Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 19:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

солго.doc

— 368.50 Кб (Скачать)

   Заңды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.

  Өкілетті  банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

   Резидент  — занды тұлғалар ішкі валюталық  нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

   Банк  мөрімен (штампымен) және кассирдің, орындаушы  мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.

   Қолма-қол  валютаны беру Тапсырмамен (валюталық  шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық  шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады. 
 
 

   Шетелдердегі  бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару " Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отьф.

   Валюта  шоттары бойынша операциялардың есебі 1050 -"Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша" және 1050- "Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" — шоттарында жүргізіледі.

   Аталған және басқа да құжаттардың негізіңде  банк валюталық шотының бет есебіне  тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

   Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша  жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

   Валюталық бақылау. Барлық резидент еместердің валюталық  операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.

   Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

   Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында  валюталық бақылау органдары  және агенттері арқылы жүзеге асырылады.

   Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

   Алған лицензияларына сәйкес операциялар  жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.

   Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін  жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

  Валютамен операциялар жөнінде.гі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жургізілуге тиісті.

   Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

   Шетел валютасын сатып  алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

   Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын  сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

   Заңцы тұлға - резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

   Занды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар  бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

   Теңгемен  алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

   Тауарлар  экспорті төлем, сондай-ақ несие (кредит) немесе инвестиция ретінде занды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

   Занды тұлға – резиденттер пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқада түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді, 

   1050 шоты бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға сәйкес жазылады.

   1050 шотының дебеті  келесі   шоттардың  кредитімен корреспоңден-цияланады:

   1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;

    1210 «Алынуға тиісті борыштар» - тиелген өнім қолма-қол ақша валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасы;

    6250 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығына сомасына 1050 шотының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспондецияланады:

    1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;

    4110 «Жабдықтаушылармен және мердәгерлермен есеп айырысу» - жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактурлары) инвойсы төленеді;

    7410 «Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.  

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды. 

       Сонымен, Ақша қаражатын сақтау  заңды және жеке тұлғалар арасында  есеп айырысу үшін Қазақстан  Республикасының  банк мекемелері: теңгемен, шетелдік валюталармен жүргізілетін есеп айырысу шоттарын ағымдық және корреспонденциялық шоттарын ашатынын білдік.Ал, корреспонденциялық шоттар – банктің және банктік емес қаржылық мекемелердің қаржылық шоттары. Олардың ашылуы мен жүргізілуі ұлттық банктің  нормативтік актілерімен белгіленеді.Ағымдағы есеп айырысу шоттары – заңды тұлғалардың банктік шоттары.

        Ақша қаражатын есепке алу  міндеттері ақша қаражаттарының  сақталуын және олардың  мақсатына  сай лимиттерге, сметаларға сәйкес  пайдаланылуын бақылауды қамтамассыз ету, ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды толық және уақытымен құжаттау, есеп айырысу және қаржы тәртібін сақтау, талдамалық есепке алуды толық және дұрыс жүргізу,ақша қаражатын толық және нақты түгендеу шараларын жүргізу, төлем оперрацияларын банк арқылы  ақша қаржысын аудару болып табылады.

          Субъектінің рұксатынсыз және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

          Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.

          Қазакстан Республикасының аймағында  ақшаны (төлеу мен аударуды жүзеге  асыруда келесі әдістерді: қолма-қол  ақшаны аударуды; төлем тапсырманы  ұсынады; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерән пайдаланады.

          Ақшасыз есеп айырысудың негізгі  нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; төлем-тапсырма төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарың инкассалық жарлықтары болып табылады.Сонымен бірге, жалпы есеп айырысу қолма-қол ақшамен және нақты ақшамен,аударылып отыратын ақшамен жүргізілуі мүмкін. Егер есеп айырысу нысандарына жеке-жеке тоқталып кететін болсақ олар:

        1. Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін камтитын қатан нысанда белгіленген төлем құжаты,яғни бұл қатаң белгіленген жазбаша үлгіде көрсетілген ақшалай борышты міндеттеме.       

        2.  Есеп айырысу чегі - чек берушінң шотынан чекте көрсетілген соманы аудару жөнінде банкіге жазбаша түрде тапсырма. Біз сатып алушының банкісімен ісіміз болғандықтан, одан ақша алу процесі тездетіледі.

       3. Төлем қарточкалары- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.

       4.  Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап- тапсырмасын ресімдейді де,  оны төлейшіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі  ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі

          5. Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұ»ымдарға аудару тұралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьтерде қажетті дана бойынша басады.

            Ақша қаражаттарымен есеп айырысу  нысандары төлеуші мен алушының  арасындағы  келісім шартпен айқындалады.

           Тағы да бір тоқталып кететін   ақша қаражатының есепбі  қолма-қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса - бұл қолма қол ақшалар мен өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орын-дау кассирге жүктеледі. Ол материалды-жауапты адам болып табылады да (онымен толық материалдық жауапкершілік шарты жасалады), ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті болады.

       Кассалық ордерлер кассадағы ақшалай операциялар бойынша негізгі бастапқы құжаттар болып табылады. Қолма қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол өкілеттік берген түлға қол қойған КО № 1 нысанындағы кіріс касса ордері бойынша жургізіледі. Қолма қол ақшаларды кассадан беру КО № 2 нысаныидағы шығыс касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордерінің (ШКО) мөртаңбасы қойылып, тиісті түрде ресімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма қол ақшаны беруге өтініш, шоттар) бойынша жургізіледі. ШКО-не бас бухгалтер мен басшының қолы қойылған болу керек, Егер ШКО қоса берілетін құжатта руқсат ету туралы басшының колы болса, онда оның ШКО-де оның қойған қолының болуы міндетті емес.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі