Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 11:53, доклад
Бухгалтерлік есеп пәні. Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып таб[c]ылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.