Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 10:55, курсовая работа

Описание работы

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Содержание

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім. Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі
1. Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі
1.2 Күмәнді дебиторлық
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі
2. Кредиторлық қарыздар есебі
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі
2.2 Берілген аванстар есебі
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі
2.7 Салық міндеттемесінің есебі
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
III. Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

молдир.doc

— 376.00 Кб (Скачать)
align:justify">      Есептелген пайыздар бойынша борыштардың жабылуына:

Дт: 1030 «Ақшалар» шоттарының тиістілері,

Кт: 1280 «Есептелген пайыздар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпарттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да  тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іссапарлары үшін үшін және басқадай шығындар үшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді.

      Жалпы әкімшілік-шаруашылық қажеттілігі (шығындары! Және қызметтегі іссапарлары үшін есеп беруге тиісті тұлғаларға берілген сомаларға:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың борышы» шоты

Кт: 4420 «Алдағы кезеңдердің кірістері» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

      Есеп беру тиісті тұлғалар өздерінің борыштарын өтеген уақытта : материалдық активтер, негізгі құралдар, инвестициялар, материалдар және тауарлар деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы шот» кредиттелнеді.

      Есеп беруге тиісті тұлғалардың аванс ретінде алған сомаларының пайдаланғаннан қалған қалдығы, жетіспеушілік бойынша кінәлі адамдардың төлеген сомалары, жұмысшының алған  қарыз сомаларының қайтарылуы субъектіге кіріске алынғанда:

Дт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» шоты

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

      Есеп беруге тиісті тұлғалардың  кәсіпорынның есебінен шығарған шығындарының сомасына:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

        7210  «Жалпы және әкімшілік шығындары»;

8410 «Үстеме шығындар»;

деп таталатын шоттардың тиістілері.

Кт: 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» түріндегі екі жақты жазу жазылады.

      Жабдықтаушыларға олардан алынған ақау материалдарды қайтаруға байланысты дебиторлық борыштың пайда болуына:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1310 «Материалдар»  шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Банктегі шоттан қателесіп есептен шығарылған сомаға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Құны акцептелген (төленген) тауарлы-материалдық қорлармен айналымнан тыс активтер қоймаға келіп түсенде олардың жетіспеушіліг мен бағалардың сәйкессіздігі нәтижесінен болған, сондай-ақ арифметикалық қателіктерге:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты;

Кт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Ағымдағы жал бойынша алынуға тиісті жал төлемдері мен айыппұлдарға, сондай-ақ өсімақыларға:

Дт: 1280 «Басқадай дебиторлық борыш» шоты,

Кт: 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

      Төтенше жағдайлардан болған залалдардың орнын толтыру бойынша дебиторлық борыштың пайда болуына:

Дт: 1280«Басқадай дебиторлық борыштар» шоты,

Кт: 6310 «Тоқталынған операциялардан болатын кірістер (зияндар)» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.

Сонымен қатар «басқадай дебиторлық борыш» шотында төленуге тиісті жал төлемдері жайлы ақпараттар, бюджетке және бюджеттен тыс ұйымдарға артық төленген сомалар, жабдықтаушылар мен мердігерлерге, көлік ұйымдары мен басқа да заңды тұлғаларға деген шағым талап сомалары, тауарлық-материалдық қорлардың жетісеушлігі, өсімақылар, тағы да басқалар есептеледі.

 

Басқадай дебиторлық борыш шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге қызметтегі іссапары және басқа да мақсаттар үшін кассадан берілген сомаларға

2150

1010

 

2

Жұмысшылар мен қызметкерлерге берілген банк несиелері

2150

3010

 

3

Жұмысшылар мен қызметкерлердің ұйымның кассасына бұрын аванс ретінде алған сомаларының жұмсалғаннан қалған артық сомасын төлегеніне

1010

2150

 

4

Жұмысшылар мен қызметкерлерге аванс ретінде берліген соманың жұмсалғаннан қалған бөлігі оларға есептелген еңбекақы сомасынан ұсталды

3430

2150

 

 

 

2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі

1620 «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:

      Алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,

      Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны,

      Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалар.

Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге  байланысты шғындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.

«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.

      Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:

Дт: 1620 «Сақтандыру полисі» шоты;

Кт: 1030«Есеп айырысу» шоты түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.

      Сақтандыру полисін алу барысында  болған шығындар сомасын есеп беретін уақытта мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;

8410 «Үстеме шығындар» шоттарының тиістілері;

Кт: 3210 «сақтандыру полисі» шоты.

«Жал төлемі» шот алдағы кезеңдер үшін төленегн жал төлемдерінің сомасын көрсетеді. Аталмыш шотқа байланысты төмендегідей бухгалтерлік жазулар жазылады:

      Алдағы кезеңдер үшін төлем төленген жағдайда:

Дт: 1620 «Жал төлемі» шоты;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.

Ал есепті кезеңге жатқызылатын жал төлемі есептен шығарылған уақытта:

Дт: 7010 «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары»;

8410 «Үстеме шығындар» және тағы да басқа шоттардың тиістілері;

Кт: 1620 «Жал төлемі» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы.

«Басқадай алдағы кезең шығындары» шоты «Сақтандыру полисі» мен «Жал төлемі» деп аталатын шоттарда аталмай кеткен басқадай алдағы кезең шығындары жайлы ақпараттарды есептеу үшін арналған.

Алдағы кезең шығындары шоты бойынша жүргізілетін операциялар

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредиттелетін шот

Тип

1

2

3

4

5

1

Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сома

1620

1030

 

2

Сақтандыру полисін алу барысында болған шығындар сомасы есеп беретін уақытта тиісті шоттарға апарылды

7110, 7440, 8048

1620

 

3

Алдағы кезеңнің жал төлемі есеп айырысу шотынан аванс ретінде алдын ала аударылды

1620

1030

 

4

Есеп беретін уақытта  жал төлемі есептен шығарылды

7110, 7440, 8047

1620

 

 

2.2 Берілген аванстар есебі

Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:

      «Тауарлық-материалдық қорлрады жеткізіп беру үшін берліген аванстар» шоты;

      «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін  берілген аванстар» шоты.

Ал берілген аванстар 1610 дегеніміз ұйымның  жабдықтаушылар мен қызмет  көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, матриалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.

Бұл жоғарыда аталған шоттарға байланысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

      «Тауарлық-матриалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;

Кт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты.

Несие есебінен берілген аванс сомасы:

Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетліген қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;

Кт: «Банктен тыс мекемелердің несиелері» шоты немесе «Басқадай несиелер» шотының тиістісі.

Шетелдік ақша бірлігі, яғни валюта түрінде берілген аванстар бойынша тиімді бағамдық айырмашылықтың пайда болуына:

Дт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі;

Кт: 6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты.

Бұрынырақта аванс ретінде берілген соманың пайдаланғаннан қалғаны қайтарылғанда:

Дт: 1030  «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты;

Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беруі үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыс пен көрсетлетін қызет үшін берілген аванстар» шотының тиістісі.

Бұрынырақта берілген аванс есебінен жабдықтаушыларға тиісті қарыз соамлары өтелгенде:

Дт: 1210 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты;

Кт: 1610 «Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты немесе «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар» шотының тиістісі.

Жалпылама аталмыш бөлімшенің шоттары тауарлық-матреиалдық қорларды жеткізгені үшін алдын ала берілген аванстар сомасын сипаттайды. Осылайша аталып өткен шоттар мен олардың сипаттамасы, дебиторлық борыштар мен үшінші бөлімдегі басқадай активтер жайлы түсініктеме алуға мүмкіндік береді.

 

Операциялар мазмұны

Дт

Кт

Тип

1

2

3

4

5

1

Жабдықтаушыларға олардн алдағы уақытта алынатын тауарлар, материалдық құндылықтар үшін аударылған аванс сомасы

1610

1070, 1050, 1030

 

2

Мердігерлерге олардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары мен көрсететін қызметтері үшін аударылған аванс сомасы

1610

1070, 1050, 1030

 

3

Бұрын төленген аванс соамыс есебінен қоюшы мердігерлерге қарыз сома өтелді

3310

1610, 1610

 

4

Аванс ретінде жабдықтаушы-мердігерлерге алдын ала аударылған  сомалардың пайдаланбаған бөлігі қайтарылды

1070, 1050, 1030

1610, 1610

 

Информация о работе Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу