Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:13, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды.

Содержание

І КІРІСПЕ.....................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы...............................................................................................4
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат..................................................................................................................8

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы.........................................................8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)..................................................................................................................10
3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы...............................................................................................13
3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы..................................................13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі.......................................14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі..............................................15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі.......................................17
4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау..........20
4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік.........................................20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі................................................................................................22
5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру................24
5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)................................24
5.2. Фаворит...............................................................................................25
5.3. СЕӨЖ (СОНО)...................................................................................25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................26
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................27

Работа содержит 1 файл

buhgalterlik_eseptin_tzhiribelik_esebi.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Бұл салықтарды филиал өз алдына жеке төлеп және есептеліп  отырады. Бірақ Қазақстан Республикасының  негізгі салықтары бойынша, яғни корпоротивті табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін  тек қана орталық аппараттың «Салықтармен жұмыс жасау» бөліміне тапсырады. Яғни жыл соңында әрбір филиал бойынша жарғыда белгіленгендей ағымдағы жылды қорытындылап, сол жыл үшін есептілікті тапсыру міндет болып табылады. Бірақ бюджетпен есеп айырысуға жауапты тұлға орталық аппаратқа белгіленген салық мерзіміне дейін 10 жұмыс күніне дейін тапсыруы керек. Жалпы салық есептілігінің құжатталуы келесі нысандарда жүргізіледі:

  1. 100.00 – корпоротивті табыс салығы. Орталық аппаратқа жүйеленген кесте түрінде электронды түрде жыл сайын тапсырылады.
  2. 200.00 – жеке табыс салығы. 210.00 резидент еместердің жеке табыс салығы. Салық басқармасына әр тоқсан сайын электронды және қағаз түрінде ұсынылады.
  3. 300.00 – қосылған құн салығы. Орталық аппаратқа жүйеленген кесте түрінде электронды түрде тоқсан сайын тапсырылады.
  4. 600.00 - әлеуметтік салық. Тоқсан сайын салық басқармасына кез-келген нысанда тапсырады.
  5. 700.00 – меншікке салынатын салық бойынша декларация. Әр жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады.
    1. 701.00 – жер салығы бойынша есеп. 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 ақпанға, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 мамырға, 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 тамызда, 1 қазандағы жағдай бойынша 15 қарашада тапсырылады.
    2. 702.00 – көлік құралдарына салынатын салық бойынша есеп. Әр жылдың 5 шілдесіне дейін тапсырылуы керек.
    3. 703.00 – мүлікке салынатын салық бойынша есеп. . 1 қаңтардағы жағдай бойынша 15 ақпанға, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 15 мамырға, 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 тамызда, 1 қазандағы жағдай бойынша 15 қарашада тапсырылады.
  6. 860.00 – жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы. 870.00 -қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. Тоқсан сайын кез-келген нысанда салық басқармасына тапсырылады.

Салық басқармасындағы  салық базасында бюджетпен есеп айырысу бойынша тұлға болып  «ҚТЖ»ҰК»АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының бас бухгалтері Көшкімбаева Б.Қ.тіркелген. Бірақ бухгалтерия бөлімінде тікелей салықпен айналысатын бөлім бастығы Ашуова Г.А. Сол себепті әрбір салық есептілігін тапсырған сайын ол филиалдың басшысы Марков В.Ю., бас бухгалтер Көшкімбаева Б.Қ. атынан сенімхат алып  салық есептілігін тапсыруға құқық алғаннан кейін салық басқармасына өткізеді.

Жалпы филиал өз бетімен жеке дара тәуелсіз қызметпен айналыспайтындықтан  оның кірістерін де, шығыстарын да орталық  аппарат көтереді. Сондықтан салықты  төлеу алдында «Қазақстан Темір жолы»Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы орталық аппаратқа белгілі себептер негізінде қаржыландыруға өтініш жазады. Өтінішке рұқсат берілген жағдайдан кейін орталық аппараттың есеп айырысу шотынан «Шаруашылық басқарма» фииалының есеп айырысу шотынаақша қаражаты аударылады. Түскен ақшаны филиалдың бюджетпен есеп айырысуға жауапты тұлға әр салық бойынша бюджетпен есеп айырысады. Ол келесі корреспонденцияда көрсетіледі:

Операция азмұны

Дебе

Кредит

1

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Орталық аппаратынан «Шаруашылық басқарм» филиалына қаржыландыру болды.

1030

1241

2

Әлеуметттік салық №312 төлем тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 1 тоқсаны үшін төленді

3150

1030

3

Жұмыскерлердің еңбекақысынан  жеке табыс салығы ұсталынды.

3350

3120

4

Жеке табыс салығы № 299 төлем тапсырмасы негізінде 2009 жылдың 1 тоқсаны үшін төленді

3120

1030

5

Қоршаған ортаны ластағаны  үшін және жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы бюджетке аударылды.

3190

1030

6

Мүлік салығы төленді

3180

1030

7

Жер салығы төленді

3160

1030


 

 

 

 

4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі

 

Бастапқыда айтып кеткендей  корпоротивті табыс салығы және қосылған құн бойынша салық бойынша  операцияларсалық басқармасымен тікелей жүргізілмейді. Яғни, «Шаруашылық басқарма» филиалы «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясының» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылғандықтан оның корпоротивті табыс салығы бойынша салық салынатын обьектілері тікелей орталық аппараттың балансына апарылады. Қазақстан Республикасының салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдері туралы кодексінде көрсетілгендей КТС бойынша төлеушілер болып тек қана заңды тұлғалар болып табылады, ал олардың құрылымдық бөлімшелері бұл салық бойынша тіркеуге тұруға құқығы жоқ.

Жалпы корпоротивті табыс  салығы және қосылған құн салығы бойынша кішігірім декларация орталық аппаратқа тапсырылатындықтан ол декларация электронды түрде бір-бірімен жанасқан «Microsoft Office Excell» кесте түрінде тапсырылады. Яғни, бұл дегеніміз Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшысының 2006 жылы 13 желтоқсанда бекіткен декларация түрінде тапсырады.  Оны электронды түрде толтыру барсында келесі тәртіптер сақталуы керек:

  • Кестенің ұяшықтарының форматын өзегртпеу;
  • Филиалдың реквизиттерін толық көрсету;
  • Барлық көрсеткіштерді нақты, бір-бірімен сәйкес келетіндей етіп толтыру;
  • Толтырылуға тиіс барлық қосымшаларды толтыру;
  • Декларацияны толтырғаннан кейін өз қарауымен оған түсініктеме, мазмұнын толықтыратын хат жазу.

Корпоротивті табыс  салығы декларациясы өз ішінде бірнеше  қосымшалардан тұрады. Олар:

    1. Тауарды, қызметті өткізуден түскен кіріс;
    2. Ғимараттарды, құрылыстарды және аммортизациялануға жатпайтын активтерді сатқандағы құн өсімінен түскен кіріс;
    3. Күмәнді міндеттемелер бойынша кірістер;
    4. Сыйақылар;
    5. Басқа да кірістер;
    6. Бағамдық айырма;
    7. Басқару және жалпы әкімшілік бойынша шығыстар;
  1. Өткізілген тауарлар, қызметтер бойынша шығыстар;
  1. Сыйақы бойынша шығыстар;
  2. резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары;
  3. өзге де шегерімдер;
  4. әлеуметтік салға салық салу;
  5. Күмәнді міндеттемелер мен күмәнді талаптар;
  6. қызметкерлерді оқытуға, біліктілігін көтеру үшін кеткен шығыстар;
  7. амортизациялық аударымдар, жөндеуге кеткен шығыстар, тіркелген активтер бойынша аударымдар;
  8. пайдалануға бірінші рет енгізілген тіркелген активтер бойынша аударымдар;
  9. шетелдік, оның ішінде басқа елде салық салуда жеңілдігі бар кірістер;
  10. ҚҚС бойынша Халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылған салық салынатын кірісті есептеу;
  11. шет ел салығын есептеу;
  12. салық міндеттемесін есептеу;
  13. өзге де халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын салық салынатын кіріс;
  14. стандарттық салық жеңілдіктерін алғанда салық міндеттемесін есептеу;
  15. өз өндірісінің тауарларын өткізетін салық төлеушілер тиіс КТС кеміту сомасының есебі;
  16. КТС бойынша декларацямен кірістер және шығыстар туралы есепті салыстыра тексеру;
  17. кен орындарын игеру зардаптарын жоюға аударымдар;
  18. геологиялық зерттеулер мен дайындық жұмыстарының шығыстары, жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары;
  19. бухгалтерлік баланс;
  20. кірістер мен шығыстар туралы есеп;
  21. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (тікелей әдіс);
  22. ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (жанама әдіс);

 

 5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру

 

5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)

 

Бұл бағдарлама Америка  Құрама штаттарының ең жоғары білікті  мамандары ойластырып шығарған Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Темір  жол» Ұлттық компаниясы» АҚ арнайы бағдарламасы. Бұл бағдарламаны Қазақстан  Республикасы бойынша «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның таралған филиалдары, орталық аппараты бір база бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан бұл бағдарлама Республикалық деңгейдегі ауқымды, көпдеңгейлі бағдарламаның бірі болып табылады. Оның ішінде бухгалтерлік есептің барлық негізі қалыптасқан. Жалпы бұл бағдарламаның басқа бағдарламадан аййырмашылығы өте көп. Бұл бағдарламаның базасы арнайы сәйкестендірілген, бекітілген, барлық қауіпсіздік техникалық қауіпсіздігі сақталған ғимаратта орналасады. Оның қорытындылары бойынша ай сайын жауапты тұлғалар орталық аппараттың «Ақпараттық қамтамасыз ету» бөліміне, ал ол өз кезегінде басшыларға есеп беріп отырады.

Бұл бағдарламамен жұмыс  жасағанда әр филиал бухгалтериясы 4 санды мәнмен кодталып өздеріне тиесілі  кішігірім базаға кіреді де қажетті операцияларды орындайды. Бағдарламаның тиімділігі - әкімшілікке қажетті ақпараттарды керек кезінде қол астында болуында. Бұл бағдарлама республикалық деңгейде жұмыс жасағандықтан, мұндағы бір ерекшіліктің бірі қате орындалған операцияларды жоюға болмайтығында. Бұл бағдарламаның жасаушыларының сақтық шарасы болып келеді. Яғни, қате жасалған операцияларды жоймайды, тек қана оларға кері оперция жасайды. Мысалға, белгісіз себептерден кассадан жұмыскерге ақша төленді деген операция орындалды. Оған келесі шоттар корреспонденциялары қойылады:

Дт 1250     Кт 1010

Бұл қателікті жою  үшін бухгалтер оған кері операция орындайды. Яғни:

Дт 1010   Кт 1250

Сонд айналым ведомостіндегі қалдық 0-ге тең болады.

Бағдарламаның көрінісі келесі суреттерде көрсетілген:

    1. Бағдарламаға бастапқы кірген кездегі көрініс.
    2. Операцияны бастаудағы бастапқы мәліметтер енгізу.
    3. 1 позиция. Дебет бойынша проводка.
    4. 2 позиция. Кредит бойынша проводка.
    5. Орындалған операцияның көрінісі.

 

 

 

 

 

 

 

5.2. Фаворит

 

SAP бағдарламасы қолданысқа енбей тұрып Қазақстан Республикасында «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компанисы» АҚ-на арналып жеке дара Фаворит бухгалтерлікң бағдарламасы жасалып шығарылды. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасында тек қана осы компания жұмыс жасайды. Себебі бұл бағдарлама темір жолда қызмет көрсету аясына сәйкестендірілген. Бұл бағдарламаны қазіргі уақытта тек қана SAP бағдарламасында қарастырылмаған операциялар есебін  жүргізуде қолданады. Мысалға, жұмыскерлерге еңбекақы есептеу. Оның да операцияларды ақтайтын дереектер қоры жеке арнай ғимаратта орналасқан Бұл бағдарлама әлі де қажетті болғандықтан оның қорытындылары SAP бағдарламасының базасына ай сайын енгізіліп отырады. Содан соң ғана қорытындылары жайлы есеп беріледі.

Дәл бүгінгі жағдайда бұл бағдарламаның қажеттілігі  азайып барады. Себебі Қазақстан Республикасының ірі компаниялары халықаралық аренаға шығу үшін тиімдірек бағдарламаларды қолдануды жөн көрді. Сол себепті бұл бағдарлама қолданыстан шығуға бет алды.

 

 

5.3. СЕӨЖ (СОНО)

 

2009 жылы Қазақстан  Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Салық есептілігін тарсыруға арналған жаңа бағдарлама қолданысқа енгізілді. салық есептілігін өндеу жүйесі өз ішінде бастапқыда қолданылған ЭФНО, ИСИД, НДС, СГДС бағдарламаларын біріктірді. Оның ішінде заңды тұлғаларға қарастырылған барлық салықтар бойынша декларациялар, оларды өндеу жолдары, оларды салық басқармаларына электронды түрде жіберу, жіберілген салық есептілігіне хабарландырулар алу қарастырылған. Бұл бағдарламаны қолданысқа енгізу 2009 жылдың 1 тоқсанына жоспарланғанмен салық төлеушілер арасына түсініспеушілік көбейгендіктен және салық басқармасында техникалық ақаулар болғандықтан бұл бағдарлама толығымен өнделуге қайтарылды. Бастапқы бағдарлама жаңартылмай қалып, жаңа бағдарлама толық өнделмей қалғандықтан түгел салық төлеуші салық есептілігін қағаз түрінде салық басқармасына ұсынды.

Бұл бағдарламаның көрінісі келесідегідей:

 

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

 

Жалпы «Қазақстан Темір  жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік  қоғамы Қазақстан Республикасында  үлкен маңызға ие ірі компаниялардың бірі болып табылады. Жалпы Республика бойынша 85 000 жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінде 51 000 әкімшілік-басқарма қызметкерлері болса, қалғаны 34 000 басқа да шаруашылық жұмысшылары болып табылады.

«Қазақстан Темір жолы»  Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы өз алдында жеке мақсаты, міндеті бар филиалдардың бірі болып табылады. Ол орталық аппараттың шаруашылық қызметтерін ұйымдастырғандықтан орталық аппараттың жанында жұмыс жасайды. Астана қаласы бойынша адамдары жұмыспен қамтамасыз ету саны 450 жұмыс орны. Оның ішіндегі 150 адам әкімшілік-басқармада, қалған 300 шаруашылық жұмысшылары. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ үлес жұмысшылар бойынша үлес салмағы 0,53%.

Филиалдың бухгалтериясы  Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға сәйкестендірілген балық нормативтік актілерге сәйкес жұмыс жасайды. Штаттық кесте бойынша бухгалтерияда 10 қызметкер бар. Оның ішінде 1 бас бухгалтер, 1 бөлім бастығы және 8 бухгалтер. 

Теориялық негіздегі  білімімді тәжірибе жүзінде сынай келіп мен өз ісімнің білікті маманы болу үшін келесі ережелерді қатаң сақтау керек екендігін түсіндім:

Информация о работе Бухгалтерлік есеп