Бухгалтерлік есеп мәні және пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 11:53, доклад

Описание работы

Бухгалтерлік есеп пәні. Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті колданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің пәні болып табылады. Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін айырып алу керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына байланысты.
Кәсіпорындағы есептің маңызды объектілеріне: материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процестеріндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып таб[c]ылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік есеп мәні және пәні.docx

— 20.00 Кб (Скачать)

  Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.

  Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.

  Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.

  Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.

  Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

  Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.

  Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.

  Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:

1. Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;

2. Инвестициялар;

3. Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;

4. Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;

5. Табыстардың қалыптасуы;

6. Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;

7. «Бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;

     Шаруашылық  құралдарының құжатпен ресімделген. қозғалысы  мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.

Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.

     Шаруашылық  операциялары жеткізушілерден тауарлы-материалдық  құндылықтарды сатып алудан, негізгі  қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығыңдарды анықтаудан және т.с.с. тұрады.

     Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:

- өндірістік корларды дайындау;

- өнім өндіру;

- сату (өткізу).

     Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа кәсіпорындардан  сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.

     Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде  кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы — несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп мәні және пәні