Аудиторлық қорытынды

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 14:57, курсовая работа

Описание работы

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.docx

— 35.37 Кб (Скачать)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

       Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

     Қазақстан Республикасының бүкіл халық  шаруашылығының нарықтық экономикаға  өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары  мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау  жүйелері механизмдеріне түбегейлі  әсер етті.

     Аудиторлық  қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты  – кәсіпорынның қаржылық жағдайы  туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі  туралы бақылау жүргізу.

     Аудиттің  мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет  аудитордың мамандығы фактілерді жинау  және бақылау аудит стандарты  аудитор ақпараты, есебі.

     Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын  басқару құралына аса қажетті  аудиторлық есеп беруосы курстық  жұмыста кеңінен және түбегейлі  қарастырылады. Негізінен экономика  саласы болсын не басқада салаларда  атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында  аудит жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін  және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудит соңғы  жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі  нарықтық жағдайда шаруашылық субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды. Яғни, аудиторлық есеп беру экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге  толық негіз бар.

       Курстық жұмыстың мақсаты: елдің  ішкі және сыртқы экономикалық  байланысы сауда-саттық қарым  – қатынасы болып табылатыны  мәлім. Яғни, курстық жұмыстың  мақсаты еліміздегі шаруашылықпен  немесе кәсіпкерлікпен айналысатын  заңды және жеке тұлғаларға  аудиторлық есеп беруді қалай  және қайтіп жүргізетіндігі туралы  мәлімет беру.

       Курстық жұмыстың мәні: Аудит-бухгалтерлік  есептің сапасын, тиімділігін  арттырып, оны халықаралық өлшемдер  мен стандарттарға негізделіп  жүргізуге жетелейді. Тәуелсіздік  алып егеменді ел болған қазіргі  таңда аудиторлық қызметке сұраныс  күннен-күнге арта түсуде.

     Осы курстық жұмыста аудиторлық есеп беру түсінігі ашылып, оның мақсаты, маңызы мен міндеттері анықталды. Сонымен  бірге, Қазақстан аудитінің нормативтік  базасы берілді. Кәсіпорынның аудиторлық есеп берудің  аудитін жоспарлау  және жүзеге асыру әдістемесі келтірілді.

       Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. АУДИТОРЛЫҚ  ЕСЕП БЕРУ ТҮСІНІГІ МЕН ОНЫ ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ
 
 

     «Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында  атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық есеп беру есеп жасалынады.

     Аудиторлық  есеп беру– бұл барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және сот  органдары үшін құқықтық статусы  бар құжат. Аудиторлық ұйымдардың (аудитордың)  есеп беруі Қазақстан Республикасының  процессуалды заңнамасына сәйкес тағайындалған  әкспертизаға теңестіріледі.

     Аудиторлық  есеп беру- тағайындалған аудиторлардың  компания немесе басқа ұйымның есептілігін  тексеру туралы есеп беруі. Аудиторлық есеп берулер аудиторларды кім және қандай мақсатта тағайындағанына байланысты әртүрлі рәсімделе алады. Басқалары  заңның түрлі талаптарын орындау  үшін тағайындалса, кейбір аудиторлар ішкі аудитпен айналысады.

     Аудиторлық  ұйым аудиторлық есеп беруді тек шаруашылық субъектіге келісілген данада және мерзімде табыс етуге міндетті.

     Аудиторлық  есеп беру 3 бөлімнен тұрады:

  • Кіріспе;
  • Талдау;
  • Қорытынды.

        Кіріспеде – аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен-жайы, телефон  нөмірі, оны берген органнын атауы, күні;Лицензияны қолдану мерзімі; Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты-жөні;Өз бетімен  қызмет көрсететін аудитор үшін аты-жөні аудитор болып істеген стажы, аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты, куәлігінің қолдану  мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.

        Талдау бөлімінде  – экономикалық субъектініңаты және қандай мерзімде тексеріс өткізіледі.

  • Қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керек есеп беруді толтыру және ішкі бақылау жағдайы;
  • Бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есеп беруді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;

        Қорытынды бөлімде  – экономикалық кәсіпорынның қаржылық есеп берудің нақтылығы беріледі.

    Аудиторлық  есеп беруге шаруашылық субектісінің бухгалтерлік

есептілігі  қосымша ретінде болуы қажет.

Тексеріс  кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар кәсіпорынмен жойылмаса, қорытынды  бөлімінде қаржылық есеп берудің  нақтылығына баға берілмеу туралы көрсетіледі.

     Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі  нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық есеп беру;
  • Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
  • Аудиторлық есеп беруден бас тарту;
  • Теріс аудиторлық есеп беру.

     Аудиторлық  есеп берудің әр парағына аудитордың қолы қойылады және жеке мөрімен расталады.

     Есеп  беруге (актіге) аудит жасаушылар, басшысы  және бас бухгалтер қол қояды.Басқарма мәжілісінде аудит кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, материалдық  зиянды орнына келтіруге және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға байланысты кең көлемде қаулы қабылданады. Осы актінің негізінде аудиторлық есеп беру толтырылады.

     Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды  есепті құруға негіз болатын нормативтік  құжаттар : «Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» , «Салыстырмалы көрсеткіштер» «Арнайы  мақсаттарға аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп»  деп аталатын Халықаралық аудит  стандарттары.

       Аудиттің  «ЖАЛПЫ   ҚОЛДАНЫСТАҒЫ  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕСЕПТІЛІКТІҢ  ТОЛЫҚ   КЕШЕНІ   БОЙЫНША  ТƏУЕЛСІЗ  АУДИТ  ЕСЕБІ»  Халықаралық   стандартының   мақсаты   -  жалпы   қолданыстағы  қаржылық  есептіліктің толық түрі аудитінің  нəтижесіндегі тəуелсіз аудиторға  нұсқау беру  жəне  стандарттарды   бекіту болып табылады. Ол  қаржылық  есептіліктің  тұжырымдама  негізінде  дайындалған,  сондай-ақ  аудитордың  осы  қаржылық  есептілік  жөніндегі  пікірін қалыптастыруда  қолданылады.

     Аудиторлық  есепте   қаржылық  есептілік  бойынша  нақты  аудиторлық  пікір  болуы  керек.

      200  ХАС -қа  сəйкес  қаржылық  есептілік аудитінің  мақсаты  -  аудиторға   қаржылық  есептіліктің  тұжырымдамалық  негізінің  барлық  маңызды  аспектілеріне  сəйкес   дайындалғанына  пікір  білдіру.

     Қаржылық  есептіліктің бекітілген тұжырымдамалық негізіне сəйкес барлық маңызды аспектілерде  нанымды  жəне  сенімді  берілгендігінің  көрінісі  пікірді  қалыптастыруға қажет.  Аудитор аудит үрдісі барысында  субъект пен оның саласы туралы біле отырып басшылық  жасаған  барлық  түзетулерден  кейін  қаржылық  есептілікті  қайта қарастырады. Аудитор сондай-ақ қаржылық есептіліктің жалпы  түсінігін,  құрылымы мен  мазмұнын  зерттейді.  Аудитор   негізгі  операциялар мен жағдайларды,  олардағы анықтаулар  мен  ескертулерді  ескере  отырып,  сенімді  көрсетуді  немесе  қаржылық есептіліктің  тұжырымдамалық  негізі  мəнмəтініндегі  қаржылық  ақпараттың  барлық маңызды  аспектілерде  нанымды  берілуін  қарастырады.  Аудиттің  соңындағы  талдау шаралары   аудит   барысында   қалыптасқан   пікірді    растауға  жəне  қаржылық есептіліктің  сенімділігі  бойынша  қорытынды  жасауға  көмектеседі.

     Аудиторлық  есеп берудің құрылымы мынандай элементтерден  тұрады:

     а) тақырыбы;

     б) адресат;

     в) кіріспе  немесе  баяндау  тарауы; 

     г) қаржылық  есептілікке  басшылық  жауапкершілігі;

     д) аудитордың  жауапкершілігі;

     е) аудитордың пікірі;

     ж) есеп беру  бойынша  басқа  жауапкершіліктер;

     з) аудитордың  қол  қоюы;

     е) аудиторлық есеп  күні;

     ж)  аудитордың  мекен-жайы.

     Аудиторлық   есептің   тəуелсіз   аудитор   есебі   екенін    растайтын   тақырыбы  болуы  қажет. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын  жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы

мүмкін  қорытынды есептердің, сонымен бірге  тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды  есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.

     Аудиторлық  есеп  келісім шарттарына  сəйкес  адресатқа  жіберілуі  керек. Ұлттық  заңдар  мен  нормативтік  актілер  осы  заңнамалар  шеңберіндегі  жалпы қолданыстағы   қаржылық   есептілік  кімге   жолданатынын  көрсетеді.   Əдетте қаржылық   есептілік  бойынша  аудиторлық  есеп  акционерлерге  немесе  субъектінің  басқару  өкілеттіктері  бар   тұлғалар    директорлар   кеңесіне   жіберіледі.   Есеп  қаржылық  есептілік аудиттелетін   акционерлерге  немесе  субъектінің  директорлар кеңесіне жіберіледі.

     Аудиторлық  қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген  қаржылық қорытынды есебіне қарастырылған  мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен  бірдей болуға тиісті.

       Қорытынды есепке қаржылық қорытынды  есептің ақпараттарына кәсіпорын  басшылары жауап беретіндігі,  онымен бірге аудитордың жауапкершілігі  жүргізілген аудиттің негізінде  қаржылық қорытынды есеп жайында  өзінің қорытындысын беру болып  табылатындығы туралы пікірлер  кіруге тиісті.

       Қаржылық қорытынды есеп –  кәсіпорын басшылығы дайындап  тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды  есепті дайындап, басшылықтан елеулі  есептік бағалаулар жүргізуді  және пікір білдіруді, сонымен  бірге қаржылық қорытынды есепті  дайындау кезінде пайдаланылған  қолайлы бухгалтерлік принциптер  мен әдістерді анықтауды талап  етеді. Және оған қарама –  қарсы, аудитордың міндеті сол  қаржылық қорытынды есеп бойынша  өзінің қортындысын беру мақсатында  оған аудит өткізу болып табылдады.

Информация о работе Аудиторлық қорытынды