АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 13:05, курсовая работа

Описание работы

Екінші бөлімінде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы; АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі; АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі: аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады. Негізгі құралдардың түсуі негізгі құралдардың түсуі - жіберілуі актісімен берілген объектіге деген техникалық құжаттармен бірге толтырылады.
АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті толығымен , зерттеліп қарастырылды.

Содержание

Кіріспе
1Бөлім “ Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы және оның есебін ұйымдастыру
“Облгаз” АҚ-ның экономикалық жағдайы
“Облгаз” АҚ-ның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы

2 Бөлім АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі
2.1 АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы
2.2 АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі
2.3 АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі
2.4 АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті
2.5 Аудиторлық қрытынды
Қорытынды және ұсыныстар
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Есеп жане аудит.doc

— 223.50 Кб (Скачать)

Өндіріс өнімнің өзіндік  ұның анықтауда көптеген қосалқы есеп көрсеткіштерін дұрыс анықтау  өте күрделі жұмыс. Мысалы, бітпеген өнім табысы анықтау, өндірісте бүлінген өнім сомасын анықтау, жалпы өндірістік шығындарды бөлу, тағы басқа көрсеткіштерді анықтау.

Шаруашылық  субъектілерінің  “ақша – қаржысының есебі ақша операцияларының  негізіне сәйкес үш түрде жасалынаы: нақты ақша қаржысының әрекеттері. Касса кіріс – шығыс әрекеттері нақты құжаттар арқылы  тексеріліп анықталады. Аудит барысында есеп кестелері, касса есептері тексеріледі. Кәсіпкершілік операциясы – касса есебінде алғашқы құжаттар арқылы жеке-жеке негізгі құралдың сату табысы, материалдық емес активті сату табысы, тағы басқа түрлі кірстер жеке-жеке көрсетіледі .

Үшіншіден, касса арқылы жүргізілген  инвестиция әрекеттерінде  алғашқы құжат  арқылы жеке-жеке көрсетледі. Мысалы, құнды қағаз  шығарудан түскен табыс несие алу нәтижесінде түскен табыс тағы сол сияқты кіріс әрекеттері. Шығыс болған табыстары несиені төлеу, құнды қағаз сатып алу, тағы басқа осы топтағы төлемдер. Аудит барысында алғашқы құжат есеп кестелері арқылы олардың заңдылығын, дұрыстығын анықтау жасалынады.

 

    1. АҚ-ның  негізгі  құралдардың  тексеру  тәртібі

 

Негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  тұтастығының  аудиті. Аудиторға  келесілерді  тексеру  қажет:

  • Кәсіпорында  негізгі  құралдарды  қабылдау  және  оның  нәтежелерін   толтыру  бойынша  комиссияның  құрылғандығын;
  • Негізгі құралдарды стау сатып  алу  келісім  шарттары  толтырылғандығын;
  • Келісім  шарттың  бағалардың протоколдардың  толтырылғандығын;
  • Негізгі құралдарды қабылдау жіберу  актілерінде  бастапқы  құнның  дұрыс  көрсетілгендігін;
  • Объектілердің  жөндеуден  және  қайта  қалпына  келтірілуінен  кейінгі бастапқы  құнының  дұрыс  көрсетілуін.

    Негізгі  құралдар  объектілерінің  есебі  мен   бақылауының  жағдайын  тексеру  мәліметтері   бойынша  аудитор   бақылау  тиімділігі  жөнінде  қортынды  жасай  алады.

    Негізгі  құралдардың   тұтастығын  қамтамасыз  етудің  маңызды   талабы – олардың   қаттауының  сапалы  түрде  өткізілді.  Сондықтан  бақылау   процессінде   оның  толықтылығын  және  өз  уақытылығын   және  бухгалтерлік  есепте  нәтежелердің  дұрыс  көрсетілуін  тексеру  қажет.  Аудиторға  бұл  аудиторлық  тәуекелділікті  азайту  үшін  кәсіпорында  жүргізілген  қаттау  нәтежелеріне  қаншалықты  сенуге  болатындығына  көз  жеткізу  үшін  қажет.

    Негізгі  құралдар  есебінің  жағдайын  тексере  отырып,  аналитикалық  есептің  ұйымдастырылуының  дұрыстығына  көз  жеткізу  керек.

    Негізгі  құралдар  есебі  мен   бақылауымен  терең   танысу  мақсатында  аудитор  кәсіпорыннан  есеп  беруді  жасаған   күнге  дейін   ие  болған  негізгі  құралдың  типтері  бойынша  сарапталған  тізімін  талап  етеді.  Бұл  тізімге  негізгі  құралдар объектілерінің  құнының  төмендетілуі  мен  қайта  бағалануы  туралы  мәліметтер  енгізілуі  тиіс.

    Негізгі  құралдар  есепте  жүйелі  емес,  операциялардың  жасалу  шегіне  байланысты  көрінеді,  бұл амортизацияның  дұрыс есептелуіне және  оның  өндіріс пен айналым шығындарына жатқызылуына  әсер  етеді.

    Жинақталған  амортизациялық  шығындар  есеп  беру  күніндегі   жағдай  бойынша   есептелінеді.  Негізгі  құралдар  тізімінің олардың бар болуы,  қозғалысы туралы  ауқымды ақпараты  болғанына қарамастан  аудиторға негізгі құралдардың түсуі,  шығуы және  озғалысы  туралы  құжаттарды  алу керек.  Құжаттар  мен бухгалтерлік  жазбалар  бойынша негізгі құралдар  қозғалысы  бойынша  барлық  операциялар 01 “негізгі  құралдар”  шоты  бойынша  дұрыс  жүргізілгендігіне  көз  жеткізуге  болады.

    Шот – фактура,  келісім – шарт,  жалдау  туралы  келісімдер  сақтандыру  полисі,  салық   инспекциясының  жазбалары  сияқты  құжаттарды  тарту  аудиторға  тексеріс  объектісі  жөнінде  сенімді  ақпарат  алуға  мүмкіндік  береді.

    Негізгі  құралдар  бойынша  шаруашылық  операцияларының   құжаттық  бекітілуі  – бұл  шот   статьяларын   таңдау  және  кері  тәртіпте  бақылау   процессі,  яғни  есеп  жазбаларының  дұрыстығын  дәлелдеуші  бастапқы  құжаттарды  іздеу.  Негізгі  құралдар  бойынша  аудиторлар  таңдау  жасай  алады.  Сонымен  қатар  кездейсоқ  таңдау  әдісін  қолдануға  болады.  Осылайша  есепте  көрсетілген  негізгі  құралдарды   сақтандыру  бойынша  салықтар  мен  шығындарды  таңдауға  болады.

    Негізгі  құралдар  аудиті  процессінде   қайта  есептеу   тәсілі  жиі   қолданылады.  Жинақталған  шығын   арифметикалық   шама  ретінде   көрінеді,  сондықтан    оның  нақтылығына  тек қайта есептеу тәсілі  арқылы  көз жеткізуге болады.

    Негізгі  құралдар  қозғалысының  аудиті.  Негізгі  құралдардың   кәсіпорынға   түсу  жолдары:

  • Жабдықтаушылардан  төлем  арқылы  алу;
  • Қайтарымсыз  түсу;
  • Жалданған  негізгі  құралдар  құны  тәртібімен;
  • Бірге  қызмет  істеу  туралы  келісім шарт  бойынша  негізгі  құралдардың  қайтарылуы.

    Негізгі  құралдардың   түсуі  негізгі   құралдардың   түсуі -   жіберілуі   актісімен   берілген  объектіге   деген  техникалық   құжаттармен  бірге   толтырылады.

    Кәсіпорында  негізгі   құралдардың   есептен  шығу  себептері:

  • Объектінің  тозу  нәтежесінде  және  кездейсоқ  жағдайларға  байланысты  істен  шығуы;
  • Қайта  құру,  жетілдіру  нәтежесінде  істен  шығу;
  • Негізгі құралдарды  басқа  ұйымдарға  беру.

    Негізгі  құралдардың  жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы комиссия құрылады. Объектілердің істен шығуын комиссия орын басқарушымен бекітіледі, ал бухгалтер карточкада объектінің есеп шығу күні мен акт номерін қойы.

Негізгі  құралдардың қолдану  орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі  құралдардың хаттамалық тізімі (Негізгі  құралдардың формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы негізгі  құралдар объектілері туралы ысққаша мәліметтер беріледі.

Кәсіпорын ішіндегі түскен, есептен  шыққан және орын ауыстырылған негізгі  құралдарға хаттамалық карточкаға сәйкес жазудан кейін ай соңына дейін бөлек сақталады. Бұл ай сайын солардың негіінде негізгі  құралдар амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет.

Негізгі  құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру қажет, себебі дұрыс бағаламау жалпы көріністі бұзып қана оймай, сонымен қатар келесідей келеңсіз жағдайларға әкеледі:

    • амортизацияның  қате  есептелуіне;
    • есептелген  салық  сомаларының  өзгерісіне;
    • негізгі  құралдардың  шамасының  бухгалтерлік  (қаржылық) есеп  беруде  дұрыс көрсетілмеуіне.

    Негізгі  құралдар  қозғалысы  бойынша   операцияларды   аудиторлық  тексеру   кезінде  келесідей   сәттерге  назар   аудару  керек:

      • негізгі  құралдарды  жарғылық  капиталдарға  салым  ретінде  беру  негізінде  олардың бастапқы  құны тозуы және  беру  кезіндегі келісілген  құны  келтірілген тізімі  берілуі керек;
      • негізгі  құралдарды  алған  кезде  бастапқы  құны,  тозуы  және  стаып  алу  құны  көрсетілген сату сатып  алу келісім- шарты толтырылуы;
      • негізгі  құралдар  объектілерін  комплект  түрінде (мысалы, кеңсе  жиһазы) алған  кезде  хаттамалы  карточкаға  комплектке  кіретін  бөлек  бөлшектірінің  тізімі  енгізілуі  тиіс;
      • Негізгі  құралдар объектілерін  шет ел  валютасы мен  алған  кезде  объектінің  бастапқы құны  алған кездегі есептелген  курспен есепке алыну тиіс;
      • Негізгі  құралдардың  пайдасыздығын оларды  жөндеудің  мүмкін  еместігін  және  тиімсіздігін,  сонымен  қатар  оларды  есептен  шығаруды  құжаттау  бойынша  керекті  құжаттарды  толтыру  үшін  кәсіпорында  басшының  бұйрығы мен  арнайы  комисия  құрылуы  тиіс;
      • Қондырғыларды  өзгертуден  және  бұзудан  шыққан  барлық  бөлшектер, желілер  және  агригаттар  егер  олар  әрі  қарай  пайдалануға  жараса,  оларды  қоймаға  тапсырып, ол  операцияны  бухгалтерлік  есепте  сәйкес  жазумен  (Д10-К47)  көрсету  керек.

    Тозуды  есепке  алу аудиті.

    Аудит  барысында   негізгі  құралдардың   барлық  объектілеріне   амортизацияны   есепке  алуды   есепте  барлығын:  тозу  негізгі   құралдар  қозғалысының  есебімен  есептелінетіндігін  және  амортизация  нормаларының дұрыс  қолданылуын  анықтау  керек.

    Тозу  кәсіпорын   балансындағы  негізгі  құралдардың   барлық  түрі  бойынша  (жер   және  табиғи  ресурстар,  тұрмыстық  қор   нысандары,  кітапханалық  қор,  мұражайлық  және  сәулет  құндылықтарынан  басқа) есептелінеді.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша   амортизациялық  есептеулер  осы   нысанды  бухгалтерлік  есепке тіркеген  бойдан  кейінгі   айдың  бірінші   күнінен  басталады,  және  осы  нысанның  құның  толық өшіргенше немесе  оны бухгалтерлік  есептен жойғанша  есептелінеді. 

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша   амортизациялық  есептеулер  осы   нысанды  бухгалтерлік  есептен  жойған  немесе  оның  құның   толық  өшірген   айдан  кейінгі   айдың  бірінші  күнінен  бастап  тотылады.

    Негізгі  құралдар  нысаны  бойынша   амортизациялық  есептеулер  бухгалтерлік  есептеуде  бөлек   шотта   сәйкес  соманың  жинақталу   жолымен  көрсетіледі.

    Есептік  жыл   бойына  негізгі   құралдар  нысаны  бойынша  амортизациялық  есептеулер  ай сайын  есептеу  тәсіліне  арамастан  жылдық  соманы  1/12 мөлшерінде есептеледі.

     Негізгі  құралдардың  амортизациялық есептеулердің  сәйкес тобына  жатқызылуының дұрыстығын  анықтау өте маңызды.

    Тозудың шығындар  немесе басқалай көздер шотына жатқызылуының дұрыстығын тексеру үшін негізгі  құралдардың өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта екендігін анықтау қажет. 

 

2.4 А-ның қаржылық  қорытындыларының  аудиті

 

Аудиттің  негізгі мақсаты  шаруашылық субъектісінің  бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның мәлімет негізі – бухгалтерлік есеп және топталған мазмұндағы қорытынды есебі болады. Осы орайда мәлімет көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп  болсада есеп көрсеткштері есеп жасау үшін есеп кестелері арқылы бір жүйеге келтіріледі. өз кезегінде есеп көрсеткіштері сол есеп кестелерінің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады..

Аудти тұрғысынан мәлімет  көзінің ең негізгісі  – ол қаржы есебі. Қаржы есебі арқылы шаруашылық субъектісінің барлық жағынан жетістіктері, қаржылық жағдайы, табыстылығы толығымен көрсетіледі.

Информация о работе АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу