Бухгалтерлик баланс

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 07:26, реферат

Описание работы

Екінші бөлімінде Баланс өтімділігінің талдауы қарастырылады. Кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігінің талдауы толық көрсетілген.

Содержание

I Тарау. Бухгалтерлік баланстың теңдік негіздері
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминалогиялық тәртіп
Баланс көрсеткіштеріне сай өтеушілік пен өтімділікті талдау негіздері

II Тарау. Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
«Ақмай» АҚ-ның міндеттемелері мен капиталын талдау
«Ақмай» АҚ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау

III Тарау. Бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары мен мәселелері
3.1. Есеп жүйесін стандарттау мәселелері
3.2. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандақ бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру жолдары
3.3. Бизнес-план
(III Тарау. Бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары мен мәселелері
3.1. «Ақмай» АҚ-ның ағымдағы активтер аудиті және оны дамыту жолдары
3.2. «Ақмай» АҚ-ның қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары)
3.3. Бизнес-план

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Бухгалтерлік баланстың теңдік негіздері.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

 

Жоспар

 

I Тарау. Бухгалтерлік баланстың теңдік негіздері

    1. Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
    2. Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминалогиялық  тәртіп
    3. Баланс көрсеткіштеріне сай өтеушілік пен өтімділікті талдау негіздері

 

II Тарау. Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау

    1. Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
    2. «Ақмай» АҚ-ның міндеттемелері мен капиталын талдау
    3. «Ақмай» АҚ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау

 

III Тарау.  Бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары мен мәселелері

3.1. Есеп жүйесін стандарттау мәселелері

3.2. Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстандақ бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру жолдары

3.3.  Бизнес-план

(III Тарау.  Бухгалтерлік есепті жетілдіру жолдары мен мәселелері

3.1. «Ақмай» АҚ-ның  ағымдағы активтер аудиті және  оны дамыту жолдары

3.2. «Ақмай» АҚ-ның  қаржылық есеп берудің халықаралық  стандарттарына өтуіндегі артықшылықтары)

3.3.  Бизнес-план

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

 

Кіріспе

 

           Қазақстан Республикасында нарықтық  қатынастар заңдылығының экономикалық  өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың  көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің  дамуы басқару жүйесінің демократиялық  жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені қойды. Бухгалтерлік есеп-бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есептің  нарықтық қатынастар жағдайындағы тиімділігіне кәсіпкерлер, бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындардағы басшылардың көзі жетті. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың теория және қолданбалы негізін білу құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, тиімді шешім қабылдау, бухгалтерлік есепті жетілдіру ерекше орын алады. 

        «Қазақстан-2030» стратегиясында анықталған  мақсаттарға жету үшін экономиканың  тұрақты және қарқынды өсуі  қажет. Отандық экономистердің  есебі бойынша Қазақстан-2030 индустриалды  дамыған елдердің қатарына қосылу  үшін экономикалық дамудың жоғарғы деңгейін ұстап отыруымыз керек. Сондықтан Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық реформаларды тездетудің жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.

        Біз бәсекеге қабілетті экономиканың  үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікті  дамытуға экономикалық қарымы мол басым салаларды таңдап алдық, сол арқылы экономикалық жүйені дамытуға жол ашық. Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Қазақстан Республикасының Елбасшымыз Н.Назарбаевтың халқына Жолдауында «Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы керек. Және де барлық заңды тұлғалардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуі үдерісін жеделдету керек. Біз бұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз».-деген еді.[1]

       Менің  дипломдық жұмысымның тақырыбы  «Баланстың өтімділігін талдау және оның барысына әсер тигізетін негізгі факторлар». Қаржылық есеп беру деп «Ақмай» АҚ өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

             Бірінші бөлімде бухгалтерлік баланстың теория негіздері қарастырылған. Бухгалтерлік баланстың сипатты, түсінігі, қағидалары және де қаржылық есеп беруді ашу мен ұсынуды анықтауға мүмкіндік береді.

      Екінші  бөлімінде Баланс өтімділігінің талдауы қарастырылады. Кәсіпорынның төлем және несие қабілеттілігінің талдауы толық көрсетілген.

       Үшінші  бөлімде Қазақстан Республикасы ағымдағы активтердің аудиті көрсетіледі.      

 

Зерттеу объектісі: «Ақмай» Акционерлік қоғамы.

 Зерттеудің ғылыми мақсаты: Кәсіпорындағы ең басты мәселе бухгалтерлік есепті тиімді де, дұрыс ұйымдастыру. Қаржылық есеп беру  кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

       Диплом  жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қосымшалардан  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

I Тарау. Бухгалтерлік  баланстың теңдік негіздері

1.1 Баланстық теңдік  қалыптастыру және баланс құру  негіздері

Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.

Нәтижесінде активтердің жалпы  сомасы алынған міндеттемелер мен  меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.

Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінід бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа ) қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мұліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берепіегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т.б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т.с.с. жатады. Сонымеп қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен олшеніп, осы ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.

Осы жерде ұйымдар өзінің активті  қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша  алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы акционерлерінен). Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы үйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы үйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылған, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндеттемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады. Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге баланс құруда бұрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншік иелері, инвесторлар, негізгі қүралдар, қоюшылар т.с. с. жатады.   Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада 1) баланс; 2) үлгі; 3) пайдаланушылардың мүддесі; 4) сыртқы сипаты; 5) белгілі бір мерзім; 6) қаржы жағдайы; 7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.

Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мүның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.

Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Песиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балапсқа жазылуы керек.

Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамси жұмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымныц қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.

Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмүнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады. .

Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады.

Белгілі бір мезім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.

Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бүл ұйымның пайдамен жүмыс істегендігін көрсетеді.

Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер үйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.

Кәсіпорындар (ұйымдар). Үйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады. 

Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: 1) кіріспе баланс; 2) аралық баланс; 3) жойылуға байланысты баланс.

Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды түлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын жәйе басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.

Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жүмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.

Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының 
қорытындысын бағалау үшін жасалынады.

Заңды түлға болып  танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды түлғалар құрамына снген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларыпыц рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.

Ендігі жерде ұйымдарда жасалатын, қаржы қорытындысын шығарып отыратын бухгалтерлік есеп балансының қалай және қандай принциптерді қолдану арқылы құрылатындығына мысалдар келтіреміз.

Информация о работе Бухгалтерлик баланс