Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 14:34, реферат
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Қазақстанның салық жүйесі - реферат
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің
ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі
дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың
үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне
табыс салығы, одан басқа қоғамның
құқықты мүшелерінің
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі
бір төменгі деңгейден
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
Менің курстық жұмысымның
мақсаты – Қазақстан
I Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы, тарихы
және оның әлеуметтік-
Ұйымдық–құқықтық жағынан
салықтар – бұл мемлекет біржақты
тәртіппен заң жүзінде
Салықтар қаржының бастапқы
категориясы болып табылады. Салықтар
мемлекетпен бірге пайда болды
және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының
негізі болып табылады. Адамзат дамуының
бүкіл тарихы бойына салық нысандары
мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің
қажеттіліктері мен сұрау салуларына
бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының
ахуалына әсер ете отырып, олардың
дамыған жүйесінде айтарлықтай
өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі әрқашан салық
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және
төлем қабілеттілігіне салық
салудың қағидаттарын пайдалану
салық мөлшерлемелерін
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2. салықтың мөлшері мен
оны төлеу мерзімі алдын ала
және дәл анықталуы керек (
3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану
салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ
етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді
және Адам Смитке «салықтар – оны
төлейтіндерге құлшылықтың
Салық төлеуші салық заңнамасына
сәйкес салықтың міндеттемелерін толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде
орындауға міндетті. Салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төламдер айқын болуға тиіс. Салық
салудың айқындығы салық
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық
мәні мен мазмұны олар атқаратын
функцияларда толық ашыла түседі.
Жалпы қаржы категориясы
Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %). (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы // Алматы, 2003, бет 214).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың
қалыптасу жағдайындағы салық саясатының
негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған
қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты
табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың
өзін ақтамаған қағидатынан бас
тарту болып табылады. Бұл еңбек
белсенділігінің күшеюіндегі
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.
Мемлекетке түсетін
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
• салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші – арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
• салықтың объектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
• табыстың көзі – есебінен салық төленетін табыс;
• салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.
Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогрессивттік ставкалар
– табыстың өсіп отыруына байланысты
прогрессивтік салықтың орташа ставкасы
өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік
ставкасы бойынша, салық төлеуші
табыстың үлкен абсолюттік көлемін
төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін
төлейді.Прогрессивтік
Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық
субъектілері тікелей төлейді. Олар
заңды және физикалық тұлғалардан
алынады. Тікелей салықтар төлем
қабілеттілігіне тікелей
• азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
• мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
• үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
• мұрагерлік салық;
• жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы
– бұл жеке табыстар салығы, салық
төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан
(әдетте жылдық) алынатын алым болып
табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады,
бірақ түпкі есеп жыл аяғында
жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей
прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің
салық жүйелерінің ортақ
Соңғы жылдары табыс салығының
ставкасын төмендеу тенденциясы
байқалып отыр. Көп экономистердің
тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық
жүйесі үшін табыс салығының ашық
бейнеленген прогрессивтік
Заңды тұлғаларға табыс салығы
– корпорациялардың пайдасына салынатын
салық. Көп елдерде бұл тікелей
прогрессивтік салық болып
Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдердің
көбінде қолданылатын маңызы жағынан
екінші түрі – қосылған құнға салынатын
салық. Еңбек процесінде өздерінің
қарамағына келіп түскен еңбек заттарына
құн қосқан салық төлеушілеріне,
олардың қосқан құнына салық салынады.
Бірақ салық төлеушілердің