Бухгалтерлік есеп теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 14:59, реферат

Описание работы

Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған.

Содержание

1.Бухгалтерлік есептің шығу тарихы.
2.Бухгалтерлік есеп қағидалары.
3.Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.
4.Бухгалтерлік баланс түсінігі.
5.Қаржы есебін ұйымдастыру.
Пайдаланылған әдебиет тізімдері.

Работа содержит 1 файл

бухалтерлік баланс.docx

— 27.11 Кб (Скачать)

 Қазақстан  Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

                Атырау  Бизнес Және Құқық  колледжі 
 

               Мәнжазба.

Пән:Бухгалтерлік есеп теориясы

Тақырыбы: Бухгалтерлік  баланс. 
 

                                               Дайындаған: Каналина.Есенбике фк – 11 -1

                                                                          с\б студенті

                                      Тексерген: Тулегенова.Э.Т. 
 
 
 

                           
 

                                  Атырау – 2012 ж.

Жоспар:

Кіріспе.

1.Бухгалтерлік есептің шығу тарихы.

2.Бухгалтерлік есеп  қағидалары.

3.Бухгалтерлік есептің  пәні мен әдісі.

4.Бухгалтерлік баланс  түсінігі.

5.Қаржы есебін  ұйымдастыру.

 Пайдаланылған әдебиет тізімдері. 

   

  
 
 
 
 

                                               
 
 
 
 
 
 
 

                                       Кіріспе.

Бухгалтерлік есептің  негізгі және басты міндетінің, атқаратын  қызметі мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі  және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы  жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып - бухгалтерлік баланс табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл  сөз қазақ тіліне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бух-галтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді  кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде  кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай  түрдегі мүліктері мен шығындары  көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бүл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағытартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндетте-мелері, яғни осы үйымның басқа занды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке түлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы  

                                                    - 3 -

төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете  алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан  міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың  кредитордан айырмашылығы - кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан  міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға  ие және де кәсіпорынның қожайыны болып  табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері  инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы  сөзсіз.

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін  уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың  актив бөлімі үзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі тараудан түрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі  қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында үйымның материалдық  құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал  деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы  немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше үзақмерзімді және қысқа 

                                                  - 4 -

мерзімді міндеттемелер  деп аталады.¥зақ мерзімд іміндеттемелер қатарына кәсіпорынның үзақ уақытқа  алған несиелері мен қарыздары  жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер  тарауында үйымның алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен  тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге  қарызы, жүмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы  қорларына қарызы және басқа да кредиторлық  борыштары көрсетіледі.

Бухгалтерлік  баланстың түрлері 

Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу барысына қарай әр түрлі  болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан  құрылған уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады. Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі  көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни құрылтайшыларының, акционерлерінің  осы уйымды жаңадан құру (ашу) уақытындағы  ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кіріспе  баланста кәсіпорынның меншікгі капиталы мен активтері тең болуы ықтимал. Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы  барысында ешқандай жеке немесе заңды  түлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып  есептеледі. Үйымның бухгалтерлік балансы  ілгеріде айтылғандай белгілі бір  уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес кәсіпорынның өз қызметі барысында  әрбір белгіленген есеп беретін  уақыттағы (айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы  ағымдағы бухгалтерлік баланс болып  есептеледі.

Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу

                                                     - 5 -

балансының өзі  әр түрге бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит  мамандарын даярлауда көп еңбек  сіңіріп жүрген белгілі ғалым  Әбдіғали Әбдіманапов өзінің «Бухгалтерлік  есеп теориясы және принциптері» атты еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал екіншісі ұйымның жабылғандығын  қорытындылау үшін құрастырылады деп  жазған болатын. Сонымен қатар Ресей  ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Әргашев өздерінің «Бухгалтерлік  есеп теориясы және негіздері» атты еңбегінде  жойылу балансы үш кезеңнен түрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы  алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын  тоқтатқаннан кейін жасалынады деп  атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды  талдай отырып, авторлардың бірінің  айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп қарауға болмайды. Бұдан шығатын  қорытынды жоғарыда аты аталған  авторлардың қай қайсының да пікірлері  дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына  кететін уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы  ұзақ уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және қажеттілігіне қарай арта түсуі  мүмкін.

Шаруашылық операцияларына сәйкес  баланс баптарының өзгеріске  ұшырауы Кез келген кәсіпорынның мақсаты - пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып  отыратындығы белгілі. Осы орындалатын  жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік балансының баптарына  тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын  болсақ, ұйымдағы әрбір орындалатын  операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ  бухгалтерлік

                                                    - 6 -

баланстың актив  және пассив баптарының теңдігі әрдайым  сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында  әрбір орындалған операциядан кейін  жаңадан баланс жасалмайтындығы  белгілі және ол мүмкін емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше  жүздеген операциялардын орындалуы  мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді. Сонымен  қатар балансты күнделікті немесе әрбір  орындалған операциядан кейін жасап  отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып  отырады. Жалпы бухгалтерлік есепте шаруашьшық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт түрге  бөледі. Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бүл жағдайда актив бөліміндегі  бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы  сомасы мен баланстың жиынтық  сомасы ешқандай өзгермейді. Мысалы, кәсіпорьшның банктегі есеп айырысу шотынан жүмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу ушін кассаға 500 (бес  жүз) мың теңге алынды. Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жуз) мың теңгеге артады. Баланстың активі мен пассиві  арасындағы тендік өзгермейді.

 Екінші түріне  жатқызылатын шаруашылық операциялары  бухгалтерлік баланстың тек қана  пассив бөліміне әсер етеді.  Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі  бір бап қандай да бір сомаға  азайып, екінші бал тура сондай  сомаға артады. Ал пассивтің жалпы  сомасы мен баланстың сомасы  ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

                                                   - 7 -

 Үшінші түріне  жатқызылатын операциялардың жоғарыда  аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың  активі мен пассиві бірдей  сомаға артады. Яғни бұл жағдайда  операция әсерінен баланстың  актив бөліміндегі бір баптың  сомасы қандай да сомаға көбейсе,  пассив бөліміндегі баптың да  сомасы осындай сомаға артады.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашьшық операцияларының  төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұксас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив  және пассив жағындағы баптары бір  уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы - үшінші түрге жататын операциялар  барысында баланстың жиынтық  сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі бір сомаға кебейсе (артса), төртінші түрге жататын операциялар  әсерінен актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да бір сомаға кемиді.

  Шаруашылық  процесіндегі  күнделікті болып отырған өзгерістерді  дер кезінде  тіркеп, бағалап,  топтастырып отыру қажет болады. Осыған орай бухгалтерлік есепте  шоттар жүйесі қолданылады. Шоттардың  баланстан айырмашылығы оларда  жазу алғашқы құжат негізінде   күнбе – күн үздіксіз жүріп  отырады. Сол арқылы шаруашылық  операцияларының салдарынан болған  өзгерістерді бақылап отыруға  мүмкіндік туады. 

Бухгалтерлік шоттар схема түрінде  екі жақты кесте  ретінде көрсетіледі. Оның сол жағын  Дебет (бережақ) деп атайды, ал оң жағын  Кредит (сену) деп атайды. Бухгалтерлік шоттардағы есептелетін объектілердің  белгілі мерзімдегі жағдайын сальдо (қалдық)  деп атайды. Ағымдағы мерзім ішінде болатын өзгерістерді (мүлік  түрлерінде немесе көздерінде) айналым  деп атайды.

                                                 - 8 -

Баланстың барлық статьялары синтетикалық шоттар болып саналады. Атап айтқанда  шикізаттар мен материалдар, кассадағы ақша, есеп айырысу шотындағы ақша, жарғылық капитал, банк несиесі, т.б.  Бухгалтерлік шоттарда әрбір есептелетін объекті бойынша  ағымдағы өзгерістер жөнінде ақпарат жинақталады. Әрбір шотта көрсетілген ақпараттар бір жерде  жинақталып көрсетілу есеп кезең ішінде  ішкі есеп беруді қамтамасыз етеді, яғни ай санын есеп ақпаратының бір жерге  жинақталып көрсетілуі,  біріншіден, шоттардағы екі жақты жазудың дұрыс жүргізілуін бақылауға, екінші жағынан кәсіпорын мүліктері мен олардың құралу көздері жөнінде  жинақталған ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Сол үшін айналым ведомостісі жасалады.

Айналым ведомостісі дегеніміз – бухгалтерлік шоттарда көрсетілген ақпаратты  бір жерде  жинақтап көрсететін әдіс. Яғни шоттардың қалдықтарын және айналымдарын айналым ведомостісі қорытынды баланс жасау үшін өте қажет.

Айналым ведомостісін толтыру арқылы бухгалтерлік шоттардағы есептің дұрыстығы бақыланып, кеткен қаталер түзетіліп, балансқа  толтыруға дайын мәліметтер жинақталады. Сондықтан да айналым ведомостісін Батыс елдерінде дайындық балансы деп атайды. Айналым ведомостісі синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша жасалады. Бұл теңдіктің жазуды бақылауда маңызы зор.Бұл теңдік  орындалмаса қате болады.

  Қаржы есебін ұйымдастыру

1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың тәртібі мен сыныпталуы.

2. Инвентаризация.

3. Есеп регистрлері.

4. Бухгалтерлік есеп формалары.

                                                - 9 -

5. Кәсіпорындардың есеп саясаты.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше болады. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша атауға болады.

  Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себесі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғананын және оған қандай мөлшерде шағын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

 Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік.  Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқатүсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.  Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болуы есебінен бастапқы құжаттардың нысаны (фомасы) бірдей

Информация о работе Бухгалтерлік есеп теориясы