Аудит және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2013 в 12:26, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны, субъектілері» болып табылады және осы курстық жұмыста қарастыратын сұрақтарым:
 аудиттің мәні, қажеттілігі, оның мақсаттары мен міндеттері;
 аудиттің сатылары мен функциялары;
 аудиттің түрлері, оның нұсқаларын жіктеу;

Содержание

Кіріспе
1 Аудиттің теориялық негіздері
1.1 Аудиттің мәні және қажеттілігі
1.2 Аудиттің пәні, мақсаттары мен міндеттері және маңызы
2 Аудиттің түрлері
2.1 Аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеу
2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
3 Міндетті аудит. Міндетті аудиттің мазмұны
3.1 Міндетті аудит түсінігі
3.2 Міндетті аудитті жүргізудің шарттары мен талаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Работа содержит 1 файл

аудит не доконченный.docx

— 86.17 Кб (Скачать)

Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан-жақты  бақылау ғана емес, менеджмент саясаты  мен сапасын бақылау да жүзеге асырылады. Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жүзеге асырады. Сыртқы аудиттің тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар болмауында, ұйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста байланысы жоқтығында болып табылады.

Сыртқы аудитті жүргізу  нәтижелері тексерілетін ұйымдардағы  есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп берудің дұрыстығы туралы қорытынды  жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.

Аудит объектілері  бойынша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорларының аудиті, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді. Мемлекеттік аудиттен басқа аудит түрлеріне ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк беретін қажетті лицензиялар қажет болады.

Тағайындалуы  бойынша аудит тиісті түрлерге бөлінеді:

Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субъектінің қаржылық қорытынды есебін тексеру. Оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.

Сәйкестік аудиті – бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.

Ішкі резервтердің пайдаланылуының  тиімділігін: тиімділігі, өнімділігі және икемділігіне қатысты ұйым шараларын, әдістерін және процедурасын талдау.

Салық аудиті – бұл салықтарды төлеудің, есептеудің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұстану.

Арнаулы аудит (экологиялық, операциялық және басқалар) – субъект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бір норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.

Экологиялық аудит – қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.

Операциялық аудит – басқару үшін тиімділігін, сенімділігі мен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизмінің жекелеген бөліктерінің қызмет етуін тексеру. Операциялық аудиттегі тексеру басқарудың өлшемдерін, ұйымдық  құрылымын бағалауды, бухгалтерлік есеп, компьютерлік жүйе әдістемесі мен механикасын, маркетинг пен кез-келген басқа салалардың әдістерін ұйымдастыруды қамти алады.Жүзеге асыру уақыты бойынша бастапқы және келісілген аудитті бөліп көрсетеді:

Бастапқы аудит – осы клиент үшін алғашқы аудиторлық тексеруді жүргізу. Бұл қаржылық есеп беруді тексеру кезінде аудиторда тұтынушы бизнесінің ерекшелігі, оның ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік болмайды.

Келісілген (қайталама) аудит – бұл жыл сайын сол бір тұтынушыға аудиторлық тексеру жүргізу: бұл жерде аудиторға бухгалтерлік есеп және ішкі бақылауды ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтары белгілі. Келісілген аудит тұтынушымен қатар аудит үшін де пайдалы. Егер тұтынушының аудиторлары жиі ауысып отырса, бұл қаржылық қорытынды есепті пайдаланушыларда, сонымен бірге келесі аудиторларда күмән және сезік тудырады.

 

 

2.2 Аудиттің сатылары және негізгі функциялары

 

Аудит және оның процедурасы  эволюцияның үш сатысынан (стадиясынан) өтті: растаушы аудит, жүйелі-бағдарламалы аудит, тәуекелге негізделген аудит. Бастапқы аудит бухгалтерлік құжаттар мен есеп берулерде көрініс тапқан операциялардың шындыққа жанасымдылығын тексеру және растаушы түрінде болды.

Растаушы аудитте негізінен бухгалтерлік құжаттар мен есеп берудің формаларын дұрыс жасау мәселелері қарастырылады, сол себепті де бұл кезең «кітапты аудиттеу» деп аталады. Аудиттің мұндай кезеңі тексеруді жүргізу кезінде аудиторлар әр шаруашылық операцияны тексеріп және дәлелдеп, бухгалтермен қатар өз есебіне алу тізімін құрады. Басқаша айтқанда мұндай аудитті есепті жүргізу немесе есепті қалпына келтіру деп атауға болады. Жүйелі бағытталған аудит шаруашылық операцияларды бақылайтын тұтынушы жүйесін бақылауды көздейді. Бұл кезде аудитор ішкі бақылауға негіз ұстайды. Ол оған жан-жақты тексеру санын қысқартуға және осы жүйеге сенуге мүмкіндік береді. Себебі ол есептегі қате мен дұрыссыздықты уақытында анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Аудитке жүйелі-бағдарламалы тәсілдеме батыс елдерінде 1960 жылдардың соңында пайдаланыла бастады әрі аудиторлар  сараптаманы іштей бақылаудың негізінде жүргізді. Бұл операцияны бақылайтын жүйені қадағалауға мүмкіндік берді. Егер іштей бақылау жүйесі тиімді жұмыс істейтін болса, онда егжей-тегжейлі тексерудің қажеті болмайды, өйткені нормалардың бұзылуы мен қателерді анықтау ісінде іштей бақылау жүйесіне белгілі бір деңгейде сенім білдіруге болады. Аудиторлық фирмалар кеңес беру қызметіне, аудиторлық рәсімді нысандауды жүзеге асыруға және болатын тексерулердің сапасын арттыра түсуге көп көңіл бөлетін болды.

Аудиттің жүйелі-бағдарламалы тәсілін жетілдіруге қарамастан, оның өз кемшіліктері бар. Мысалы, жүйелі-бағдарламалы аудит әкімшілікті ешкім бақыламайтын жағдайда қызметкерлердің үстінен  бақылау жүргізуді жүзеге асырады.  Бұл арада  аудиттің  процедурасы  басқарушы – инвесторларды емес, керісінше персонал – менеджерді алдап тұр ма, жоқ па, соны анықтауға  бағдарланған.

Тәуекелге негізделген  аудит – бұл кәсіпорынның жұмыс жағдайына, негізінен оның қызметіндегі тар әрі қиын межеріне қарай тексеруді іріктеп жүргізетін аудит. Аудиттің бұл түрі жұмысты тәуекелі жоғары шаруашылық операцияларда шоғырландыруға және тәуекелітөмен салалардағы тексеруді қарапайымдандыруға мүмкіндік береді.Ол тексеру немесе кеңес беру барысында болуы мүмкін  тәуекелдікті  ескерту және оның алдын алуға бағдарланған. Тәуекелдік аудиттің айырықша  маңызы – аудитордың немесе аудиторлық фирмалар өз беделін жоғалту және клиенттен айырылып қалудың ықтималдығында ғана емес, сонымен бірге, аудиторлық компаниялардың арасындағы қатаң бәсекелестікте, ірі айып-пұл мен моральдық зиянда, осы аталған қателерге ұрынып қалудың ықтималдығында болып тұр. Мәселен, мұндай жағдай үшінші бір тұлғаға немесе клиентке елеулі материалдық зиян шектіруге себеп болатын аудитордың ықылассыз және бұрыс қорытынды шығаруынан болады. Кәсіби беделден айырылу қаупі нақты аудитордың немесе аудиторлық компанияның толық күйреуімен бірдей десе де болады. Сондықтан да ШЖС-дің қызметін жан-жақты кешенді тексеруді жүргізуге мұқият дайындалып, басты назарды кадрларды іріктеуге бағдармаларды жасауға, алдағы жұмысты жоспарлауға және т.б. аудару қажет.

Аудитор орындайтын функциялар жүйесі ұдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген  функциялар мен қосалқы функциялар тізбесі қосылады. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тәрбиелік және әлеуметтік функциялары  көкейкесті  мәселеге  айналып  отыр.  Оның  үстіне,  халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сәйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау ұсынылып отыр.

Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақтылы  анықтауы қажет. Бұл субъектілер  қызметінің қаржылық жағдайы мен  қаржылық нәтижелерін, іскер белсенділігін  болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы  функцияларының пайда болуымен шарттасылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау қабылданған  этикалық және құқықтық нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және әлеуметтік функцияларды орындайтын. Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кәсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және ұлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды негіздеудің маңызды құралына айналып отыр.

Аудиторлық қызмет тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдар жүргізетін сыртқы аудит түрінде, сонымен қатар қызметі аудиторлық бақылауға алынатын ұйымның мамандандырылған бөлімшесі жүргізетін ішкі аудит түрінде жүзеге асырылады. Аудиттің екі түрінің де жалпы түпкі мақсаттары көбінесе сәйкес келеді – ол бақылау.

Сыртқы аудиттің басты міндеті – тексеру жүргізілген ұйымның дайындап тапсырған қаржылық қорытынды есебінің шындыққа сәйкестігін айқындау, оның белгілі бір кезеңдегі қызметінің нәтижесін және қаржылық жағдайын бағалау. Сыртқы аудит кезең сайын сырттан  шақырылатын  аудиторлар немесе әр түрлі аудиторлық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Аудиторлық қорытынды есеп негізінен жоғарғы тұрған ұйымдарға, акционерлерге, кредиторларға және тағы басқаларға арналған. Бұл қорытынды есепті ішкі аудиторлар да өз жұмысында қолданады.

Ішкі аудитті сыртқы аудитпен салыстырғанда табиғаты, мән-мағынасы, тағайындалуы мен ұйымдастырылуы өзгеше болып келеді. Ең алдымен ескерілетіні, ішкі аудит қызметі (немесе, оны кейде  ішкі ревизия қызметі, ішкі бақылау  қызметі деп те атайды) ұйым ішінде құрылған бөлімше бола отырып,  оның қызметін бағалау және тексеру бойынша  жүйелі әрі күнделікті, жұмысты атқарады. Ішкі аудиттің басты мақсаты – басқару мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бұл үшін ішкі аудит кәсіпорын басшылығын дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін жасалған талдаудың нәтижелерімен, белгілі бір бөлімшенің қызметіне баға берумен, ұсынастармен және уақтылы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Ішкі аудит – кәсіпорынға қызмет көрсету аясында жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін талдау үшін менеджмент арқылы анықталатын қызмет. Ішкі аудиттің көмегімен бақылау және  талдау  іске  асырылады,  сонымен қатар жүйелерді жақсартуға, жетілдіруге ұсыныстар беріледі. Оларға қызметтердің мынадай түрлері тән:

  1. Қаржылық және операциялық ақпараттарды тексеру. Бұл сыртқы аудитордың жұмысымен сәйкес келетін үнемі жалғасатын процесс;
  2. Операциялардың үнемділігін, тиімділігін талдау, оның ішінде қаржылық емес бақылау да бар. Кейде оны «ақша құнының» аудиті деп те атайды;
  3. Заңдар мен ережелерге, менеджменттің әр түрлі сыртқы талаптары мен саясатына және басқа да ішкі талаптарға сәйкестікті талдау.

Бұл үшін:

  1. Активтердің қабылдануы мен есептен шығарылуының заңды болғанына және осы активтердің тиімді түрде пайдаланылуы мен сақталуы қамтамасыз етілгеніне көз жеткізу керек;
  2. Міндеттемелердің ұйымның тек құқықтық операцияларына ғана қатысты бар екендігін растау.

Ішкі аудитор ұйымның  жүзеге асырып жатқан операцияларының  барлық типтері жайлы мәліметті  білуі қажет. Бұл оның жүзеге асырылған  операциялардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін міндеттемені тез танып  білуіне мүмкіндік береді. Ол ақпараттың барлық түріне қол жеткізе алуы керек, бұған өзгеше келісім-шарттарда  растап алатын хаттамалар да кіреді.

Ішкі аудит қызметінің жұмысы кәсіпорынның жоғарғы басшылығы  бекіткен «Ереже» деп аталатын фирмаішілік  актінің шеңберінде біліктілік, өз бетінше жұмысын іске асыра алушылық және жауапкершілік қағидаларының  негізінде құрылады.

 

2 - кесте

Ішкі және сыртқы аудиттің негізгі айырмашылықтары:

 

Айырмашылық салалары

Ішкі аудитор

Сыртқы аудитор

Масштабы

Менеджмент анықтайды

Заңдар анықтайды

Жолдары

Бухгалтерлік жүйенің  тиімділігіне және менеджментті нақты және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ететіндігіне кепілдеме береді

Акционерлерге ұсынылатын қар-жылық қорытынды есеп әділетті әрі дұрыс көзқарасты білдіретін-дігіне сенімді қамтамасыз етеді

Жауапкершілігі

Менеджменттің алдында

Тапсырыс берушілердің алдында


Қазіргі кезде ішкі аудиторлардың  өзінің айналысатын қызметін бухгалтерлік есеп саласы ретінде тану тенденциясы  байқалуда. Өзінің жұмыс көлемі оларға үлкен болып көрінетіндіктен, олар өз кезегінде аудиторлық жұмыспен байланысты қызметпен қатар басқа да әр түрлі  қызметпен айналысады.

Ішкі және сыртқы аудиттің мақсаттарының әр түрлілігіне қарамастан, оларға жету жолдары көп жағдайда ұқсас келеді. Ішкі аудитордың жұмысы сыртқы аудиторлық процедуралардың  мерзімі мен дәрежесіне, сипатына өзгерістер енгізу үшін қолданылуы мүмкін. Әрине, сыртқы аудитор өзінің аудиторлық пікірі үшін толық жауапкершілікті  ішкі аудиторда сондай дәрежедегі тәуелсіздік  бола алмайтындықтан ғана мойындамайды.

«Ішкі аудиторлардың тәуелсіздігі сыртқы аудиторлардың тәуелсіздігінен  өзгеше болып келеді. Ішкі аудиторлардың  тәуелсіздігі олардың ұйым ішіндегі  беделімен, яғни атқаратын қызметімен және бағынуымен, сонымен қатар әділеттілігімен  анықталады. Сыртқы аудиторлар үшін тәуелсіздік  клиент-фирманың, оның басшылығы мен  иелерінің алдында қандай да бір  міндеттемелердің немесе оларға бағытталған  қаржылық қызығушылықтың жоқтығымен анықталады.»

Ішкі аудитті  жүргізу әдістемесі. Аудит процесі бірнеше негізгі кезеңдерге бөлінуі мүмкін. Төменде аталған кезеңдер кез-келген аудиторлық тексеруге, оның ішінде ішкі аудитке де (оның ерекшеліктерін есепке ала отырып) тән:

  • алдын-ала жоспарлау;
  • тәуекелдікті бағалау;
  • аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын жасау;
  • аудитті жүргізу;
  • аудиттің нәтижелерін құжаттық рәсімдеу және бағалау;

Информация о работе Аудит және оның түрлері