Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 18:17, реферат
Басқару есебі қаржылық бухгалтерлік есептің жалғасы болып, онымен тығыз өзара байланыстары және белгілі бір айырмашылықтары бар.
Есептің екі түрі де біртұтас бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара шарттасқан бөліктері болып табылады.
Басқару есебі қаржылық бухгалтерлік есептің жалғасы болып, онымен тығыз өзара байланыстары және белгілі бір айырмашылықтары бар.
Есептің екі түрі де біртұтас бухгалтерлік есептің өзара тәуелді және өзара шарттасқан бөліктері болып табылады.
Қаржылық есептің көптеген элементтерін басқару есебінен табуға болады:
- қаржылық есепте де, басқару есебінде де бірдей қаржы операциялары: мысалы, шығын түрлері туралы бөліктеп көрсетілген мәліметтер (еңбекақының, амортизациялық аударымдардың және т.б.) қарастырылады;
- бастапқы ақпаратты тек басқару есебі үшін ғана емес, қаржылық есеп беру үшін де бір рет жүргізу, яғни бастапқы ақпаратты жинау бірдей ережелер бойынша атқарылуы тиіс;
- қаржылық есептің жалпы қабылданған принциптері басқару есебінде де қолданылады;
- есептің мақсаттары мен міндеттерін таңдаудың бірыңғай әдістері;
- жалпы тәсілдерді қолдану (құжаттама, түгендеу, бағалау мен калькуляция, есеп объектілерін топтастыру, бөлімшелердің есептілігі, кәсіпорының ішкі және сыртқы есептілігі).
Есептің екі түрін біріктіретін ең маңызды белгі - олардың ақпараты шешім қабылдау үшін қажет екендігін атап айтқан жөн. Сонымен, қаржылық есептің мәліметтері инвесторларға кәсіпорынның даму келешегін бағалауда жәрдемдеседі. Басқару есебінің мәліметтері баға белгілеу, шығындарды азайту және т.б. мәселелерді шешуге қолданылады.
Сонымен қатар қаржылық есеп пен басқару есебі арасында негізгі айырмашылықтар бар. Олардың ең маңыздыларын қарастырайық.
1. Есептің мақсаты
Қаржылық есептің мақсаты - ақпаратты сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық есеп беруді жасау.
Басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өңдеуді шұғыл қамтамасыз ету.
Басқару — шешім қабылдау процесі. Қабылданған шешімдер қойылған мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Сондықтан да басқарушы өзінің мақсаттарын анықтаулары және олар нақтылы тұжырымдалуы қажет. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес.
Шаруашылық практикасы көрсеткеніндей, басқару жүйесін жетілдіру, оның жалпы теориялық мәселелерін дамыту рынок экономикасында бірден-бір тиімді жол болып табылады. Сондықтан да басқару жүйесінің деңгейін жаңа сапаға көтеру теориялық және практикалық жұмыстарда басты орын алады. Барлық басқару жұмыстарын қайтадан құру болмаса, жетілдіру экономикалық дамудың жаңа ырғағын алып келуге септігін тигізеді.
Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына көшу барысында қолымыздағы бар экономикалық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, жаңа өндіріс қатынастарын калыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.