Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 08:28, реферат
Шаруашылық есептің туындауы, түрлері
Бухгалтерлік есеп дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның іс-жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер.
Шаруашылық есептің туындауы, түрлері
Бухгалтерлік есеп дүниежүзіндегі кез-келген бухгалтерияның іс-жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
1. есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
2. оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3. шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты – адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы. Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде тіркелді.Ертедегі Мысырдағы папирустар хронологиялық тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте заманда Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар – бастапқы құжаттар (картотека тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент, папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына , қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Экнономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:
- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері; өткізу жөніндегі шығындар (буып – түю, орау, іріктеу, тасымалдау); субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептелінеді
Шаруашылық құралдарының құжатпен рәсімделген қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне жедел және оперативті, статистикалық және бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп – кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген деректерін сол болған сәтінде, тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа шығу, шықпау есебі, автокөлік,оның жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен тіркеу жүйесі болып табылады. Оперативті есептің негізгі талабы – мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспетчерлер, бақылаушылар және т.б. қызметкерелер жүргізеді.
Статистикалық есеп – экономиканың әртүрлі салаларында жалпылама-көпшілік сипаты бар құбылыстарды, жалпы қоғамдық құбылыстарды, олардың салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңының 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрдеі әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын атқарады.Бухгалтерлік есеп: теорияға,қаржылық және басқару есептеріне бөлінеді.
Салықтық есеп – бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Есепте қолданылатын өлшемдер.
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі – есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем, ұзындық бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, сұрыптары, мөлшері және т.с.с., шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар) еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің көмегімен заттай өлшеуіштер үлестіріліп, өнімділік мөлшері белгіленеді, еңбек өнімділігі, жұмыс уақыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер – (теңге, тиын) шаруашылық құрылдарын, олардың пайда болу көздерін, бірдей ақшалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте қолдану тек кәсіпорын, сала бойынша емес, бүкіл Республика ауқымында да қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Қаржылық
және басқарушылық есеп және бухгалтерлік
ақпаратты пайдаланушылардың
Бухгалтерлік есеп басқарушылық есеп және қаржылық есеп болып бөлінеді.
Басқарушылық есеп – ішкі пайдаланушылармен өңделетін және тасымалданатын барлық есеп ақпаратын қамтиды.
Қаржылық есеп – ішкі пайдаланушылармен қатар, сыртқы пайдаланушыларға берілетін есеп ақпаратын қамтиды.
Қаржылық ақпаратты
- ішкі;
- сыртқы.
Сыртқы пайдаланушылар екі категориға бөлінеді. Олар:
- субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;
- субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.
Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:
- қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар;
- қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;
- сатып алушылар.
Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:
- салық органдары;
- реттеуші органдар;
- статистикалық органдар;
- басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.
Бухгалтерлік
баланстың мазмұны мен
Баланстың активі мен пассиві
Кәсіпорынның іс-әрекетін оперативті басқаруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорында бар ресурстар, олардың жағдайы, орналасуы мен пайдалануы, сондай-ақ олардың пайда болу, қалыптасу көздері жайлы мәліметтер қажет. Белгілі бір тәртіппен жинақталып, қорытылған, топтастырылған мұндай мәліметтерді баланстың көмегімен алады.
Баланс сөзі латын тілінен аударылғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін білдіреді.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың, ұйымдардың рынок экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.
Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Бухгалтерлік баланс екі
Кәсіпорының шаруашылық
Баланстың оң жағы пассив деп аталады және кәсіпорынның шаруашылық қызметіне салынған қаражаттың шамасын,оның шаруашылық құралдарын құруға қатысу нысанын көрсетеді.
Баланс актив пен пассив
Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:
Баланс баптары мен бөлімі
Бірінші бөлімінде шаруашылық құралдарының құрамы, орналасуы, қолданылуы, ал екінші бөлімінде қаражаттың пайда болу көздері мен мақсатты белгілеуі көрсетіледі. Меншікті капитал мен міндеттемелердегі (МКМ-дағы) актив қаражатының әрбір жекелеген түрі немесе оның шығу көздері баланс баптары деп аталады.
Баланс баптарының
топтар мен бөлімдерге
Информация о работе Бухгалтерлік есептің ерекшеліктері. Есепте қолданылатын өлшеуіштер