Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:27, курсовая работа
Описание работы
“Ақшанын пайда болуы және мәні” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.
Содержание
Кіріспе 1 Ақшаның пайда болуы және мәні 1.1 Ақшаның пайда болу тарихы 1.2 Ақша теориялары 1.3 Ақшаның түрлері 2 Ақша айналысы және қызметтері 2.1 Ақша айналысы мен заңы 2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы 2.3 Ақшаның қызметтері 3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі Қорытынды Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Оның пікірінше, ақша айналысының
заңының мәні ақшаның айналыс
қызметін атқаруға қажетті ақша саны,
сатылатын таурлар бағасы ақша айналысының
жылдамдығына қатынасын білдіреді.
Ақша айналысының заңы айналыстағы
жүрген тауарлар мен олардың бағасының
деңгейі мен ақша айналысының
жылдамдығы арасындағы экономикалық тәуелділікті
бейнелейді.
Ақша айналысы заңы – тауарлар
айналысы үшін қажетті ақшалардың санын
анықтайды.
Тауарлардың бағаларының сомасы
Ата = (1),
Ақша айналымының саны
Бұл жерде бір айта кететіні, ақшаның
төлем құралы қызметін атқаруымен байланысты
бұл формула да нақтылануды талап
етуде.
Айналысқа қажетті ақша санын мынадай
бейнелеуге болады:
СТБ – НТБ + МТС
- ӨТС
АҚ = (2),
АОС
мұндағы А – айналысқа қажетті
ақша саны;
Стб – сатылатын тауарлар бағасының
сомасы;
Нтб – несиеге сатылған тауарлар
бағаларының сомасы;
Мтс – міндеттемелер бойынша төлемдер
сомасы;
Өтс - өзара өтелетін төлемдер сомасы;
Аос – айналыс және төлем құралы
ретіндегі ақша айналымының орташа
саны.
Осындай жағдайларда айналысқа
қажетті ақша санына өндірістің
дамуының шарттарына тәуелді
болып келетін әр алуан факторлар
ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы
тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ
шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік
тауарлар және көрсетілген қызметтер
бағаларының деңгейіне байланысты да
анықталады.
Айналысқа қажетті ақша санына мыналар
кері ықпал етеді: несиенің даму дәрежесіне,
себебі қаншалықты тауарлардың басым
бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа
аз мөлшерде ақша қажет етіледі; қолма-қолсыз
есеп айырысудың дамуы; ақша айналысының
жылдамдығы.
Металл ақша айналысы тұсында айналыстағы
ақша саны ақшаның қазына жинау құралы
қызметінің көмегімен реттеліп отырды.
Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса,
онда айналыстағы артық ақша (алтын
монета) айналыста қазынаға кетіп, ал
егер ақшаға деген қажеттілік үлғайса,
онда айналысқа қажеттілік ұлғайса,
онда айналысқа қажетті мөлшердегі
ақша қазынадан айналысқа шығарылып
отырады.
Егер де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын
банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық
билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда
қолма-қол ақшалар айналысы қағаз
ақшалар айналысының заңына сәйкес
жүргізіледі.
Ақша айналысын қолдап отыру
шарттары мен заңдары мынадай
екі фактордың өзара әрекет етуімен
анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген
қажеттілік және айналымға ақшалардың
нақты түсуімен. Егер де айналымдағы
ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті
ақшадан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып
алу қабілетінің төмендеуіне, яғни
инфляцияға жол береді.
2.2 Ақша базасы мен ақша массасы
Ақша айналысының негізі сандық
көрсеткіштерінің біріне ақщша массасы
мен ақша базасы жатады.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға,
кәсіпорындармен мемлекетке тиісті
және шаруашылық айналымына қызмет ететін
сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі
бір кезеңдегі ақша айналысының
сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ
ақша массасының өсуі мен көлемін
реттеуге байланысты шараларды жасау
үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады.
Ондай көрсеткіштерді ақша агреттары
деп атайды.
Өнеркәсіп жағынан дамыған елдердің
қаржылық статистикасында ақша массасын
анықтау барысында мынадай ақша
агрегаттарын қолданылады:
М1 агрегеты, яғни ол айналыстағы нақты
ақшаларды (бакноттар мен монеталарды)
және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды
қамтиды;
М2 агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық
банктердегі мерзімді және жинақ
салымдарынан тұрады;
М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы
несиелік мекемелердегі жинақ салымдарын
құрайды;
М4 агрегаты, М3 агрегаты қосылған ірі
коммерциялық банктердегі депозиттік
сертификаттардан тұрады.
Қазақстан Респуликасында ақша массасы
Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі
банкілердің баланстық шоттарын
шоғырландыру негізінде анықталады
және оның құрамының айналыстағы
қолма-қол ақша және резидент заңды
тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері
жатады.
Ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге
жататын резервтік және бастапқы
ақшаларды білдіреді. Ол мынадай
формуламен есептеледі:
МВ = СIC + RR + DCB
(3),
мұндағы CIC – айналыстағы нақты
ақшалар;
RR – міндетті резервтер;
DCB – екінші деңгейдегі банктердің
Ұлттық банктегі қор, шоттағы
қаражаттары.
CIC = L ( H + C )
(4),
мұндағы Н – айналысқа шығарылған
банктік билеттер;
С – айналысқа шығарылған монеталар.
Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы
туралы соңғы жылдардағы көрсеткіш.
1-кесте – Ақша агрегаттары
млн.Теңге кезеңнің соңына
Ақша агрегаттары
12.00
12.01
12.02
1
2
3
4
5
Ақша базасы (резервтік ақша) оның
ішінде:
Ұлттық банктен тыс қолма-қол
ақша
ЕДБ-дің және басқа ұйымдардың Ұлттық
банктегі депозиттері
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша)
М1
оның ішінде:
3.1. халықтың теңгедегі аудармалы
дипозиттері
3.2. бакнтік емес заңды тұлғалардың
аудармалы дипозиттері
М2
оның ішінде:
4.1. халықтың теңгедегі басқа
да дипозиттері және шетел
валютасындағы аудармалы дипозиттер
4.2. банктік емес заңды тұлғалардың
теңгедегі басқа да дипозиттері
және шетел валютасындағы аудармылы
дипозиттер
М3
оның ішінде:
халықтың шетел валютасындағы
басқа да дипозиттері банктік емес
заңды тұлғалардың шетел валютасындағы
басқа да депозиттері
134416
116335
18081
106428
195442
15245
73769
290643
21662
73539
397015
51573
54999
174959
145477
29482
131175
224234
1912
91148
337980
48876
64870
576023
134077
103967
208171
177899
30272
161701
287293
17799
107792
498071
61442
149336
764954
171439
95443
Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына,
қазіргі кезде ақша-несие статистикасын
жасау және талдауда қолданылып жүрген,
ақша базасы мен белгіленуі М3 –
ақша массасы жатады. Ақша массасы
құрылымына мынадай ақша агрегаттары
жатады:
М0 (айналыстағы қолма-қол ақша немесе
банк жүйесінен тыс ақша);
М1 = М0 + банктік емес заңды тұлғалар
мен халықтың теңгедегі аудармалы
дипозиттері;
М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер
және банктік емес заңды тұлғалар
мен халықтың шетел валютиасындағы
аудармалы дипозиттері;
М3 (ақша массасы) = М2 + банктік емес
заңды тұлғалар мен халықтың шетел
валютасындағы басқа да депозиттері.
Аудармалы дипозиттер –
1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз
атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады;
2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің
көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер
жүргізуде кеңінен қолданылады.
Аудармалы дипозиттер қысқа ақша
массасының бір бөлігін құрайды.
Басқа дипозиттер – негізінен, ол
белгілі уақыт аралығынан кейін
ғана алынатындығы немесе әр түрлі
шектеулері жай коммерциялық операцияларда
біраз қолайсыздық туғызатын
және жинақ механизміне қойылатын
талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін
жинақ және мерзімді дипозиттер. Басқа
дипозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында
салынған басқы салымдар мен дипозиттерді
қамтиды.
Ақша базасының ақша массасына
ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам)
көмегімен мынадай формула арқылы
есептеледі:
М3 (ақша массасы)
Ам =
(5),
МВ (ақша базасы)
мұндағы М3 - ақша массасы;
МВ - ақша базасы.
Егер мысалы, ақша мультипликаторы
2,0-ге тең болса, онда ақша базасының
әрбір 2 теңге жасауға қабілеттілігін
көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы
депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының
мәні өткен жол мен салыстырғанда 3,29-дан
3,67-ге дейін өсіріп отыр
2.3 Ақшаның қызметтері
Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын
негізгі қызметтері арқылы орындайды.
Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы процесінен
туындайтын тауар өндірушілердің формасы
ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық
мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын
қызметтеріне мыналар жатады:
Құн өлшемі және баға масштабы;
Айналыс (айырбас) құралы;
Төлем құралы;
Қорлану және қор жинау құралы;
Дүниежүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға
бірдей балама ретінде барлық тауарлардың
құнын өлшейді.Ақша құн өлшемі ретінде:
«мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан
салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу
үшін тауарлар дүниесіне материал беру»
қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды
өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне
кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың
бірінің біріне өлшеуіне жағдай жасады,
Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері,
сондықтан олардың құнын өзіндік құны
бар нақты ақшалар өлшей алады.
Құнның өлшем қызметі тауар
өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның
барлық таурлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда
делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке
құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады.
Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық
еңбек жұмсалған, құнды құрай алатын алтын
саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды
ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі –
ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған
құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды,
оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына
дейін орындалады, сонымен құнның
тауар формасынан ақша формасына
айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек
жеткілікті.
Тауарлар құнының ақшамен бейнеленуі
оның бағасы деп аталады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның
бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы
болмайды, олардың құны өздерімен
анықталуы мүмкін емес. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық
еңбек шығынымен анықталады.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент
ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың
бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Әрбір елде ақшаның өлшемі
ретіндегі қабылданған және тауарлар
бағасын өлшеуге қызмет ететін металлдың
(алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша
бірлігіне бекітілетін салмақты
саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың
қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы
арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі
бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық
қызметі болып табылады. Құн өлшемі қызметі
құн заңына байланысты анықталады.
Баға масштабы бұл мемлекетке тәуелді,
бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес,
тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет
етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді.
Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін
тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі
көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.
Баға масштабы заңдық сипатқа ие бола
отырып, мемлекет билігіне тәуелді және
құнды емес тауар бағасын көрсету үшін
қызмет етеді.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен
оның мемлекеттік тұрақты бағасының арасы
алшақ болып кетуіне байланысты өзінің
экономикалық мағынасын жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976–1978
жж.) нәтижесінде арнайы алтын бағасы
және алтын паритеті жойылды. Құн
өлшеу қызметі нарықтық баға масштабы
негізінде орындалады
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға
тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен белгіленбейді. Ақшаның
бұл қызметін алтынның орнында жүретін
оның құндық өкілдері немесе қағаз
және несиелік ақша белгілері атқарады.
Несие ақшалар тауарлардың құнын
өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді,
өйткені өзінің құны жоқ.Мұндай ақшалардың
меншік құны болмайтындықтан да, олардың
толық бағалы емес ақшалар деп
аталады.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни
толық құнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың
алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келеді.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Ақша
айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл
атқарады. Таур айналысы мынадай процестерді
қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға
айналуы және тауарды сатып алу, яғни ақшаның
тауарға айналуы. Бұл процесті арнайы
формулада мынадай түрде беруге болады:
Т (тауар) – А (ақша) – Т (тауар).
Ақша айналысының таур айналысынан
айырмашылығы ақша тауарды біртіндеп
айналыстан шығара отырып, өзі айналыста
үнемі қалып отырады. Ақшаның айналыс
құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі,
біріншіден, бұл қызметті толық бағалы
емес құнның белгілері: қағаз және несиелік
ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және
қолма-қолсыз ақшалар атқарады.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің
ерекшеліктері мыналар: тауар мен ақшаның
қарама- қарсы қозғалысы, оны идеалды ақшалар
емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды.
Ақшаның бұл қызметінде тауарларды
айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар
емес (алтын), оны ауыстырушылар –
ақша белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар
ақшалы тауармен байланысты емес деген
сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың
алтын нарығында жасырын айналыс
болуымен түсіндіріледі.
Сонымен ақша, ақша айналыс құралы
қызметін атқаратындықтан да олардың
саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын
тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Қанша дегенмен бір ақша
бірлігі – несие тауар мәмілелеріне
қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы
қанша көп болса көп болса, айналыс үшін
олардың қажетті саны сонша аз болады.
Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар
массасынан артық болса, онда ақшаның
құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақша қор жинау құралы қызметі.
Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға
ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр
түрлі тауарларды өндіру кезеңі мен
айналыс мерзімінің ұзақтығының
бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың
өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде
қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін
туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың
төлемін кешіктіріп сатып алу
және сату, яғни несиеге беру қажеттігі
туындайды. Ақша төлем құралы ретінде
мынадай ерекше қозғалыс формасына
ие: Т (міндеттеме), келісілген мерзімнен
кейін: М (міндеттеме) – Т (тауар).Ақшаның
төлем құралы қызметін мен айналыс
құралы қызметтері арасында өзара айырмашылықтар
бар. Ақша айналыс құралы ретіндегі
делдалдық рөлінде жүретін болса,
төлем құралы қызметінде ақша мен
тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы
болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы
өтеу, сату және сатып алу процесінің
аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен
ақша арасындағы уақыттағы алшақтық
кредиторға қарыз алушының төлемеу қауіпін
тудыруы мүмкін.