Аудит дегеніміз не?

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 17:05, реферат

Описание работы

Аудит туралы шыққан басылымдар «аудит»- деген түсінікке әр түрлі анықтамалар берілген.Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған.К.Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автор 13 түрлі анықтамасын келтірген.Біз оның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық..

Работа содержит 1 файл

Аудит (тапсырма 1).docx

— 26.00 Кб (Скачать)
 

Аудиторлық  қызмет көрсету түрлері

    Аудиторлық қызмет дегенiмiз аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептiлiк аудитiн жүргiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар өз қызметiнiң бағыты бойынша қаржылық есептiлiк аудитiнен басқа мынадай:

  • бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру, қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық және статистикалық есептiлiктер жасау;
  • салықтық жоспарлау, бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеу салық декларацияларын толтыру;
  • қаржы-шаруашылық қызметтi талдау;
  • қаржы, салық, банк және өзге де шаруашылық заңдары мәселелерi бойынша
  • консультация беру және ақпараттық қызмет көрсету;
  • қосымша кәсiби бiлiм ретiнде бухгалтерлiк есепке, салықтық есепке, аудитке және қаржы-шаруашылық қызметке талдау жасауға оқыту;
  • оқытушылық, ғылыми қызмет;
  • бухгалтерлiк есептi автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар жасау, автоматтандырылған
  • есеп жүргiзудi оқыту;
  • бухгалтерлiк есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша ғылыми талдама жасау, әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар шығару;
  • бизнестi бағалау;
  • бағалау қызметi;
  • бағалы қағаздар рыногындағы қызмет;
  • адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметтерiн көрсету жөнiнде қызметтер көрсете алады.

   Егер  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген  қызмет түрлерiн көрсету тиiстi лицензия алуды қажет етсе, аудиторлар мен  аудиторлық ұйымдардың осындай лицензиясыз  бұл қызметтердi көрсетуге құқығы жоқ.".  

   Аудит Қазақстан Республикасы заңында  белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды  есебін тексереді. 

Қазақстанда аудит қалай дамыған?

   Қазақстан Республикасында аудит фирмасы  алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес  өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы  бойынша құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы  қаулы негізінде Республиканың  Қаржы Министрлігі жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері  құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік  компания болып, Республикамыздағы  барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.

     Еліміздегі аудит жұмысының тиянақты  дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге,  құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес  қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы  аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір  жүйеге келтіріп, оның тиімді  жүргізілуін қамтамасыз етеді.  Осы заңға сүйене отырып еліміздегі  аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен  қарым-қатынас, бірлесіп аудит  жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.

     Қазіргі кезде біздің елімізде  Еуропалық "үлкен алтылық"  тобының филиалдары жұмыс істейді.  Сонымен қатар, біздің елдің  аудит фирмасы да қосылып аудит  жұмысын жасайды. Соның салдарынан  аудит қызметінде тағы басқадай  қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.

     Қазақстан Республикасында нарықты  қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше  орын алатыны шет ел үлгісінен  белгілі. Себебі нарықты қатынас  принципімен дамуды қамтамасыз  ету үшін ол елде-бәсекелестік  шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті  қамтамасыз ету үшін өте қатал  бақылау-тексеру болуы қажет.  Соның нәтижесінде ғана нарықты  қатынас жолымен дамудың тиімділігі  іске асырылады. Немесе "ойын  тәртібі" сақталмаған елде  экономикасының нарықты қатынас  жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының  қажеттілігі көптеген себептермен  анықталады. Олар, біріншіден, кәсіпкерлер  өз шаруашылығының тиянақтылығын  қамтамасыз ету , екіншіден, өз  жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу, үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу . Келесі сызбада аудит қызметіне сипаттама берілген.

Информация о работе Аудит дегеніміз не?