“Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, дипломная работа

Описание работы

Сенімді, сапалы несие портфелін қалыптастыру үшін банк өзінің тиесілі несие саясатын жетілдіріп, жолға қою керек, яғни нарықтық сегменттерді дұрыс таңдау, қызмет аясын анықтап алу қажет.
Мазмұны:
Несие портфелінің сапасына айрықша көңіл бөлу керек. Сапасыз несие портфелі,негізсіз (несие саясатын бұза отырып) берілген несие, несиені сенімсіз клиентке беру- осының барлығы айналып келгенде банкінің қаржылық тұрақсыздығына тірейді. Мезгілінде қайтарылмайтын несие берген Банк, өзінің

Содержание

Кіріспе
І. тарау “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық
мінездемесі
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. “Центр Кредит” АҚ басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы
1.3. Банктің жоғарғы органдармен, құрылтайшылармен, клиенттермен
және басқа органдармен қарым-қатынасы
ІІ. тарау Банктің негізгі операцияларның мінездемесі
2.1. Есеп айырысу операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.2. Несие операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.3. Депозиттік операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.4. Кассалық операцияларын атқару шарттары мен тәртібі
2.5. Халықаралық есеп айырысу және
валюталық операциялар
2.6. Банктің құнды қағаздарымен қызметі
2.7. “Центр Кредит” АҚ Атырау қаласының филиалында банктік
қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жалғамалар

Работа содержит 1 файл

банк БТА.doc

— 587.50 Кб (Скачать)

-         Ережеде көрсетілген талаптар мен нұсқаулықтар бойынша келіміс төлқұжатын жабады;

-         Ереже  шеңберінде мониторинг жүргізіп, ақпар береді.

Өкіл банктер төменде көрсетілген жағдайлардан басқасында, 10 мың АҚШ доллары мөлшерінен асатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді шығару немесе әкелу қаралған келісім шарттардың репатриациясын бақылауға алады.

- ҚР кеден шекарасынан өкіл банк арқылы ақша өткізу;

-  Ұлттық Банк немесе өкіл банк асыл металды әкелгенде немесе шығарғанда;

- ҚР-сының кеплдігімен сыртқы мемлекеттік займдар есебінен төлем жүргізілетін келісім шарттар бойынша;

- Төлемдер мен аударымдарды мемлекеттік органдардың бөлімшелері арқылы өткізетін мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындармен жасалған келісім шарт бойынша;

-  Қайтарымсыз  келісім бойынша  ақша аударымы болған жағдайда.

Болжамды мерзім 180 күннен кем болмауға тиіс.

Өкіл банк келісім шартта көрсетілген, 180 күннен асуы  мүмкін мерзімде репатриациялануын бақылайды және бұл жерде барлық жауапкершілік экспортер немесе импортерге жүктеледі. Келісім төлқұжатын дайындау қарастырылмаған келісім шарттарда, егер клиент әлі де мерзімін ұзартуды сұрап жазбаша хат түсірмесе, болжалды мерзім 180 күн деп есептеледі.

Сыртқа  шығару және әкелу /Экспортер және импортер/ 

-         Келісім шартқа қосымша жасауға негіз болатын тараптардың міндеттерін орындау мерзімі мен шарттарын орындауда және де басқа келісім шартқа өзгеріс немесе толықтырулар енгізілгендігін растайтын құжаттар мен ақпараттардың құқық берілген банкке тапсырылуы, болатын  өзгерістерден 10 күн бұрын, бірақ белгіленген мерзімде сол айдың соңғы күнінен кешіктірмей жасалуы тиіс;

-         Репатриация талаптарының орындалуын қадағалау мақсатында келісім төлқұжатын дайындауды талап ететін келісім шартта экспортер/импортер КТ-да  немесе қосымша бетшеде шамамен болса да шетел валютасының түсетін  мерзімін көрсетеді.

-         КТ-ын дайындауды талап етпейтін келісім шарттарда бағамды мерзім (ориентирвочный срок)  клиент өтінішінде көрсетіледі.

-         Төлемдерді немесе аударымдарды өткізгенге дейін немесе тауарларды  кедендік құжаттарын дайындағанға дейін экспортер/импортер құқық берілген банкте КТ құжаттарын дайындауы тиіс.

Экспорттық келісім

Тауарлар шетелдік  әріптеске ҚР кеден шекарасынан өткенен кейін ғана беріледі.

Болжамды мерзім –тауарды шетелдік әріптеске жеткізуге жұмсалатын және ол үшін қаржы төлеу аралығындағы мерзім.

- Тауар шетелдік әріптеске ҚР кеден шекарасынан өтпестен бұрын өткізілсе, болжалды   мерзім – бұл жағдайда шетелдік әріптестің алған тауары үшін қаржы аудару мерзімі.

 

Импорттық келісім

Шетелдік әріптес тауарды ҚР кеден шекарасынан өткенен  кейін тапсырса, болжалды мерзім- тауарды жеткізу уақыты  мен алдын-ала берілген қаржыны қайтару уақыты (егер келісім шартта қарастырылса)

Егер шетелдік әріптес тауарды ҚР кеден шекарасынан өтпестен берсе, бұл жерде болжалды мерзім  тауарды жеткізу уақыты мен ҚР кеден шекарасына жеткізу уақыты және кедендік құжаттар толтыру уақыты, алдын-ала төленген ақшаны қайтар уақаты.

Егер келісім шарт шеңберінде экспорт немесе импорт 1 мәртеден артық қайталанғанда тауарды жеткізудің немесе қаржы аудару кезінде міндеттерді орындаудың әртүрлі шарттары болса,  валюталық қаржының түсуінің болжалды мерзімі ретінде тауар үшін қаржы түсуінің ең ұзақ уақыты алынады. (жұмысты немесе қызметті орындаудың кезеңдері бойынша). Бұл жерде тауарды шетелдік әріптеске беретін жерге дейін жеткізуге кеткен уақыт немесе ҚР кеден шекарасына дейін жеткізуге кеткен уақыт және кедендік құжат дайындау уақыты барлығын қосқанда 1 жылдан аспауы тиіс. 

Экспорттық/импорттық валюта бақылауы шеңберінде тіркеу режиміне жиі қайталанатын клиент операциялары енгізіледі:

-         ҚР аумағында резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы тауарды өткізуге байланысты алынған коммерциялық несиелер

-         Резиденттер мен бейрезиденттер арсындағы қызмет көрсету, жұмысты жүзеге асыруға  байланысты алынған коммерциялық несиелер

-         Қаржылық займдар

-         Тікелей инвестициялар

-         интеллектулды меншік объектісіне құқық алу,  қаржы немесе басқа мүлікті бірлескен жоба бойынша қарастырылған міндетті орындау жолында келесіге беру.

 

Бейрезиденттер тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша Ұлттық Банк филиалына жолығады. Тіркелу куәлігі өтініш берушібарлық құжаттарын тапсырғаннан кейін  10 күн ішінде беріледі.(39 б)

Хабарлы болғандығы жөнінде куәлік алуымен хабарлы ету режиміне  төмендегідей опреациялар енеді:

-         шетел  банкісінен шот ашу;

-         Жылжымайтын мүлікке ие болу құқығымен байланысты операциялар (жеке тұлғаларға қатысты операцияларды қоспағанада, себебі олтуралы оларға қызмет көрсететін банк ай сайынғы есебінде көрсетіп мәлім етеді.)

-         Резиденттер мен бейрезиденттердің шетелдік тұлғаның жарғы капиталын қамтамасыз ету мақсатындағысалымдары;

-         Бейрезиденттердің банкке  бережақ қаржылық  займы коммерциялық несиелері;

-         Резидент- брокермен жасақталған брокерлік қызмет көрсетуе арналған келісім шарт негізіндегі тікелей инвестициялар

 

Хабарлы болу туралы куәлік алу үшін резидент ҚР ұлттық Банкінің жергілікті жердегі филиалына жолығады. Хабарлы болу жөніндегі куәлік тиісті  сұраныс беруші хабарламаны бергеннен кейін 10 күн ішінде беріледі.

Қазіргі екпінді дамуды бастан кешіріп отырған халықаралық сауда  өмірінде Банк пен клиент арасында өзара түсіністікпен  тиімді іскерлік байланыс өте қажет. «Центр КредитБанк»  қаржы қызметінің бірнеше түрін ұсына алады. Соның бірі саудалық қаржыландыру құралдарын қатыстыра отырып шетелдік және ұлттық тараптардың импорттық/экспорттық келісімдерге қызмет қылу.

Бұдан басқа «Цент Лизинг» ЖШС кейбір өнім ұсынушыларме рамкілік келісім негізінде арнайы төмендегідей лизингтік  қаржыландыру бағдарламасын ұсынады.

«CTAgro  GmbH» фирмасымен (CLASS фирмасының және Lemken, Horsch, Morris, Versatile компанияларының ауылшаруашылық машиналарын ұсынушы Қазақстандағы  бірден-бір дистрибьютері) . Егерде аталған бағдарлама бойынша жасалған лизингтік келісімнің  сомасы 500 000 евродан артық болса, лизингтік қаржыландыруға германиялық банктердің  және «Hermes Kreditversicherungs» экспортталушы несиені сақтандыру агенттігінің қатысын ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұндай сомаға лизинг арқылы CLAAS компаниясының комбайнын алу үшін лизингтің пайыздық мөлшерлемесі 10 пайызды құраса, лизинг мерзімі 6 жыл; егер лизингке алатын затыңыз «CTAgro GmbH»  (Lemken, Horsch, Morris, Versatile) компанияларының ұсынған техникаларынан болса лизинг өсімі  жылдық 12 пайыз, мерзімі 5 жыл болады.

«IPS Agri Blue  Star» фирмасымен (Case New Holland фирмасының дилері). Аталған бағдарлама бойынша 500 000 USD/EUR-дан асатын   мөлшердегі келісімді қаржыландыру шетелдік банктердің қаржысын тартумен және Польша мен Канаданың экспортталушы несиені сақтандыру агеттіктерінің  қатысымен, 5 жыл мерзімге,12 пайыздық мөлшерлемемен жүргізіледі.

«Hyundai» коммерциялық техникаларының 100-ден аса түрі мен модельдерін, оның ішінде автобустар, түрлі құрылыс және арнайы  техникаларын  ұсынушы «Hyundai  Commercial  Center  Kazakstan»   фирмасымен  (Қазақстандағы «Hyundai Corporation» компаниясының өкілдігі). Негізінен,  келісім сомасына қарамастан   «Hyundai» компаниясы шығарған техникаларды лизинг арқылы алу  5 жылға 12 пайыздық өсіммен жүргізіледі.

 

 

2.5. Банктің бағалы қағаздармен қызметі

Банктің құнды қағаздармен жұмысының  төмендегідей түрлері бар:

ҚР заңдылығымен және Қазақстан Республикасы қатынасушы болатын халықаралық келісім шарттармен, ҚР заңдылықтарына сәйкес бекітілген қосымша нормалармен және СРО мен сауда ұйымдастырушылардың Ережесімен   реттелетін брокерлік-дилерлік қызмет.

Брокерлік-дилерлік лицензия негізінде, Қазынашылық Департаменті мен Қаржы Департаментінің  жоғары дәрежелі мамандары  қаржы нарығындағы котировкадан бастап, құнды қағаз операцияларына салынатын салықтар, ҚР құнды қағаздарымен операциялар жасауда  сапалы қызмет көрсетуде Сізге қажетті кез-келген кеңесті, ақпаратты  тегін береді.  «ЦентрКредитБанк» АҚ Сіздерді брокерлік-дилерлік қызмет  көрсету саласында бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

Кастодиалды қызмет:

«ЦентрКредитБанк» АҚ-ның  кастодианды қызметтер көрсетуі

Кастодиан-құнды қағаздар нарығының кәіспқой қатысушысы, қаржы құралдарының және клиенттің ақшасы мен  оның растама құжаттарының есебін жүргізуші, сақталуына кепілдік бере отырып, клиент құжаттарын сақтауға қабылдау, ҚР заңдылықтарына сәйкес  басқа да жұмыстарды атқарушы.

Кастадион клиенттері бағалы құндылықтарының есебі мен сақталуы үшін шот ашқан  жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады.  Кастадион функциялары:

-         Кастодион қызметіне берілген қаржысы, құнды қағаздар мен басқа да құндылықтары үшін клиентке шот ашу;

-         Кастодион қызметіне берілген қаржының, құнды қағаздардың және де басқа құндылықтардың есебін жүргізу;

-         Кастодион қызметіне берілген қаржының, құнды қағаздардың және де басқа құндылықтармен жасалған келісім бойынша төлем агентінің функцияларын орындау;

-         Клиенттің құнды қағаздармен жұмыс жасауға келісім шарттарын тіркеу, және клиенттің құнды қағаздармен жұмыс жасау құқығын растау;

-         Құнды қағаздардан табыс тауып, оны клиенттің шотына кірістеу;

-         Клиенттің құнды қағаз құжаттарын сақтау;

-         Клиенттің бұйрығын оның мазмұнына сәйкес орындау;

-         Клиенттің құндылықтарының  сақталуы мен есебін оның негізгі активінен жеке дара бөлек жүргізу;

-         Шотты жүргізу, құнды қағаздар басқа да құндылықтардың  есебін жүргізудің технологияларын сақтау;

-         Өзінің клиентінің келісімдерінің құндылықтармен келісімдерінің орындалысын бақылау;

-         Клиентке шоттың жағдайы жөнінде ақпараттар беру;

-         Клиент шотының құпиялылығын қамтамасыз ету;

-         Клиентке құнды қағаз эмитенті жөнінде ақпарат жеткізу;

-         Басқа да кастодианды келсім шартта қаралған  қызметтерді көрсету.

 

Клиент пен Кастодион ара қатынасы және  көрсететін қызмет түрлері кастодиондық қызмет көрсету келісім-шартында анықталады.

Өз құндылықтарының сақталуы мен дұрыс есебін қамтамасыз етуді Инвесторлар негізінен бойынша Кастадиондар көмегіне сүйенеді. Сондықтан да бүгінгі таңда Кастадиондық қызмет қажеттілік туғызуда. Қазақстан нарығында ұзақ мерзімді кастадиондық қызмет көрсету тәжірибесі бар «ЦентрКредитБанк» АҚ-ында да Инвесторлардың талап –тілектері ескеріліп жүзеге асырылады.

«ЦентрКредитБанк» АҚ Сіздерді кастадиондық қызмет көрсету аясында бірлесіп жұмыс жасауға шақырады.

Банк қызметкерлері – лицензиялы кәсіпқой мамандар,  кастадиондық сервистік қызмет көрсетуде өз кеңестерін айта отырып, Инвесторларға көмек көрсетеді. 

              2006 жылы Банк жоғары өтімді бағалы қағаздарға регуляторлы талаптарына сай(2,2 рет) тәуекелсіз активтер ретінде салымдарын ұлғайтты. Бағалы қағаздардың орташа жылдық табыстылығы 11,6 пайызды құрап отыр.

             Банк активті түрде Қазақстан Республикасының Евробондтарымен сыртқы және ішкі нароықта операциялар жүргізеді.

             2006 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның КАSE қор биржасының абсолютті лидер ретінде танылып, арнайы дипломмен марапатталды.Биржалық нарықта «ЦентрКридитБанкі» АҚ мәміле көлемі, мемлекеттңк бағалы қағаздар бойынша жалпы үлесі 15 пайызды құрады.

                                                                                                                                                       

 

 

Кесте4,1

 

                               Бағалы қағаздар қоржынының динамикасы (млн.теңге)

 

 

                                                                                                                      

                                                                                            Жылдар

 

 

 

 

 

1.01.2004

 

1.01.2005

1.01.2006

104.2006

1.07.2006

1.10.2006

1.01.2007

1.04.2007

 

 

 

2 850

 

599              

 

1 432

 

7 989

 

8 595

 

11 290

 

10 402

 

17 831

 

 

Информация о работе “Банк Центр Кредит” АҚ ұйымдастырушылық экономикалық мінездемесі