Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 18:17, реферат
Басқару есебі қаржылық бухгалтерлік есептің жалғасы болып, онымен тығыз өзара байланыстары және белгілі бір айырмашылықтары бар.
Есептің екі түрі де біртұтас бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара шарттасқан бөліктері болып табылады.
Рынок экономикасына сай басқару жүйесінің қалыптасуы өндіргіш күштер мен жаңа өндіріс қатынастарынан туатын объективтік заңдылықтарға негізделген. Басқарудың шешуші проблемаларының бірі — оның ықпалын рынок экономикасының тиімділігін арттыруға пайдалану, рынок механизмдерінің үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз ету.
Басқарудың барлық жүйесі мен оның негізгі буындары экономиканың барлық деңгейлерінде мүдделілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, ресурстарды үнемдеуге, олардың шығындарын азайтуға мүдделілікті күшейтуге жағдай туады.