Ақшаның пайда болуы және мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 07:27, курсовая работа

Описание работы

“Ақшанын пайда болуы және мәні” атты осы курстық жұмыста ақшаның пайда болуынан бастап, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы реформасы аралығын қамтып, ақша туралы жалпы мәліметтер берілген. Бұл жұмыс негізінен I, II және III бөлімнен тұрады. Әр бір бөлімде ақша туралы тереңдей мәселелер қозғалған.

Содержание

Кіріспе
1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.1 Ақшаның пайда болу тарихы
1.2 Ақша теориялары
1.3 Ақшаның түрлері
2 Ақша айналысы және қызметтері
2.1 Ақша айналысы мен заңы
2.2 Ақшаның базасы мен ақша массасы
2.3 Ақшаның қызметтері
3 Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi

Работа содержит 1 файл

курсовая.docx

— 73.37 Кб (Скачать)

Ресейде металлдық теорияның өкілі  атақты мемлекеттік қызметкер М.М. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының  негізі – ақшаға тек нағыз бір  ғана ақша деп қарау керек деген  қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты  ақша материалы – күміс деп  санады. Объективті түрде, металдық жүйенің  негізінде жаңа төлем әдістері мен  формалары қалыптасты, олар несиеге  негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек  қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын  Орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисі Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған Бреттон-Вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып,  қасиетінің  жоғалуы т.б. пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың N мөлшеріне берілген құжат  ретінде біртіндеп иелерінің  эмиссиялық орталыққа, Оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген  сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын  стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда  қарапайым тауар болса да алтын  ерекше орында тұрады.

Қазіргі жағдайдағы алтынның негізгі  экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды  инфляциядан сақтау құралы ретіндегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол  жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте  монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның  қалыптасуындағы соңғы кезеңді  сипаттайды.

Монета –  ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.

Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық  құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында  мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның  түсіне қарап шыққан.

Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.

          Ақшаның номиналистік теориясы мерконтилистердің металлизмге қарсы іс-әрекеті болып табылады. Тауар өндірісі мен айналымының өсуіне байланысты металл монеталарды вексель, банкнота түріндегі несиелік айналыс құралдарына жартылай ауыстырубіртіндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы ішкі байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгілерінің жүру құқығын негіздеді, ол үшін олардың металдыққұрамын белгіледі.

Номинализмнің негізгі ережесі  төмендегідей: ақша идеалды есеп бірлігі болып саналады және олардың көмегімен тауарлардың айырбас құны анықталады; бұл бірлік ешқандай да ішкі  құнға ие емес;

Сонымен номиналистер ақшаның құндық жаратылысын толық жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас  құралы ретінде қарастырылады. Адам Смиттің айтуынша, ақша – бұл  айырбас процесін жеңілдететін техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екі жақты мәнге ие деп санайды: қандай-да бір заттың пайдалылығын көрсетеді; басқа тауар сатып алу мүмкіндігі.

Номинализмнің мәні неміс экономисі  Кнапптың еңбегінде жақсы берілген. Оның негізгі ережелері төмендегідей құрылды:   

Ақша – құқық тәртіптің өнімі, мемлекеттік бтліктің туындысы;

Ақша – мемлекеттік хартальдік төлем құралы, яғни ол мемлекеттің төлем күшімен жасалған төлем белгілері болып табылады;

Ақша негізгі қызметі – төлем құралы.

Кнапп Р. ақшаның мәні оның материалдық белгісінде емес, оларды пайдалану барысын реттейтін құқықтық нормасында деп жазады.

1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрі қарай  дами түседі. Сөйтіп, Дж. М. Кейнс  алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”,  “арбаның бесінші дөңгелегі”  деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға  қоғамның өркендеуін үнемі қамтамасыз  етіп отыратын қағаз ақшаларды  жатқызды. Ол қағаз ақшалардың  алтынды айналыстан шығарылуын, Кнапп теориясының жеңісі деп  қарастырды. Кейнс барлық өркениетті  ақшалар пайда болуы металл  айналысының объективті заңдылықтары  мен капитализм тұсындағы тауарлы  өндірістің дамуымен сипатталатын  ақша айналымына деген қосымша  қажеттіліктерімен байланысты.

Сырттай қарағанда, қағаз белгілері  мемлекет тарапынан жасалған – толық  құнды ақшаның орнын алмастырушылар  тәрізді әсер етеді деген ой туады. Шынында олар металл ақшаның номиналды  құнының нақты құнынан ауытқуының көбеюі есебінен пайда болды.

Металл ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептері:

Металл ақша айналысы өте қымбат болып келеді және капитализмнің  дамуымен мүмкін емес, себебі қымбат металдарды өндіру айналыс құралдарына деген  шаруашылықтық қажеттілігінен әлде қайда төмен.

Монеталардың тозуы және бүлінуі.

Мемлекеттік билік пен жалған монеталарды  жасаушылардың монеталарды бұзуы.

Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды  жабу үшін шығарды. Осылайша, Солтүстік  Америка өзінің тәелсіздігі үшін соғыста қаржыландыру көптеген мөлшерде “континентальдық ақшалар” шығарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының нақты құрамынан біртіндеп  бөлінуі нетижесінде пайда болған құн белгісінің ақырғы формасы.

Қағаз ақша – мемлекетің өз шығындарын табу үшін шығарылатын, әдетте металға  айырбасталмайтын, еріксіз номиналға  ие ақша белгісі. Тарихта олар алтын  және күмістің белгілері ретінде  пайда болды.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып  келеді, себебі, өзінің дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте  аз. Заңды төлем құралы болып тұрған кезде ғана олар өздерінің сатып  алу қабілетін сақтайды.

 Егер нағыз ақшалар айналыста  өзінің меншікті құнының арқасында  жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс  процесінде нарықтық құнға ие  болады. Мемлекет сол елдің шеңберінле  ғана оларға еріксіз өзіндік  құн белгілейді. Бұл жерде ол  ерікті түрде ақша бірлігінің  номиналды құнын белгілеп, кез-келген  купюрды шығаруы мүмкін. Осылайша, Қазақстанда 1993 жылы ең ірі  купюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелік  купюрлар шығарылған болатын

Алтынның белгілері ретінде  қағаз ақшалар пайда болды.Ақша бірлігінің ресми алтындық құрамы мемлекетпен  ерікті түрде белгіленіп, бірақ оның құны көрсетілмеді.

Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды  толық номиналдық бағасы бойынша  алтынға ауыстырған кездері болған.

Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс  саласындағы ақшаның қызметтерін  толық құнды ақшаларыдң қызметтері арқылы атқарады.алтын стандартын алып тастағаннан кейін қағаз ақшалар  қорлану қызметін де атқара бастады.

Қағаз ақшалардың меншікті құндарының болмауына байланысты олар өздерінің  жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемді келеді. Ақшаның құнсыздануы  әр түрлі себептерге байланысты болады:бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндірістік емес щығыстарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтік төлем балансының салдарынын алтынға дүниежұзілік ақша ретінде сұраныстың ұлғаюы; еңбек  өнімділігінің төмендеуі және тауао  массасының қысқаруы, т.б.

Мұның бәрі бағаның өсуіне әкеліп соғады. Халықты әлеуметтік жағынан  қорғауды қамтамасыз ету үшін үкімет жалақыны, зейнет ақыны, жәрдем ақыны  көтеріп отырады. Халық тұтынатын  тауарлар өндірісі өспейінше баға өсе  береді. Баға – жалақы – баға  деген тізбек айнала береді.

Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға  тән нәрсе.                       

1.3  Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында  екі түрге бөлінеді: нағыз ақшалар (толық бағалы) және құндық белгілері (толық бағалы емес) ақшалар. Нағыз ақшалар – бұл номиналдық оны байындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін металл ақшаларды білдіреді.

Мұндағы металл ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалады. Металл ақшалардың монета түріндегі формасы – бұл  олардың соңғы формасы болып  табылады.

Алғашқы монеталар VII ғасырда б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия  мемлекетінде пайда болуы IX – X ғғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын  монеталармен қатар, күміс монеталар  қоса жүреді.

Алтын айналысына бірқатар елдер де XIX ғ. екінші жартысында өтті. Бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің отарларымен бірге ағылшын елі де алған. Металл айналысына өтуге және алтынның ақша қызметін атқаруына, оның қымбат бағалы металл ретіндегі мынадай қасиеттері себеп болған: оңай бөлінетіндігі, және қасиетін жоғалтпай бірігетіндігі, сақталғыштығы, өндіріу және қайта өңдеу күрделілігі. Өздерінің тұрақтылығы арқасында толық бағалы ақшалар барлық бес қызметті бірдей атқарады.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай  объективті қажеттіліктері болған:

- алтын өндірісін тауар өндірісі артынан ілесе алмағандықтан да айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады.

- жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.

- алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

Сонымен, алтын айналдысы бірінші  дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болып, соғысушы елдер өздерінің  шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Соның  нәтижесінде, біртіндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Нағыз ақшаның орынбасарлары (құндық белгілері) – номиналдық құны нақты  құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін  ақшаларды білдіреді.

Оған мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгілері – арзан бағалы металлдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшаларға және несиелік ақшаларға.

Қағаз ақшалар – бұл нағыз  ақшалардың өкілдері болып табылады. Тарихта олар айналыста жүрген алтын  және күміс монеталардың орынбасарлары  ретінде пайда болған. Бұл қағаз  ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты болды.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысуының мынадай өзіндік себептері  болған:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;

  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;

  • бағалы металлдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда өте қымбатқа түсуі;

  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақщаларды шығаруы;

  • қате бюдждет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары  болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде  пайда болды. Бірініші дүние жүзілік  соғыс жылдары қағаз ақшалар  барлық елдерде шығарылды. Қазіргі  кезде қағаз ақшалар қазыналық  билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде  қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық  билет формасында соңғы рет айналымға  шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет  белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс  құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар  өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуы, эмитентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

Несиелік ақшалар – тауар  өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын  кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың  пайда болуы ақшаның төлемқұралы  қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні –  ақша айналымын икемді етуі; нағыз  ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік  жасауымен сипатталады.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы және мәні