Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:55, курсовая работа

Описание работы

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

молдир.doc

— 376.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан нөмірі 4-1 санды «Мемелекеттік емес ерікті зейнетақы қорлары туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар  ерікті қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілуге құқығы бар. Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қоры – бұл банкттік емес қаржылық мекеме болып табылатын және жабық акционерлік қоғам түрінде құрылып, заңды және жеке тұлғалардан ерікті зейнетақы жарналарын тарту және тартылған қаражаттарды инвестициялап, қосымша зейнетақы төлеу бойынша іс-әрекет жүргізетін заңды тұлға болып табылады. Әрбір жеке тұлға өзінің еңбекақысынан ұсталынып аударылатын зейнетақы жарнасын өзі қлаған қорға салуына құқығы бар. Жинақталған зейнетақы қорын банктегі шоттарда орналастыру Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген сәйкес жүргізіледі.

 

Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айрысудың есебі шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

2

3

4

5

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан жинақтаушы зейнетақы қорына ұсталған сомаға

3430

3220

 

2

Жинақтаушы зейнетақы қорына есептелген сомалар есеп айырысу шотынан аударылуы

3220

1030

 

 

Басқа да есептелген шығындар есебі

Басқадай шығындардың есебі «басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық  салаларының шығындарын жабуға арналған тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеуге арналған резервтер көп  уақыттарды өндірісі маусыммен жұмыс істейтін шаруашылық субъектілерінде құрылады Бұларда жөндеуге жұмсалатын шығындар жыл бойы бірдей емес мөлшерде жүзеге асырылады. Ай сайын резерв жөндеудің барлық түрлеріне смета бойынша жұмсалатын шығындардың жылдық сомасының 1/12 бөлігі мөлшерінде жасалады.

      Негізгі құрал-жабдықтарды жөндеу үшін арналған резерв сомасын құру барысында ай сайын апарылатын шығындар сомаларына :

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»

7210 «Жалпы әкімшілік шығындары» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

Кт: 3390 «Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты түріндегі екі жақты жазуы жазылады.

      Жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе олардың төлемақысымен байланысты нақты шығындар, өнімнің өзіндік құнына қосылмайды, керісінше оның жүргізілуіне қарай:

Дт: 3390 « Басқа да кредиторлық борыштар мен есептелген шығындар» шоты;

Кт: 8310«Көмекші өндіріс» немесе «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты және тағы да басқа шоттар түрінде жазылады.

Жылдың аяғында пайдаланбаған резервтер сомасы сторно етіледі (шегеріліп тасталады). Сондай-ақ бұл шотта басқа да жасалған резервтер есептеледі.

 

Басқа да кредиторлық қарыздар шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

2

3

4

5

1

Негізгі құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу бойынша пайда болған борыш сомаға

2412-2524

4150

 

2

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар үшін жал төлемі есеп айырысу шотынан төленді

4150

1030

 

3

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар мерзімі бітпей иесіне қайтарылды

4150

2412-2524

 

4

Келісімшарт бойынша ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін есептелінген жалгерлік пайыз сомасы

7310

4160

 

5

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал үшін еспетлеген жалгерлік пайыз сомасы есеп айырысу шотынан төленді

4160

1030

 

 

2.7 Салық міндеттемесінің есебі

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық Кодексі қабылданды.

3110  Корпоративтік табыс салығы. Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу  631 «Төлеуге жататын ағымдағы табыс салығы» деген пассивтік шотында жүреді. Төлеушілеріне: заңды тұлға, ҚР резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді), ҚР – да төлем кезінде табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар.

Салық салынатын табыс = Жылдық табыс – Шегерімдер

                                              жиынтығы

3120  Төлем көзінен ұсталатын салықтар. Төлем көзінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан ұсталады. 15% мөлшерлемесі бойынша  төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:

-         Дивидендтер;

-         Депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттер кірмейді);

-         Ұтыс;

-         Заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марпаттау сомасы кірмейді);

-         Бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.

Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

3130 Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналамыныа қосылған, сату айналасына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ ҚР аумағына туарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (ҚҚС – нан босатылған айналымды қоспағанда)

3140 Акциздік (жанама) салық – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебиттеліп, 3140 шотының, «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебиттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.

3150 Әлеуметтік салық. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметік салықтың  есебі, 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотын жүреді.

3160 Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығынның есебі 3140 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер  Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір  категорияға жататындығына қарап қарастырылады.

3170 Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік  және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Көлік құралдарына салынатын салық жл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалды және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.

40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7440 «Жалпы және әкімшілік шығыстарының» шоты дебиттеледі де және 3140 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шотының 3170 «Көлік құралдарына салынатын салықтар» деп аталатын субшоты кредиттеледі.

 

2.8 Банктер мен  банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешіміен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін  толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен өнеркәсіптің  тиімділігінарттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін джер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық және төленетін жағдайында коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.

Несие беру банктердің өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк қарыздары бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.

Кәсіпоырн несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса және бұрындары аталмыш кәсіпорын олардың берген несиесін оқтын-оқтын пайдаланып отырған болса, онда кәсіпорынның берген өтініштің оң шешімін табуы мүмкін. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз  және банкротқа ұшыраған  кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызады. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол бірге өтеудің міндеттемсесі болып табылады. Қарызданушы кпелідеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға немесе одан ұзақ мерзімге шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды. Несие алған жағдайда 1030, 1010 – есеп айырысу мен касса шоты ; 3310 – жабдықтаушылар мен мердігерлердің шотын несиесінің есебінен төлеген кезде аталған шоттар дебеттеліп және 4010 «Банк несиелері» шоты кредиттеледі. Есиені өтеген жағдайда 4010 шоты дебиттеліп және 1030 шоты кредиттеледі. 

Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызын есептейді. Еспетелінген пайыздардың сомасы 7320 «Пайыздар бойынша шығындар» шотының дебеті және 3380 «Төленуге тиісті проценттер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Проценттерді төлеу 3380 «Төленуге тиісті проценттер» шотының дебеті және 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу (заемдық қаржыларын). Қарыз негізінен келісімшарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерін орындауды өз міндетіне алады. Сондықтан берілеген несиені есепке алу үшін  4020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері» деген шотын пайдаланады. Бұл пасиивті шотта еліміздің ішіндегі және шетелдегі қарыз берушілердің мәліметтерін жинақталады.

Кепілдік  міндеттеменің қамтамасыз етілуі тоқтатылса, кепілдік тоқталыдады: кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, кепілге  салынған мүлікке меншік иесі ретінде иеленген жағдайда, кепілге салынған мүлік мәжбүрлік жолмен сатылған жағдайда және т.б. Кепілдікке қойылған мүлікке деген талап білдірушілердің талабын қанағаттандыру үшін олардың кезектілігін белгілеп, кепілдіктегі мүлік қозғалысын тіркейді. Кепілдік заңы бойынша кез келген міндеттемені орындаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Кепілдік бұйымы кәсіпорынның мүліктік айналамынан алынбауы мүмкін (ғимарат, қондырғы, өндіріс құралдары, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, мүліктік құқықтары т.б), бірақ оларды Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өндіріп алуға (төлетуге) болады.

Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу