Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2012 в 15:44, реферат

Описание работы

Негізгі түсініктер: ақша қаражаттары, ақша эквиваленттері, овердрафт, кассалық кіріс ордері, кассалық шығыс ордері, кассалық кітап, банктік шот, валюта, валюталық бағам, бағамдық айырма, дебитор, алынуға тиісті шоттар, саудалық дебитордық бұрыш, саудалық емес дебиторлық борыш, ақшалай жеңілдік, сауда жеңілдігі, сатылған тауардың қайтарылуы, күмәнді борыш, несиеге таза сатып өткізуден пайыз әдісі, дебиторлық борышты төлеу мерзіміне қарай есепке алу әдісі, есеп беруге тиісті тұлға, вексель, алдағы кезең шығыстары.

Работа содержит 1 файл

Анарбаева.docx

— 45.03 Кб (Скачать)

Банктегі есеп айырысу  шоты бойынша және басқа да шоттар бойынша операцияларды жүргізу  үшін келесі құжаттар қолданылады.

  1. Чек
  2. Қолма қол ақша жариялау
  3. Төлем тапсырмасы (ү.№ 0401002)
  4. Төлем талап тапсырмасы (ү. № 0401001).

Чек – шот иесінің банкке көрсетілген сомманы нақты ақшамен  жалақыға, іссапар, шаруашылық операциялары және басқа да шығындарға беру жөніндегі  бұйрығы.

Ақша чектері чек кітапшаларын құрайды. Чек кітапшасын алу үшін өтініш жазылады. Кәсіпорын алатын ақшаның мақсаты чектің сыртқы жағында  көрсетіледі, оны бір дана етіп сиямен жазады. Бұл ретте оны  түзетуге жол берілмейді. Чекпен бір мезгілде чек кітапшасында сақталатын түбіртегі  толтырылады. Атаулы (алушының тегі көрсетілген) және ұсыным (ұсынушыға берілген) чектері  болуы мүмкін. Алғашқы чектердің  неғұрлым артықшылығы болады, өйткені  ол қиянат жасау әрекеттергіне жол  берілмейді. Чектер берілген күнін  есептемегенде 10 күнге дейінгі мерзімге жазылады.Егерде төлем чектің жоғалуы  немесе ұрлануы туралы хабарлауды алғанға  дейін жасалатын болса, банк жоғалған немесе ұрланған чек бойынша ақша төлегені үшін жауапты болмайды. Чектер толық толтырылғаннан кейін (сомасын  көрсету, қойған қолмен және мөрмен растау) қаражаты алуға уәкілеттілігі бар  адамдарға беріледі. Бұл ретте  чектерді толтырудың мынандай тексерулерін сақтау қажет:

  • Чекті түзетуге жол берілмейді, бүгілген чек кітапшада қалады да ол айқыш-ұйқыш сызылып тасталады.
  • Банктен әрдайым алынған сомаға бухгалтер чектің нөмірін көрсете отырып, алушының атына кассалық кіріс ордерін жазады. Бұл ретте кассалық кіріс ордердегі түбіртек банк көшірмесіне қосылады. Қаражатты алушының аты-жөні, алынатын сома бас әріппен және міндетті түрде жол басынан жазылады, сол жолдарда қалған ашық жер тұтас сызықпен сызылады.

ЧЕК-тің үлгісі:

 

 

 

 

Чек түбіртегі

№20701

     80000теңге 00тиын

     19 наурыз 2008 жыл

 

 

ЧЕК БЕРІЛДІ

 

        Л.К Ахметовқа

                 Кімге

       Қойылатын  қолдар

        Ибрагимов С.Қ

              Біріншісі

         Ермакова С.Р

              Екіншісі

 

ЧЕК АЛУШЫ

      19 наурыз 2008 жыл

Ахметова  Л.Қ

                  Қолы

                           Қию сызығы

                                    Чек 10 күнге жарамды, беру күндерін  сналмағанда

«Арман» ЖШС №

чек беруші

КАССАҒА

Бақылау маркасы

ЧЕК № 20701

80000 теңге  00 тиын    санмен

Алматы         19 наурыз 2008 ж.

Берілген орны саны айы

 

Тұран Әлем банкі

Мекеменің аты 

 

Төлеу керек Ахметов Лекер Қасымұлына------------------------

                         кімге

 

Сексен мың теңге 00тиын-------------------

 

                            Соммасы бойынша

 

Қолдар:   Ибрагимов

                Ермакова


 

 

 


 

 

 


 

 

 

 


 

 


 

 


 

 

 


 

 

 

 

Қолма қол жарна  алу хабарламасы Шот иесінің банктегі оның шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және нақты ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді, ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.

Қолма-қол жарна алу хабарламасының толтырылған үлгісі жоғарыда.

Төлем тапсырмасы (тт) (ү.№ 0401002)-онда көрсетілген  сомаларды алушының шотына аударуға берілген бұйрық;ол төлеуші тарапынан ықылыс білдірген кезде ғана қолданылады.Төлем тапсырмасы тауарлы матиалдық құндылықтар мен орындалған жұмыстар және қызметтер үшін есеп айырысулар кезінде,сондай-ақ тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем ақы жасалған кезде,заңда немесе шартта көзделген аванс төлемдері жасалған кезде пайданалады.Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасында бірдей және тұрақты есеп айырысулар кезінде есеп айырысулар төлем тапсырмаларын пайдалана отырып шарттар (келісім шарттар)негізінде жоспарла төлемдер тәртібінде жүзеге асырылуы мүмкін.Байланыс кәсіпорындары арқылы да қаражат аударымдарын кәсіпорындар сомасына шектеу қоймастан төлем тапсырмалары мен жүзеге асырылады.Егер төлем телеграф арқылы жасалатын болса,төлем тапсырмасын банк нақты ақшалай қабылдайды.Төлем тапсырмаларын төлеуші жасаған күнне бастап 10 күннен кешіктірмей банкке береді.Төлем тапсырмасы төменде келтіріліп отыр.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төлем талап тапсырмасы (ү.№0401001)-тауарлар,қызметтер,жұмыстар алушыларының немесетөлеушінің шотынан төлем сомасын өндіріп алатын банкке бұйрық.Төлем талап тапсырмалары төлеуші ақцептеуге тиіс.Талап топтама түрінде банкке беріледі:жабдықтаушы мен төлеуші банктің бір қаладағы есеп айырысулар кезінде-3данада;әртүрлі банк мекемелерінде есеп айырысулар кезінде-төрт данада;қала аралық есеп айырысулар кезінде үш данадан беріледі.Төлем талап тапсырмасы төменде келтіріліп отыр.

            Есеп айырысу шоты бойынша  опреациялардың есебі 1030 «Есеп  айырысу шотындағы нақты ақша»  шотында жүргізіледі.Субъектілер  шоттары бойынша банк екі данада  бет есеп береді.Бірінші дана  бет есептің көшірмесі болып  табылады және ол бастапқы  құжаттармен бірге шаруашылық  жүргізуші субъектіге берілелі,екінші  дана-бет есеп болып қалады.                                                                                        

Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін»  мөрінің таңбасымен (оттискісімен)расталынады.                                             

Көшірмелердегі әрбір  түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің  таңбасымен бекітілуі тиіс.Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге  қол қойған операцияны жүргізуші  қызметкердің қолымен бірге штамп  және осы құжаттарды бет есебі  бойынша келтірілген жазбалардың  күні көрсетілген калиндарлық штемпель қойылуы тиіс.Көшірмелер бірінші  немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі.Банк көшірмелері оған қоса тіркелген  құжаттармен тексеріледі.Банк көшірмесі  төменде келтірілген:

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Банк қате көшірген сомалар  мән-жайды анықтағанға дейін 1030 «Есеп  айырысу шотындағы нақты ақша»  шоты кредитінен 1280 – «Басқа да дебиторлық қарыздар шотының дебетіне есептен  шығарылды, ал есепке алынған сомалар 1030 шоттың дебеті және 3390 шотының кредиті  бойынша көрініс табады. Жаңылыс  жазулар туралы субъект банкке 10 күннен кешіктірмей, ал егер басқа елді мекенде орналасқан болса, көшірмелер тапсырғаннан кейін 20 күннен кешіктірмей  хабарлауға міндетті. Егер шот иесі өзінің шотына қате есепке алынғаны туралы хабарламайтын болса, ол Банкке Есеп айырысу операцияларын жүргізу  ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдар туралы Ережеге сәйкес айыппұл төлейді.

Заңды тұлға – шот иесін  тарату немесе қайта ұйымдастыруға  немесе заңды тұлғада – 1 жылдан астам жеке тұлға да – 3 жылдан астам  уақыт бойы ақшаның болмауына  байланысты банк шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым  салынады.Банктегі есеп шоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.Есеп шоты жабылған кезде, сондай-ақ иесінің  аты немесе есепшоттың номері өзгергенде шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған  чектерді банкіге қайтаруы керек.

 

 

Есеп айырысы шоты бойынша  мынадай шаруашылық операциялары жазылады.

Шаруашылық операция мазмұны

Дт

Кт

 

Есеп айырысу  шотына ақша қаражаттардың келуі

   

1

Кассадан алынды(түсім  немесе депонеттелген еңбек ақы  сомасы

1030

1010

2

Сатып алушылардан түсім  аударылды

1030

1210

3

Тауарлы материалды құндылықтарды  жабдықтау үшін алынған аванс

1030

3510

 

Есеп айырысу  шотынан ақша аударымдары

   

1

Алынған ТМҚ, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен  мердігерлердің акцептелген шоттары  аударылды

3310

1030

2

Кассаға іс сапар, еңбек ақыға  төленетін шығыстарға жұмсауға алынды

1010

1030

3

Кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инвестициялардың сомасына

2210

1030

4

Есеп айырысу шотынан  банк займдары төленді

4020

1030

5

Еншілес серіктестіктер, тәуелді  серіктестіктердің қарыздар сомасы аударылды

3320,

3340,

4130

1030

6

Бюджетке салықтар аударылды:

  • ҚҚС
  • Әлеуметтік салық
  • Табыс салығы жеке тұлғалардың
  • Заңды тұлғалардың табыс салығы

 

3130

3150

3120

3110

 

1030

1030

1030

1030


Есеп айырысу шоты бойынша  бухгалтерлік есепте синтетикалық есебі  №ж/о 2 де және ведомость №2 толтырылады.

Журнал-ордер нысанын  қолданғандығы валюталық және есеп айырысу шоты бойынша операциялар  есебін ұйымдастыру үлгісі


 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ақша қаражаты, есеп айрысу және несие операцияларының есебі