Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:49, курсовая работа
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
1. Есептің мәні және ерекшелігі.
2. Басқару есебінің пайда болуы.
3. Бюджеттендірудің тарихи аспектілері.
Әдебиеттер: [1], [2], [3].
2. Есептің ерекшеліктері қандай?
3. Бюджеттендірудің мәні қандай?
2 – тақырып. Бюджеттендірудің артықшылығы
Контроллингтің жалпы
Менеджменттің жүйелік көзқарасы «контроллингті» менеджмент жүйесіндегі барлық кіші жүйелер қызметін үйлестірудің ұйымдастырушылық функциясы деп анықтайды. Дитгер Ханның пікірі бойынша, контроллинг автоматтандырылған басқару жүйесі ретінде сипатталады, осыдан контроллинг үш компонентке негізделеді деген тұжырым жасауға болады: экономикалық жүйе, басқару, ақпараттық жүйе.
Кәсіпорында контроллингті
қолдану процесін оперативті контроллинг
әдістерін қолданудан бастау, одан
кейін стратегиялық контроллингті
енгізу ұсынылады. Контроллингті жүзеге
асырудың мұндай тәжірибесін көптеген
ірі компаниялар қолданады. Стратегиялық
контроллинг фирманың өмір сүруін қамтамасыз
етуге және оның белгіленген даму
стратегиясына жылжуын
Контроллинг құралдарына, оның мақсаттарына жету үшін қолданылатын құралдар ретінде, төмендегілер жатады:
1. Контроллингтің барлық
кезеңдерін қамтитын
2. Экономикалық және қаржылық
көрсеткіштер жүйесі, олар кәсіпорын
қызметінің барлық сфераларын
қамтиды: өндіріс; материалды-
3. Ішкі өндірістік шығындарды
есептеу және талдау жүйесі, оларды
төмендету бағдарламаларын
4. Инвестициялық шешімдерді бағалау жүйесі.
Контроллинг функцияларының біртұтас жиынтығында басқару үшін қажетті ақпаратты беру функциясы мен тікелей шешім қабылдау функциясын немесе, анығырақ айтқанда, шешім қабылдау және оларды үйлестіру әдістемесін бөліп көрсетуге болады. Контроллингтің ақпараттық қызмет көрсетуі кәсіпорын қызметінің ақырғы нәтижесінің мақсатына жетуге бағытталған жоспарлау, нормалау, есептеу және бақылау жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етіледі. Ақпаратта міндетті (нормативті, жоспарлы және нақты) мәліметтер және бөлімшелер тұрғысындағы есептеу әдістерімен анықталатын кемшіліктер болуы керек.
Бюджет – бұл жоспар немесе стандарт, және оның қаржылық болуы міндетті емес.
Бюджеттендіру – бұл смета
және экономикалық көрсеткіштер көмегімен
жұмысты келісілген жоспарлау және
бөлімшелер қызметін басқару процесі.
Компания мақсатына коллегиалды, ұйымдасқан
түрде қол жеткізілетіні
Жоспарлау ұйымдастыру құрылымы бойынша кезекпен таралады. Есептік кезең басында бюджеттердің әрбіреуі жоспар немесе стандарт түрінде болады. Соңында ол менеджерге әрі қарай қызметті жақсарту үшін алынған нәтижелерді жоспарланғандармен салыстыруға («жоспар/нақты» салыстыруы) мүмкіндік беретін өлшегіш ролін ойнайды.
Бюджеттер көмегімен экономикалық жүйенің контроллингі – жоспарланған (нормативтік) көрсеткіштерден ауытқу бойынша басқару жүзеге асырылады. Көрсеткіштер ретінде бюджеттердегі шығындар баптары, таза немесе маржиналды пайданың мәндері, рентабелділік, өзіндік құн, түскен табыс көлемі, өнімділігі және т.б. қолданылуы мүмкін. Ауытқуды есептеу үшін материал шығындары, жабдықтар, қызметкерлер жұмысының норма-сағаттары, сатуға квоталар және т.б. нормативтері берілуі қажет. Оперативті басқаруда ауытқуларды талдай отырып, қандай факторлардың нәтижеге әсер еткендігін (өндіріс жағдайы, бәсекеқабілеттік, тәуекел деңгейі, өндірістік қуаттардың шектеулігі, өнім ассортименті, баға қалыптастыру саясаты, активтердің айналымдылығы, қоймадағы қорлар, нарықтағы жағдай тенденциясы, жұмысшылардың саны және олардың кәсіби деңгейі, шикізаттың бар болуы және құны, технологиялық ерекшеліктер) және теріс ауытқулар үшін кімнің жауапкершілік көтеретінін анықтауға болады.
Кәсіпорында бюджеттеуді енгізу үшін негіз басқару есебі – нақты шығындар есебі мен экономикалық көрсеткіштер есебінің жүйесі болып табылады. Сонымен бірге, бюджеттеу – жоспарлар, ауытқулар, нормативтер, басқару есептері, ауытқулар бойынша басқару.
Бюджеттендіру – бұл қысқамерзімдік (жыл немесе одан аз) және ұзақмерзімдік жоспарлаудың ажырамас бөлігі. Кез келген жағдайда ұйым ресурстары, бәсекелестердің әрекеті және әсіресе, ағымдық және жобаланған нарық сұранысы сияқты стратегиялық аспектілер бөлінеді. Стратегиялық талдау жүргізгеннен кейін құрылған жоспарларды сандық бейнеленуі бюджет деп аталады. Схема түрінде оны келесі түрде көрсетуге болады:
Кәсіпорындарда бұрын
жоспарлық-экономикалық бөлімдер қызмет
атқарды, олар нормативтер жасақтау
және сметалар құрумен айналысты. Қиындығы,
жоспарлық-экономикалық бөлім сату
бөлімімен ешқандай байланысты болған
жоқ, және олар біріге – қоймамен байланысты
болған жоқ. Бұл жерде жоспарлық-
Бюджеттендірудің екінші маңызды қағидасы: менеджерлермен бөлімше бюджеттері дайындалғаннан кейін бюджетпен жұмыс аяқталмайды, ол тек енді ғана басталады деп айтуға болады.
Әдебиеттер: [1], [2], [3], [7].
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
4. Маркетингтік талдаудың қажеттілігі қандай?
3 – тақырып. Бюджеттендірудің мәні
1. Бас бюджет құрылымы
2. Операциялық және қаржылық бюджет дайындау.
2. Операциялық және қаржылық бюджет.
Операциялық бюджеттер жүйесі келесі бюджеттерді қамтиды: сауда, дайын өнімдер қоры, өндіріс, тікелей материалдық шығындар (материалдарды сатып алу бюджеті және өндірістік шығындар бюджеті), тікелей өндірістік (операциялық) шығындар, жалпы өндірістік шығындар, өткізілген өнімнің өзіндік құны, коммерциялық шығындар, басқару шығындары. Операциялық бюджеттер біріктіріледі және табыстар мен шығындар туралы есептің болжамы (табыстар мен шығындар бюджеті), ақша құралдарының қозғалысы бюджеті (кассалық смета), болжамды бухгалтерлік балансты (баланстық парақ бойынша бюджет) қамтитын қаржылық бюджеттер (кейде негізгі деп аталады) жүйесін құрайды.
Компаниядағы операциялық және қаржылық бюджеттер басқа, көмекші және арнайы бюджеттер қолданылуы мүмкін. Көмекші бюджеттер арасында капитальды шығындар (бастапқы) жоспары мен несиелік жоспар (қаржылық ресурстарды тарту жоспары) ең үлкен мәнге ие. Олардың мақсаты бизнес активтері динамикасын барынша мұқият жоспарлаудан және осы бизнес үшін бекітілуі мүмкін шарттар мен шектеулер жүйесін анықтаудан тұрады. Арнайы бюджеттер негізгі бюджеттердің жеке статьяларының калькуляциялануын немесе таратылуын көрсетеді: салық, табысты бөлу, жеке жобалар мен бағдарламалар. Осы бюджеттердің жинағы шаруашылық қызметінің ерекшелігіне байланысты кәсіпорынның басшылығымен анықталады.
Көмекші және арнайы бюджеттер
негізгі бюджеттер құру және олардағы
қорытынды ақпаратты өңдеу үшін
қажетті бастапқы ақпаратты дайындау
үшін; қаржылық жоспарлаудың нормативтері
мен мақсаттық көрсеткіштерін барынша
дәл анықтау үшін, жергілікті салық
салу ерекшеліктерін барынша анық есепке
алу үшін қолданылады. Бюджеттендіру
процесі бюджеттік нысандар, нұсқаулар
және процедуралар көмегімен стандартталуы
қажет. Сауда көлемін болжау негізінде
құрылған бюджеттерді дайындауда компанияның
әртүрлі бөлімшелері
- тіке (операциялық бюджеттер,
дебиторлық және несиелік
- жанама, барынша жеңілдетілген
(табыстар мен ағымдық
Бастапқыда бюджеттер менеджерлерге қойылған мақсаттарды нақтылауға көмектеседі, содан кейін компаниядағы істердің жағдайын талдауға: ағымдық кезең қалай өтті – табыстар немесе шығындар әкелді ме; есеп-шотта ақша бар ма; жақын болашақта нені күтуге болады; жаңа технология енгізген тиімді ме – олардың шығындарының орны жаюыла ма немесе жоқ па; және көптеген басқа сұрақтарға жауап анықтауға мүмкіндік береді.
Бюджеттендіру шаруашылық қызметінің
жақсы үйлестірілуін қамтамасыз
етеді, кәсіпорынның ішкі өзгерістер (ұйым
құрылымы, ресурстар, кәсіпорын қуаты)
мен сыртқы (нарық конъюктурасына)
ортаға бейімділігін және басқарулығын
жоғарлатады, басқаруда қателіктер
жіберу және қиянат ету (мысалы, сату бөлімі
қызметкерлерінің сатып алушылармен
сыбайластыққа келуі және т.б.)
мүмкіндігін төмендетеді, қаржылық-шаруашылық
қызметтің әртүрлі
Алдыңғы кезеңге жасалған бюджеттермен қатар бюджеттендіру процесінде өткен кезең үшін бюджеттердің орындалу есептері құрылады. Бюджеттер бойынша есептерді бизнес процесстерді жоспарлау, есебін жүргізу, бақылау және талдау бойынша ақпараттармен бірге жинақтайды. Менеджерлер бюджеттердің орындалуын қадағалауы және компания қызметіндегі «әлсіз жерлерді» анықтауы қажет.
Бюджеттер бойынша есептер ай сайын (ең жиі жағдай), тоқсан сайын, жарты жыл сайын және жылына бір рет дайындалуы мүмкін. Кейбір мәліметтер бойынша күн сайын (мысалы, жүк тиеуде), басқа мәліметтер бойынша апта сайын (мысалы, өндіріс және өткізу бойынша) есеп беріледі. Есептердің кезеңділігін анықтау үшін «шығындар/пайдалар» талдауы жүргізіледі.
Жоспар-фактілік ауытқуларды
талдау шаруашылық қызметтің бірінші
кезекті назар аударуды талап
ететін мәселелі салаларын анықтауға,
Компания қызмет атқаруының
кейбір ішкі және сыртқы факторлары өзгеріп
отыратындықтан, бюджеттеу процесінде
осы өзгерістерге шұғыл түрде
назар аудару қажет. Бюджеттер бойынша
есептер дайындауда жұмсалымдардың
өзгергіштігін ескеру маңызды. Басқаша
айтқанда, қызметтің бір деңгейіндегі
нақты жұмсалымдарды екінші деңгейдегі
сметалық жұмсалымдармен салыстыру
дұрыс емес. Бастапқы смета қызметтің
нақты деңгейі бойынша
Бюджеттердің орындалуын талдау менеджерлерге ауытқулар бойынша басқару жүйесін – техникадағы автоматты реттеу жүйесі қолдануға мүмкіндік береді, онда менеджер назары жоспарлы көрсеткіштерден біршама ауытқуы бар көрсеткіштерге шоғырланады. Бюджеттер, қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, нақты және жоспарлы мәндер арасындағы ауытқулар басқарудың кез келген деңгейінде талдануы мүмкін. Әртүрлі бөлімшелермен (кәсіпорындар) берілген бюджеттік мәліметтер, сонымен бірге орташа салалық мәліметтер арасындағы айырмашылықтар да талдауға жатқызылады. Уақыт бойынша көрсеткіштердің тенденциясын талдау да өте маңызды.
Сөйтіп, мақсаттардың, стратегиялар мен оларды жүзеге асыру бойынша көзделген шаралардың сандық сипаты, жоспардың сандық сипаты бола отырып, кәсіпорын бюджеттері оларғадағы енгізілген экономикалық көрсеткіштерге талдаудың ақпараттық базасын қамтамасыз етеді. Бюджеттеу процесінде компанияның болжамды қаржылық жағдайы есептелінеді. Егер бюджеттер жүйесі (өтімділік, табыстылық, рентабельділік және т.б.) негізінде есептелінген нәтижелік қаржылық көрсеткіштер қанағаттанарлық болмаса, онда қаржылық жағдайға бюджеттердің негізгі параметрлерінің әсерін және олардың өзгеруі жағдайында оларға енгізілген нормативтерді талдау жүргізіледі.