Бухгалтерлік есеп теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 14:59, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған.

Содержание

1.Бухгалтерлік есептің шығу тарихы.
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары.
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі.
5.Қаржы есебін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиет тізімдері.

Работа содержит 1 файл

бухалтерлік баланс.docx

— 27.11 Кб (Скачать)

                                                - 10 -

болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Міндетті деректемелер бухгалтерлік құжаттарды құқықпен қамтамасыз етеді.

 Міндетті деректемеге жататындар:

-         құжаттың аты, нысанының қоды;

-         құжаттың толтырылған уақыты (күні, айы және жылы);

-         құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты – жөні;

-         шаруашылық операциясының мазмұны;

-         шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

-         шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты – жөні;

-         жауапты атқарушының қолы.

Қосымша деректемелер шаруашылық операция көрінісінің ерекшеліктермен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. әр түрлі талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер болуы керек: құжаттың реттік номері, ұйымның банк мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмірі, шаруашылық операцияны орындау үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалары.

Құжаттардың нысандары келесі бөлімдері топтасады:

1)     ауылшаруашылық өнім мен шикізат;

                                                - 11 -

2)     еңбек және еңбекақы;

3)     негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;

4)     материалдар;

5)     кем  бағалы және тез тозғыш заттар;

6)     капиталдық құрылыстағы жұмыс;

7)     құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;

8)     автокөліктегі жұмысы ;

9)     түгендеу нәтижелері;

10) кассалық операциялар;

11) сауда операциялары.

Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды тотыруға мүмкінлік болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды белгілі бір жүйелігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.

 Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік ақпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.

 Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.

                                                - 12 -

Пайдаланылған әдебиет  тізімі.

1.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп теориясы