күн «бухгалтер» және бухгалтерия ұғымының таралуының бастамасы болып саналады. Сол кезде бухгалтер мамандығына өте жоғары адамгершілік талаптар қойылатын. Кейбір елдерде бухгалетрдің адамгершілік қасиетіне қарап, оны қазіргі уақытқа дейін шіркеу қызметкерінен кейінгі екінші орынға қояды. 

Осы кезеңнен бастап біздің ғылымның және кәсібіміздің атауы есеп регистрінің негізгі  түрі – кітаппен байланысты болды.   

  Есептің жетілдірілуі ескі және жаңа италиялық екі жақты бухгалтерияның пайда болуына жағдай туғызды. Екі жақты жазудың өмірге келуі адамзат қоғамының өмірі эәне шығармашылығы үшін ауқаттылық жасаған меншік капиталының дамуына (мүмкіндік жасады) жол ашты. Екі жақты жазу жүйесі XIII-XIV ғғ. дүииеге келді, оны солтүстік Италияның сауда орталықтарында қолданған еді. Генуяның муниципалдық жазуларында табылған екі жақты жазудың жүйесі 1340 жылмен көрсетілген.      

Одан  ерте екі жақты жазу 1299-1300 жж, Францияда  Шампань провинциясындағы фирмада анықталған.      

Бухгалтерлік  есеп туралы ғылым ретінде 1458 ж. Бенедетто  Катрульи өзінің кітаптарында жазған.   

  Ескі италиялық бухгалтерияның негізгі ерекшеліктері – есеп жүргізуші екі кітапты: журналды және  Бас кітапты болып көрсетілуі. Журналда хронологиялық жазулар жазылса, Бас кітапта топтастырылып жазылды. Кітаптың барлық парағы номерленді жіне бір парақтың жоғалуы кітаптың құнын айтарлықтай түсірді.   

  Бухгалтерлік есеп туралы бірінші кітапты 1494 жылы италиялық ғалым-математик Лука Пачоли жазды. Лука Пачоли алғаш рет бухгалтерлік есеп туралы білімді бір жүйеге келтірді. Оның осы «Арифметика, геометрия салалары, пропорциялар және қатынастар туралы ілім» деген кітабында «Шоттар және жазулар туралы трактаттар» деп аталатын бөлімінде екі жақты бухгалтерияны жүргізу әдісін көрсетеді. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:

  • Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі еркдиттік айналымдардың сомасына тең;
  • Дебеттік қалдықың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.

Постулаттардың  мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындарды шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың  әмбебап сипатын нақты көрсетеді.   

  Ал жаңа екі жақты бухгалтерияда синтетикалық және талдамалық (аналитикалық) шоттар пайда болды.   

  Ал есептің мемориалдық кассалық (немістік) нысаында журнал екі журналға бөлінеді: кассалық журнал және мемориал.   

  Кейін XIV ғ. ортасынан бастап есептің журналды жүйесі пайдаланылса, XX ғ. басында Бас журнал  немесе америкалық нысаны пайдаланылатын болды. Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады.  Бұл нысан есептің процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.     

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап  компьютерлік бағдарлама -  «1С Бухгалтерия». Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге» принципі бойынша құрылған. Оны  қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.  

    1. Бухгалтерлік  есептің дамуының кезеңдері
 

     Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

  1. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ аяғына дейін;
  2. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;
  3. XIX ғ. соңы – XX ғ. басы;
  4. XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.
 

     Бухгалтерлік есептің алғашқы даму кезңіне екі жақты жазу әдісінің кеңінен таралуы тән болып табылады.     

Екінші  кезеңнің тарихи маңыздылығына келсек онда онда «есептеу» ғылымының басты  бағыттары анықталған, ал бұдан кейін  оның одан әрі дамуы сипат алды. Осы кезеңде есептеу нысандары бойынша жұмыстардың көптеген саласы шығады, есептеудің сан алуантеориялары туындайды: Францияда – заңдық, Италияда – материалистік, Германияда – камералдық .     

Үшінші  кезең, өз мәні бойынша, бухгалтерлік есептің  ғылыми ілімдердің бір саласы ретінде қалыптасқан кезеңі болып саналады. Осы жылдары бухгалтерлік есептің бірқатар анықтамалары мен мақсаттары қалыптастырылды.     

Есептеуге ғылыми анықтама беруге алғашқылардың  бірі болып күш салған итальян  мектебінің оқымыстылары саналады. Мәселен, Франческо Вилла (1801-1884) есептеу кітап жүргізу өнеріне қажет экономикалық және әкімшілік ілімдерден тұрады деп есептеді. Осы кезеңде әр түрлі ғалымдар айтқан бухгалтерлік есептің анықтамалары бухгалтерлік есепті тәжірибелік қызметтің нысандарының бірі деген көзқарастан бас тартуға мүмкіндік берді, оның ең басты мақсаты кәсіпорын меншігіндегі мүліктерге бақылау жасау болып табылады.     

Бухгалтерлік  есептің төрінші даму кезеңі сыртқы нарықтык орта жағдайында қазіргі бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының  айқындалуымен сипатталады.     

Есептің ерекше маңыздылығын қуаттай отырып, 1946 ж. бухгалтерлердің халықаралық  конгресі француз ғалымы Ж.Б. Дюмарше ұыснған күннен, таразыдан және Бернулли қисығынан тұратын әрі «Ғылым, сенім, тәуелсіздік» ұраны сызылған бухгалтерлердің елтаңбасын бекітті. Онда көрсетілген күн бухгалтерлік есептің шаруашылық қызметтің қаржысымен сәулеленіп тұрағнын, таразы – балансты, яғни тепе-теңдікті, ал Бернулли қисығы бір кезде жасалған есеп мәңгі өмір сүреді деген мағынаны білдіреді.       

Ал XIX ғ. аяғында есептің шахматтық  нысаны пайдаланылса, қазіргі кезде  есептің автоматтандырылған нысаны пайдаланылады.  Бұл нысан есептің  процесті бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін  кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді.     

Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйесінде ерекше орын алатын әмбебап  компьютерлік бағдарлама -  «1С Бухгалтерия». Бұл бағдарлама «карапайымнан күрделіге» принципі бойынша құрылған. Оны  қарапайым операциялар үшін де, есеп регистрлерін, Бас кітапты, жекелеген қорытынды есеп нысандарын құру үшін де пайдалануға болады.  

    1. Қазіргі бухгалтерлік есептің мәні мен функциялары
 

     Бухгалтерлік  есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қажылық  ақпараттарды өлшеуді, өңдеуді және тапсыруды жүзеге асырушы жүйе. Бұл ақпараттар оларды пайдаланушыларға (тұтынушыларға) субъектінің шаруашылық қызметіне басқару жүргізудің альтернативтік вариантарын таңдау кезінде негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пайда болуы