Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Августа 2011 в 08:17, реферат

Описание работы

Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қолданыла бастады. Бағалы қағаздар шығара отырып олардан шығатын ақшаларды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады. Бағалы қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады. Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар сұраныс пен ұсынысқа таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату, сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.

Содержание

1. Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Бағалы қаздар 2.doc

— 157.50 Кб (Скачать)

    Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін   куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.

    Бұрын бағалы қағаздар тек  қана көрнекті қағаз үлгіде  болған және арнайы қағаз бланкілерінде  баспа түрінде басылған.

    Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаз. 
 

    2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу 

   Бағалы  қағаздар нарығын  реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.

   Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей  немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының  қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті  органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:

     •    мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін  мемлекеттік органдар шұғылданады;

     •    нарықтың өзін-өзі реттеуі,  немесе  бағалы  қағаздар  нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі.   Жалпы   мемлекеттің   немесе   нарыктын   кәсіби мамандарының өз реттеу қызметін бастауының ең алғашқы себебі бағалы кағаздар нарығынын кейбір іс-әрекеттеріне қалың бұқара топтарының қарсылығы болып табылады;

     •    қоғамдық реттеу, яғни нарықты қоғамдык пікір арқылы реттеу.

     Таратып айтқанда, бағалы кағаздар нарығындағы  кейбір іс-әрекеттер мемлекеттің  немесе нарыкка кәсіби қатысушылардың реттеу әрекеттерін жүргізуіне негізгі  себепші болуы мүмкін.

     Әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеу екі түрлі  жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

     Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

     •    бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөнінде  заң шығаратын өкілетті органдардың  жұмысы;

     •    осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;

     •    бағалы  кағаздар  нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін  өзгертетін басқа да мемлекеттік  органдардың іс-шаралары. Негізінен  бұл бағалы қағаздар нарыгына     қатысушыларға     лицензия     беру,     бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналысына шек крю немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

   Жанама  араласу тетіктеріне мыналар жатады:

     •    несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;

     •    мемлекеттің салық саясаты;

     •    депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;

     •    қарыз капиталы нарығына мемлекеттің  араласуы (қазы-нашылық облигацияларды, вексельдерді, орта және ұзақ мерзімді   бағалы   қағаздарды,   мемлекеттік   органдардың міндеттемелерін және с.с. шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;

     •    мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасы   мен   алтын   операцияларын,   экспорт   шараларын ынталандыру және с.с. жұмыстарды реттеу);

     •    мемлекеттің сыртқы экономикалық (саяси  байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.) іс-шаралары.

   Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік  органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не қаржы министрлігіне, не мемлекеттік (орталық) банкке жүктеледі. Мысалы, АҚШ-татиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте қүрылған бағалы қағаздар және кор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрактар Қаржы министрлігінде қаралады.

   Реттеуші   органдар   инвесторлардың   қаржьюын   қорғауға бағытталған  негізінен үш қызмет атқарады.

   Бірініиіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде кызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы кажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқығын алады.

   Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамсыз ету. Ол әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастыратын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

   Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқықтық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқығы бар. Ол үшін оларға мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тыйым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. үлкен өкілеттілік берілген.

     Бағалы  қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеттері:

     •  нарыққа қатысушылардың кызмет етуіне нарык ережесіне сай жағдай жасау;

     •    нарыққа   қатысушыларды   кейбір   жақтардың   алаяқтық, арамдық  және қылмыстық іс-әрекеттерінен қорғау;

     •    бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс негізінде ашық баға белгілеу процесін қамтамасыз ету;

     •    кәсіпкерлікті   ынталандыратын   тиімді   нарықты   калыптастыру және әрбір тәуекелге барабар сыйлық беру;

     • белгілі бір қоғамдық нәтижеге жеткізетін бағалы қағаздар нарығының ұлттық моделін (мысалы, экономикалық даму деңгейін көтеру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және т.б.) құру.

   Бағалы  кағаздар нарығын реттеудің мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге келушілердің заңды мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттің мұндай айырықша статусқа ие болуы ол бағалы қағаздар нарығында ең ірі эмитент (мемлекеттік карызды қаржыландыру), әрі инвестор (кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарындағы мемлекеттік акциялардың бумасы) болуына байланысты туындайды. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Олардың ең негізгісі - 1995 жылы Президенттің «Бағалы қағаздар жэне Қор биржасы туралы» жарлығына сэйкес құралған Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия.

   Қор нарығын мемлекеттік реттеу органының  негізгі атқарған қызметтері төмендегідей:

     •    бағалы қағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын  дайындау және орындау;

     •    қор нарығын реттейтін заңдар мен нормативтік актілердің жобасын  дайындау;

     •    бағалы кағаздар нарығын дамыту Бағдарламасын  орындау үшін мемлекеттің каржылық, техникалық және ұйымдық ресурстарын шоғырландыру;

     •  бағалы қағаздар нарығында қадағалауды  және бақылауды қамтамасыз ету;

     •    қор нарығына мамандар дайындаудың  мемлекеттік жүйесін құру;

     •    бағалы   қағаздар   нарығының   инфрақұрылымын   құруға әрекет жүргізу.

   Осы аталған қызметтердің орындалу барысында  Қазақстан бағалы кағаздар нарығындағы  және оның кызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылым қалыптасып, одан әрі дамуда. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп алдын-ала дайындалған концепцияға жүгінеді.

   Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен  және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган - ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.

     Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:

     •    бағалы қағаздар нарығын дамытудың  мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

     •   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік  және жеке) шоғырландыру;

     •    нарыққа қатысушылар үшін «ойын  тэртібін» белгілеу;

     •    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

     •  нарықтың жағдайы туралы ақпарат жүйесін  құру және оның инвесторлар үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

     •  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

   Бағалы  кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу  тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады.

   Өзін-өзі реттеуші ұйымдарол бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының нарықтың кейбір іс-әрекетін реттеу мақсатында ерікті негізде ұйымдасқан коммерциялық емес және мемлекеттік емес ассоциация немесе одақ түріндегі құрылымдар.

   Өзін-өзі  реттеуші ұйымдар өз шығынын өзі өтейтін қағидамен қызмет көрсетеді. Оның қаржысы мүшелерінің төлеген жарнасынан, әртүрлі төлемдерден, мүліктерін пайдаланғаннан түскен түсімнен, көрсеткен ақпараттық, кеңес беру және басқа да қызметтерінен алған қаражаттарынан құрылады.

     Бұндай ұйымдардың негізгі қызметі:

     •    бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың жалпы ережелері мен стандарттарын дайындау;

     •    кәсіби   қатысушылардың   және   клиенттердің   мүддесін қорғау;

     •    кәсіби  қатысушылар тиімді   қызмет   етуі   үшін   жағдай жасау.

     Өзін-өзі  реттеуші ұйымдардың құқықтары:

     •    кәсіби   қызмет  жэне   нарыктағы   операциялардың   стандарттары мен міндетті ережелерін дайындау;

     •    кадрлардың   кәсіби   дайындығын   қамтамасыз   ету,   осы нарыққа қатысушылар үшін міндетгі талаптарды бекіту;

     •    нарыққа   қатысушылардың  бекітілген   нормативтер   мен ережелердің  орындалуын бақылау;

     •    нарықтағы ақпараттық қызметті орындау;

     •   мемлекеттік    басқару    органдарында    нарыққа    қатысушылардың  мүддесін  қорғау және  олармен  байланысты қамтамасыз ету.

     Өзін-өзі  реттеуші үйымдардың белгілері:

     •    ерікті бірлесу;

     •  ұйымға мүшелік, яғни оның мүшесі — ол бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;

     •    ұйым қызметін және ұйымның өзін-өзі реттеуін ұйымдастыру, қатысушылардың қызмет ережесін бекіту;

     •    мемлекетпен қарым-қатынас орналастыру, ол - мемлекет өзінің   реттеушілік   қызметінің   бірсыпырасын   ұйымға беруі.

      Бұндай ерікті ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға нүсқан келтіргенін тексереді. Сонымен, маманданған ұйымның бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет істеуіне бағытталған іс-әрекеттері көп жағдайларда осы тұрғыда мемлекет мүддесімен сай келеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы