Бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 07:13, курсовая работа

Описание работы

Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды.

Содержание

І КІРІСПЕ.....................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы...............................................................................................4
2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы туралы жалпы мағлұмат..................................................................................................................8

2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы.........................................................8
2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)..................................................................................................................10
3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқарма» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы...............................................................................................13
3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы..................................................13
3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі.......................................14
3.3 Ағымдағы активтердің алғашқы есебі..............................................15
3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі.......................................17
4. Қаржылық және салықтық есептілік, салықтық бақылау..........20
4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік.........................................20
4.2. Корпоротивті табыс және қосылған құн салығы бойынша есептіліктің тәртібі................................................................................................22
5. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды автоматтандыру................24
5.1. SAP (халықаралық американдық бағдарлама)................................24
5.2. Фаворит...............................................................................................25
5.3. СЕӨЖ (СОНО)...................................................................................25
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................26
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................27

Работа содержит 1 файл

buhgalterlik_eseptin_tzhiribelik_esebi.doc

— 217.50 Кб (Скачать)

Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады :

  • белгісіз мерзімге ;
  • белгілі мерзімге ;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақыттттша атқаруға.

Егер де жеке енбек келісім- шартында мерзімі  айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады.Жеке еңбек келісім-шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта кол кояды. Құрымдылық бөлімше бастығы  оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі.

Қызметкерлерді  жұмыстан шығарғанда « Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық қолданылады. Ұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы  қызметкермен есеп айырысады.

Жұмысшылар  мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмысістеген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін « Жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп жұргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельде    жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауыткушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады.

Ай сайын  жұмыскерлерге жалақы есептелінеді және төленеді. есептеу үшін жұмыскерлердің нақты окладын немесе нақты жұмыс  жасау уақытын анықтаймыз. Басында  жұмыс уақытын есеп ке алу табелі толдтырылады да, еңбекақы есептеу ведомості толтырылады. Ол ведомостте әрбір жұмыскердің жиынтық еңбекақысын, еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарын және нақты еңбекақысының сомасы көрсетіледі. Нақты еңбекақы көрсеткіштері негізінде төлем ведомості құрылып жұмыскерлерге тиесілі сомалары ұсынылады. Ведомостте жазылған міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы қорларының шоттарына, ал жеке табыс алығы бюджет есебіне аударылады. Егер еңбекақы берілген күні кейбір тұлғалардың аванс алғаны белгілі болса, алынған аванстың сомасы нақты еңбекақы сомасынан шегеріледі.

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

  • әкімшілік басқарудың қызметкерлеріне

7210

3350

2

аяқталмаған құрылыс  жұмыскерлеріне

2930

3350

3

Жеке тұлғалардан  табыс салығы ұсталынды

3350

3120

4

Жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы аударылды

3350

3220

5

Өтеу сомасы еңбекақыдан ұсталынды

3350

1250


 

3.3. Ағымдағы активтердің алғашқы есебі

Тауарлы-материалдық  босалқылар келесiдей активтер түрiнде  болады:

  • өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар;
  • жартылай шикізаттар

құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

ТМҚ-ды кiрiстеуге мына құжаттар негiз болып саналады:

  • шот-фактура, онда: қатар нөмiрi мен күнi, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлiк нөмiрi, әкелiнген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетiн ТМҚ сомасы т.б.;
  • тауарлы-транспорттық накладной;
  • тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

Материалдардың  шығысы мынадай құжаттар бойынша  рәсiмделедi: лимиттiк-жинақтама картасы, материалдарды айырбастауға арналған талап-актiсi, материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.

Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай өнімдерін көтерме саудада сату болып табылғандықтан оны ұйымдастыру келеі нысандарда жүргізіледі.

Кәсіпорындар  өз қоймаларына мұнай өнімдерін  құндылықтарын беріп тұру жөніндегі  шарттарға сәйкес тауарлы-көліктік жүк накладнойы бойынша алады, оларда мыналар көрсетіледі: мұнай өнімдерінің атаулары, олардың тығыздығы, температурасы, массасы мен көлемі. Мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін талон бойынша бөлшек саудада сатуын ұйымдастырады. Сатылған мұнай өнімдері мен талондардың құнына  1312 «Отын» шоты мен «Қоймалардағы мұнай өнімдері» аралық шоттары кредиттеледі де де, 1210 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар» шоты дебеттеледі.

         Талондардың орнына бензин мен  басқа да мұнай өнімдерін беру  лимиттік-жинақтама карталар бойынша, бұрын төленген ақы есебінен шот беру жолымен және басқа да тәсілдерімен жүргізіледі.

Негізгі құжаттары: кіріс және шығыс накладнойлары, шот-фактуралар, тауарлы-транспорттық накладной, ТМҚ қабылдау-беру актісі болып табылады.

Келесі корреспонденция қойылады:

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Есеп беру сомасынан  ТМҚ алынды

1310

1250

2

Еншілес ұйымдардан және филиалдарда, ТМҚ алынды

1310

3320, 3330, 3340

3

Жабдықтаушылардан ТМҚ алынды

1310

3310

4

Өтеусіз негізде  материалдар қабылданды

1310

6220

5

Түгендеуде  артық материал кірістелді

1310

6280

6

Сапасыз және басқа  да материалдар жабдықтаушыларға қабылданды

3310

1310

7

Пайдаланған материалдар  әкішілік шығындарға апарылды

7210

1310

8

Өн.діріске материалдар  жіберілді

8110

1310

9

Табиғм апаттар нәтижесінде ТМҚ есептен шығарылды

7470

1310


 

 

3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.

«Қазақстан Темір Жолы»  Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық  басқармасы» филиалының есеп саясатына сәйкес айналымдағы емес активтер бастапқы құнмен бағаланды. Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады. Мысалға, 27.09.2008 күні кәсіпорын баллансына енген өндірістік сипаттғы емес директор кеңсесіндегі кресло дүкенде 48000 теңгеге бағаланды. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы сол мүлікті өз кеңсесіне жеткізу шығынын өзі көтергендіктен креслонын баллансқа ену құны сол сомаға ұлғаяды. Яғни, 48000 теңгеге жеткізу шығыны 3200 теңгені қосамыз. Сонда бұл құрал 51200 теңгеге бағаланды. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады.

«Объектінің қысқаша  жеке сипаттмамасы» бөлімінде негізгі  объектінің тек негізгі сапалық  және сандық көрсеткіштері, сондай –  ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы  объект үшін неғұрлым маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.

Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері  айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.

Бухгалтериядағы толтырылған  Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.

Есеп саясатында белгіленгендей негізгі құралдарға аммортизацияны есептеу бірқалыпты тік сызықты әдіс негізінде қолданады. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.

Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:

  • қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бүл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
  • Қазақстан Республикасының салық зандылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны -100 000 тенге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны       10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20 % - ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.

Негізгі құралдардың  амортизациясының бірқалыпты әдісі  мына формула бойынша есептелінеді.

 

Бастапқы  құн – жойылу құны = 100 000 – 10 000 =  18 000

                       Пайдалану мерзімі                    5 жыл

осыған сәйкес ай сайынғы  амортизация сомасы 150 мың теңгеге  тең болады (18 000:12).

Объектініні есептен  шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама  беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетеледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар тиісті шоттар бойынша кірістеледі.

Негізгі құралдарда болатын  негізгі операциялар келесі шоттар корреспонденцияларында көрініс табады:

 

Операция мазмұны

Дебет

Кредит

1

Негізгі құралдар алынды:

  • есеп беру сомасынан
  • берілген аванстар есебінен
  • жеке тұлғалар мен мекемелерден
  • түгендеу негізінде артықшылық болған жағдайда
  • өтеусіз сыйға алған кезде

 

2410

2410

2410

 

2410

2410

 

1250

2150,1610

3310, 4110

 

6280

6280

2

Құрылыс аяқталған соң ғимарат есепке алынды

 

2410

 

2930

3

Негізгі құралдар жалға  алынды

2410

3360, 4150

4

Негізгі құралдарға аммортизация есептелінді

 

2410

 

2420

5

Негізгі құралдар есептен  шықты:

  • басқа да мекемелрге сатылған кезде
  • есептен шыққан кезде
  • төтенше жағдайлар кесірінен есептен шыққан кезде

 

1210

7410

 

6310

 

2410

2410

 

2410


Айналымдағы емес активтердің  алғашқы есебін ұйымдастырғанда  келесі құжаттар қолданылады: мүліктік карточка, негізгі құралдарды қабылдау актісі, тозу есептемесі, негізгі құралдардың  қозғалысы есебінің карточкасы, негізгі құралдарды есептен шығару актісі.

 

  • Қаржылық есептілік

 

4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік

 

Жалпы «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ «Щаруашылық  басқармасы» филиалысалық салынатын обьектілер негізінде келесі салықтар бойынша ҚР ҚМ СК Астана қаласының салық департаменті «Сарырқа» және «Есіл» аудандары бойынша салық департаменттерінде тұр:

  • Жер салығы;
  • Мүлік салығы;
  • Көлік құралдарына салынатын салық;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жеке табыс салығы;
  • Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
  • Жер үсту су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп