Аудит дегеніміз не?

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 17:05, реферат

Описание работы

Аудит туралы шыққан басылымдар «аудит»- деген түсінікке әр түрлі анықтамалар берілген.Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған.К.Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автор 13 түрлі анықтамасын келтірген.Біз оның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық..

Работа содержит 1 файл

Аудит (тапсырма 1).docx

— 26.00 Кб (Скачать)

Аудит дегеніміз не?

      Аудит туралы шыққан басылымдар  «аудит»- деген түсінікке әр түрлі анықтамалар берілген.Әрбір автор өзінің анықтамасын өз тарабынан анықтаған.К.Ш. Дюсембаев «Теория аудита» деген кітабында әр автор 13 түрлі анықтамасын келтірген.Біз оның төрт түрлісін келтірейік те мазмұнын қарастырып талдайық..

      СНГ авторларының «аудитке» берген анықтамалары:

1) Аудит  дегеніміз-кәсіпорынның табыстылық есебін тексеріп,онда көрсетілген шаруашылық табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын анықтап,сонымен қатар бухгалтерлік есебін,қаржысын,салық заңдарын,банк және әлеуметтік есеп процесін келісім-шарт бойынша кәсіпкер ретінде тексеріп, арнайы төлем арқылы қызмет көрсету.

2) Аудит  дегеніміз ол-табыстылық есебін немесе соған қатысты объектілер туралы мәліметтерді арнайы қорытынды жасау үшін дербес тексеру жүргізу.

3) Аудит  дегеніміз-шаруашылық-табыстылық операцияларының заңдылығын тексеріп,әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардың бухгалтерлік есебінің дұрыстығын анықтап,арнайы төлем арқылы бақылау,тексеру,түсініктеме беру,сараптау қызметін көрсету.

4) Аудит  дегеніміз-кәсіпорындардағы,мекемелердегі  бухгалтерлік есептің дұрыстығын  анықтау мақсатымен жүргізілетін  тексеру.

   Осы келтірген анықтамалардың  мазмұнын талдап қарастыратын  болсақ әр түрлі мазмұнда құралғанын  көреміз.

   Еліміздің экономикалық нарықтық  қатынасқа көшу барысында ғылыми  мен білім практикалық қызметін  даму жолында жаңа ғылым саласының  пайда болуына алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын  айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылады.Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде,қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған  қажеттілік туғызатын қарастыру қажет.

   Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан,яғни ол «тыңдап тұр» деген мағнаны білдіреді. Шаруашылық – жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор»-«тыңдаушы» дегенді білдіретін,яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам.Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған. 

Аудиттің  мақсаты, маңызы мен  міндеттері:

   Аудиторлық  қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

   Қаржылық  есеп беру аудитінің  мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек. Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

   Жеке  және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен  қатар кредиторлар өз қызметтерінің  саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

   Аудиттің  маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

   - экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

   - салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің; 

   - қаржылық есеп беруді әр түрлі  пайдаланушылардың; 

   - аудиторлардың меншік иесі мен  мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп                  және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсаты.

   Аудиторлық  қызметтің негізгі  міндеті - экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

   Сапалы  тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша  бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық  әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет. 

Аудиттің  пайда болу себебі?

   Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет  елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен  орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне  үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан  да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор  дайындау өте қажет жұмыс деп  табылған.

     Америка Құрама Штаттарындағы  ғалымдар аудиторлық фирмалардың  жұмыстарын, атқаратын функциясы  зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің  идеясы, мазмұны мен мағынасына  ерекше көңіл бөліп қарастыруға,  талдауға тұрарлық жұмыс, біздің  жағдайымызда оны қолдану, есепті  жетілдіру мен өндірісті басқару  ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық  және экономикалық эффект берер  еді"-деп жазған.

     Аудит мамандарын шет елдерде  әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та  олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор,  Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе  есеп комиссары, Германияда-шаруашылық  басқарушысы және тағы басқадай  деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне  қарамастан олардың барлығы бір  ғана мақсатпен жұмыс істейді.  Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің  бухгалтерлік қортыныды есебін  тексеру, оның ішінде қаржылық  деңгейін тексеріп анықтау ерекше  орын алады. Аудитордың ең негізгі  мақсаты сол тексеру нәтижесін  тұжырым жасау арқылы аудиторлық  қорытынды жасау.

     Дамыған елдерде ерте кезден  бастап аудит жұмыспен шаруашылық  субъектілеріне қызмет көрсету  деп- атап кеткен. Оған себеп,  кәсіпкер өз субъектісі туралы  аудиторлық қорытынды алу үшін  келісім-шарт жасау арқылы төлем  жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт  талабына сәйкес тексеру жасап,  аудиторлық қорытынды береді. Аудитор  өз кезегінде әр үрлі қызмет  көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік  есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

     Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі  ол-шаруашылық субъектілеріне, өндіріс  барысына байланысты, өнімді сату  барысына, маркетинг мәселелеріне  қатысты түсініктемелер, кеңес берумен  шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі  аудит фирмалары үлкен информатика  орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

     Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен кәсіпкерлік  жасайтындардың яғни, қаржы компанияларының,  банкілердің, биржалардың, акция  иелерінің қорытынды бухгалтерлік  есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет)  мәліметтерін тексеріп өзінің  аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор қорытындысы  ақша, құнды қағаз айналу операцияларын  жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге  өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер  тобымен жұмыс істеуніе кепілдік  береді. Қорыта келгенде, аудитор  қорытындысына сүйене отырып, ақшамен,  кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа  түседі. Мысалы, банк несие беру  үшін шаруашылық субъектілерінің  өндірісінің тиянақты жұмыс жүргізетін  қаржылық жағдайының тұрақты  екенін аудит қорытындысы арқылы  анықтайды. Сол сияқты, кез-келген  кәсіпорында өзара қарым-қатынасқа  сенімді болу үшін аудитордың  қорытындысы болу қажет.

     Осы жоғарыда айтылған аудит  ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану  үшін экономикасы жоғары дамыған  елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік  қорытындылары, бухгалтерлік отчеты  тек қана аудитор қорытындысы  болған жағдайға ғана басылымға  шығады. Кәсіпкерлер сол басылымға  шыққан есеп-ақпарат мәліметтерін  зерттеп, талдау жасағаннан кейін  ғана өзіне қажет, сенімді кәсіпорындармен  қарым-қатынасқа түседі. Яғни, анық  мәлімет алу үшін мұқтаждығы  бухгалтерлік ақпараттардың дұрыстығын  анықтайтын аудит жұмысының қажеттілігін  тудырады.

     Аудитке қажеттілікті тудыратын  объективтік жағдайлар:

    - инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің  бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне  байланысты. Себебі, олардың мүддесі  бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі  өз пайдасына тиімді түрінде  есеп жүргізуі мүмкін;

    - кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат  көрсеткіштері дұрыс болмаса,  соған сәйкес шаруашылықты басқару  шешімі дұрыс болмауынан;

    - кәсіпорын әкімшілігінің арнайы  білімінің болмауы мүмкін;

    - кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне  сәйкес, "коммерциялық құпияны"  сақтауға байланысты, есепке алынған  мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан. 

Аудит түрлерін атаңыз

   Аудиттің  түрлерін зерттеудің зор әдістемелік  маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект  ретінде ішкі және сыртқы аудит болып  бөлінеді. Зандылыққ тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру  болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан  қол жұмысы түрінде және компьютерді  пайдалану болып бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ішкі  және сыртқы аудит  арасындағы айырмашылығы

Элементтері Ішкі  аудит Сыртқы  аудит
Аудит объектісі 
 
 
 
 
 

Біліктілік 
 
 

Әдістері 
 
 
 

Мақсаты 
 

Ақпарат

Тапсырушы анықтайды.Нақты  кәсіпорын активін тексеру,табыстылығын қамтамасыз ету мәлімет жүйесін  дұрыс қолдану. 
 
 

Кәсіпорын басшыларының қалауы бойынша анықталады.Тәуелсіздік.Мамандарды бақылау.

Ішкі  және сыртқы аудит қызметінде әдістері бірдей.Еркешеліктері аудит объектісі  мен мақсатына сәйкес әр түрлі  болады. 

Тапсырушылар  басшысымен және жұмыс анықталады. 

Тапсырушыға,кәсіпорын  басшыларына

Сыртқы аудит  статусы анықтайды.Қаржы есебін тексеру,оның көрсеткіштерінің дұрыс  екенін анықтау.Дамыған елдердегі  өндіріс барысының аудиті. 

Мемлекет  тұрғысында өте қатал талап қойылады,оны  біліктілік комиссиясы шешеді.Шексіз дербес – тәуелсіздік.

Ішкі  және сыртқы аудиттің әдістері бірдей.Олардың  айырмашылығы аудит күрделігіне  сәйкес бөлінеді 

Заң талабына сәйкес аудит принциптерімен анықталады. 

Сол сияқты мәлімет қолданылатын талапкерлер  үшін.Тапсырушыға

Информация о работе Аудит дегеніміз не?