Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:28, реферат
Шаруашылық есептің туындауы, түрлері
Бухгалтерлік есеп дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның іс-жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Тура реттелетін баптар баланстың негізгі бабына қосымша болып табылады,ал контрарлық баптар негізгі баптардың шамасын азайтуды көрсетеді және баланста минус таңбасымен көрсетіледі.
Реттеуші баптардан
тұратын бухгалтерлік баланс-бр
Баланс 5 бөліктен тұрады:
1 Ұзақ мерзімді активтер( материалдық емес активтер (МЕА), негізгі құралдар (НҚ) және т.б.)
2. Ағымдағы активтер (1 жылдан кем).
3. Меншікті капитал.
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер (1 жылдан астам).
5. Қысқа мерзімді міндеттемелер (1 жылдан кем).
1 –кесте.
Актив |
МКМ |
І. Ұзақ мерзімді активтер
ІІ. Қысқа мерзімді активтер
|
І. Меншікті капитал
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
ІІІ. Қысқа мерзімді міндеттемелер
|
Салыстыру үшін баланс кестесінде жылдың басында және соңындағы көрсеткіштер келтіріледі. Балансты механикалық өңдеу үшін кестенің әрбір баптары кодталады. МКМ мен активтің әрбір бөлігі бойынша жиыны есептеледі. Активтер мен МКМ тең болуы тиіс.
Баланс негізінде ұйымның қаржылық жағдайы, яғни қарсы қойылып салыстырылатын капиталдағы, ұйымға тиесілі экономикалық ресурстардың бар –жоқтығы жайлы пікір айтылып, талқыланады. Қаржылық жағдайды уақыттың қайсібір сәтінде ғана (заңнамаға сәйкес – есепті жылдың 31 желтоқсанында) анықтауға болады.
Шаруашылық операция әсерінен баланстың өзгерісі
Бухгалтерлік баланс белгілі бір уақытта жасалып, қаражаттың жағдайы мен олардың шығу көздерін бейнелейді. Шаруашылық іс-әрекет үдерісінде қаражат тоқтаусыз қозғалысы, олардың құрамының, орналасуының және пайда болу, қалыптасу көздерінің өзгеруі болып жатады. Субъектінің іс- әрекеті барысында жабдықтау, өндіріс, өткізу процестерінің бөлігі болып табылатын және қаражат құралы мен олардың шығу көздеріне тағы сондай өзгерістерді туындататын шаруашылық операцияларын іске асырады. Олар балнста тиісті баптардың ұлғаюы мен кішірейткен түрінде бейнеленеді, кей жағдайларда баланста жаңа баптар пайда болады немесе жоғалып кетеді.
Баланстағы өзгерістер құрылымы бойынша шаруашылық операциялары 4 типке бөлінеді:
1- тип: кәсіпорын құралдары құрамында өзгерістер туғызады және тек қана баланс активінің баптарын қозғайды. Мысалы, кассаға есепті (ағымдағы) шоттан жалақы мен бақа шығындарды төлеу үшін 150 000 теңге мөлшерінде ақшалай қаражат түсті.
451 (1010) «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша » шот дебеті, 150 000тг.
441 (1040) «Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 150 000тг.
Актив |
Сома, теңге |
МКМ |
Сома, теңге |
Кезең басындағы жиынтық сома Кассадағы қолма-қол ақша Ағымдағы шоттағы ақша |
300,0
+150,0
-150,0 |
Кезең басындағы жиынтық сома |
300,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
300,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
300,0 |
А+А-; баланс сомасы өзгермейді; А= МКМ.
2-тип: тек қаражат көздері құрамында ғана өзгерістер туғызады. Мысалы, қысқа мерзімді кредит есебінен жабдықтаушының 200 000 теңге шоты төленді.
671 (3310) «Төлемге арналған шоттар » шот дебеті, 200 000тг.
601 (3010) «Банктің қысқа мерзімді қарызы» шот кредит, 200 000 тг.
Актив |
Сома, теңге |
МКМ |
Сома, теңге |
Кезең басындағы жиынтық сома |
300,0
|
Кезең басындағы жиынтық сома Қысқа мерзімді қарыз Жабдықтаушылармен есеп айырысу |
300,0
+200,0
-200,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
300,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
300,0 |
П+П-; баланс сомасы өзгермейді; А= МКМ.
3- тип: шаруашылық құралдарын және олардың шығу көздерін теңбе – тең сомаға көбейтеді. Мысалы, жабдықтаушылармен есеп айырысу алынбаған 250 000 теңге сомасына материалдар алынды.
201 (1310) «шикізат пен материалдар» шот дебеті, 250 000тг.
671 (3310) «Төлеуге арналған шоттар» шот кредиті, 250 000 тг.
Актив |
Сома, теңге |
МКМ |
Сома, теңге |
Кезең басындағы жиынтық сома Шикізатпен материалдар |
300,0
+250,0 |
Кезең басындағы жиынтық сома Жабдықтаушылармен есеп айырысу |
300,0
+250,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
550,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
550,0 |
А+П+; баланс сомасы көбейеді; А= МКМ.
4- тип: қаражаттың және олардың шығу көздерінің бірдей сомаға азайтылуын сипаттайды. Мысалы, қызметкерлерге кассадан 120 000 теңге жалақы төленді.
681 (3430, 4230) «қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шот дебеті 120 000 тг.
451 (1010) «Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша» шот кредиті, 120 000 тг.
Актив |
Сома, теңге |
МКМ |
Сома, теңге |
Кезең басындағы жиынтық сома Кассадағы қолма-қол ұлттық ақша |
300,0
-120,0
|
Кезең басындағы жиынтық сома Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу |
300,0
-120,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
180,0 |
Кезең соңындағы жиынтық сома |
180,0 |
А-П-; баланс сомасы азаяды; А= МКМ.
Баланс актив, пассив баптарының өзгерісіне
әсер ететін шаруашылық операциялары
Шаруашылық операциялардың әсерінен бухгалтерлік баланстың өзгеруі.
Бастапқы бухгалтерлік баланс
Актив |
∑ |
Пассив |
∑ |
Материалдар Есептік шот Касса
|
20000 80000 1000 |
Өткен жылдың пайдасы Кредиторлармен есеп айырысу:
|
50000
20000 30000 1000 |
Баланс |
101000 |
101000 |
Шаруашылық операцияның I-ші типі: Екі активтік шоттар арасында өзгеріс болады. (А+ А-). Мысалы: Есептік шоттан кассаға 1000 теңге түсті.
I-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс
Актив |
∑ |
Пассив |
∑ |
Материалдар Есептік шот Касса
|
20000 79000 2000 |
Өткен жылдың пайдасы Кредиторлармен есеп айырысу:
|
50000
20000 30000 1000 |
Баланс |
101000 |
101000 |
Баланс валютасы өзгерген жоқ, баланс теңдігі сақталған.
Шаруашылық операцияның II-ші типі: Екі пассивтік шот арасында өзгеріс болады. (П+ П-). Мысалы: Еңбекақыдан 1500 теңге ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталынды.
II-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс
Актив |
∑ |
Пассив |
∑ |
Материалдар Есептік шот Касса
|
20000 80000 1000 |
Өткен жылдың пайдасы Кредиторлармен есеп айырысу:
|
50000
20000 28500 2500 |
Баланс |
101000 |
101000 |
Баланс валютасы өзгерген жоқ, баланс теңдігі сақталған.
Шаруашылық операцияның III-ші типі: Активтік және пассивтік шоттар арасында өзгеріс болып, сома өседі. (А+ П+). Мысалы: Жабдықтаушылардан 10500 теңге материалдары келіп түскен, бірақ ақысы төленбеген.
III-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс
Актив |
∑ |
Пассив |
∑ |
Материалдар Есептік шот Касса
|
30500 80000 1000 |
Өткен жылдың пайдасы Кредиторлармен есеп айырысу:
|
50000
30500 30000 1000 |
Баланс |
111500 |
111500 |
Баланс валютасы
операция сомасына ұлғайды (
Шаруашылық операцияның IV-ші типі: Активтік және пассивтік шоттар арасында өзгеріс болып, сомасы кеміді. (А- П-). Мысалы: Жабдықтаушы шотына есептік шоттан 30500 теңге төленді.
IV-ші операциядан кейінгі бухгалтерлік баланс
Актив |
∑ |
Пассив |
∑ |
Материалдар Есептік шот Касса
|
30500 48500 2000 |
Өткен жылдың пайдасы Кредиторлармен есеп айырысу:
|
50000
28500 2500 |
Баланс |
81000 |
81000 |
Информация о работе Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер