Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2012 в 19:27, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

солго.doc

— 368.50 Кб (Скачать)

       Мұндай жағдайда алушылар мен тапсырысшылар кәсіпорынға тек қана өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің)құны емес, оған қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім – коммерциялық несие үшін процентін аударады. Дәл осындай мәмілелерді жасау үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.

      Вексель бірнеше рет  пайдаланылуы мүмкін,  сөйтіп  әмбебап  несиелік - есеп  айырысу құжатының  рөлін  атқарады.  Вексель қаражат-тардың айналымын,   банктегі   вексельдердің   есебін   (дисконттеуді)   жылдамдатады. Мұндай   жағдайда   вексель   ұстаушы   индосаменттің көмегімен вексельді төлем мерзімі басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін есептік процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамта-масыз ететін берешек сомасы көрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 1070 - "Қатаң есеп беру бланкілері" шотында ескерілуі мүмкін. Алынған (жөнелтілген) өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған қызметтер үшін сатып алушылармөн және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі 1210 - "Алынған вексельдер" шотында жүргізіледі.

       1. Жөнелтілген өнімнің, орындалған жұмыс пен қызметтің өзіндік құны Д-т   7010 К-т 1320, 8010, 8030  - 10.0 000

      2.   Өнімдердің,   жұмыстар   мен   қызметтердің   ҚҚС-сыз келісім құнына   Д-т 1210    К-т 6 010  - 125 000

     3.   ҚҚС сомасына Д-т 1210  К-т 3130 - 25 000      

     4. Өнім, жұмыс пен қызмет үшін вексель алынды (6 әйға) Д-т 1210 К-т 1250

     5. Вексель   бойынша   %   есептелді. Мыналарды   ескеру  қажет:

ә) инфляция проценті (3%) = 18%

б) банктік  процент жылдық 32% -16% жиыны 34 %

150 000* 34% = 51 000

Д-т  2170 К-т 6110

    6. Вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда

а) вексель  сомасына Д-т 1050,1040,1010  К-т 1210 - 150 000

     7. Вексель бойынша төлем мерзімі бастапғанда.

Банкте  вексельді досконттау (есепке алу).

  1. Вексель үшін қарыз алынды    Д-т 1040, 1050 К-т 3010  - 130 000
  2. Дискоит сомасына (банк %)      Д-т 7320 К-т 7310 - 20 000
  3. Вексель бойынша төлем мерзімі басталған бойда банк авизосы (хабар-ламасы) негізінде вексельді қайтармағанда Д-т 3010 К-т 1210  - 150 000
  4. Бексель бойынша процент сомасына Д-т 1050, 1010 ,1040 К- т 2170 – 51 000
  5. Егер вексель мерзімінде төленбесе, онда банктен алынған қарызды қай-тару қажет Д-т 3010 К-т 1040/1010, 1050 – 150 000,   ал  алынған   вексельді   субшотқа   қою   керек Д-т   1210 (мерзімі кешіккен вексельдер) К-т 1210/1 (мерзімді вексельдер)
  6. Банк дисконтының сомасына Д-т 3010 К-т 1040 - 20 000

   Вексель берушінің есебінде берілген вексельмен қамтамасыз етілген, жеткізушілермен, мердігерлермен және басқа кредиторлармен есеп айырысу жөніндегі берешек 3310/1-шотта (берілген вексельдер субшоты) көрсетіледі.

  1. Алынған өнімнің, жұмыс пен қызметтің келісім құнына, ҚҚС-сыз Д-т 1310-1315, 1217, 1330, 2930 К-т 4110/1 - 125 000
  2. ҚҚС сомасына Д-т 1420 К-т 4110/1 - 25 000
  3. Вексель бойынша процент Д-т 7310 К-т 4160 - 51 000
  4. Вексель бойынша төлем мерзімі басталғанда:

    а) вексель сомасына Д-т 4110/1 К-т 1040, 1050, 1010 - 150 000

   б) процент сомасына Д-т 4160 К-т 1050, 1040, 1010 - 51 000 
   Алынған және берілген  вексельдердің талдамалы есебі төлем мерзімі кешіккен вексельдер және төлем мерзімі әлі басталмаған вексельдер туралы деректерді қамтамасыз етуге тиіс.

5. Жолдағы аударымның және банктегі арнайы шоттардағы қаражаттардың есебі.

    Кәсіпорындар қолма қол ақша қаражаттарын есеп айырысу шотына немесе субъектінің басқа шотына есептеу үшін банктердің, халықтық банктің немесе пошта бөлімшесінің кассасына өткізу арқылы операция жасайды. Ақша қаражатын табыстау мен оларды есеп айырысу шотына есептеу уақыты бойынша сәйкес келмейді. Кейде есепті кезеңнің соңында мынадай жағдай кездесуі мүмкін: ақша қаражаты пошта аударымы арқылы, халықтық банктің немесе банк мекемесінің кассаларына еткізу жолымен аударылған, алайда ай соңына дейін олар есеп айырысу шотына есептелмеген. Мұндай сомалар жолдағы ақша аударымдары деп аталады және олар 1030-"Жолдағы ақша аударымдары" шотында ескеріледі      

        Вексель : құжат мәтініне (текстіне) енгізілген, құжат қай тілде толтырылса, онда сол тілде «вексель» деп жазылған атауды, белгілі бір ақша сомасын төлеуге еш нәрсемен негізделмеген бұйрықты; төлеуге тиіс тұлғаның (төлеушінің) татуы – тек аударма вексельде, төлеу мерзімін, төлем жасалатындығын, сол тұлғаның атауын, вексель жасалған күн мен орнын көрсетеді және онда вексельді берген тұлғаның қолы қойылады.

      Жоғарыда қөрсетілген талаптар  құжаттар тұтастай  сақталмаса, тек төмендегі белгіленген жағдайларды қоспағанда, вексельдің күші болмайды. Төлем мерзімі көрсетілмеген вексель  ұсынғанда талап етуі бойынша төленетін вексель ретінде қарастырылады.

      Ерекше нұскауы болмаған кезде  төлем жасаушының тұратын орны болып есептелінеді. Вексельдің жасалған орны көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің атымен қатар белгіленген орында қол қойылған болып танылады.

      Аударма вексель вексель берушінің  бұйрығы бойынша ақы төлеуге  жататын вексель ретінде берілуі  мүмкін. Аударма вексель үшінші тұлға тұрған жерде немесе төлем жасаушының тұратын жерінде немесе қандай да бір орында төленуі мүмкін.

      Вексельде пайыздық мөлшерлеме (проценттік  ставкасы) көрсетілуі тиіс, мұндай  нұскау болмаған жағдайда шартқа  қол қойыдмаған (жазылмаған) деп саналады. Пайыздың есептелген күні көрсетілмесе, аударма вексель жасалған күннен бастап есептелінеді.  

      Кез келген аударма вексельдің бұйрығы көрсетілмей берілсе де, ол өзінің индоссаменті арқылы берілуі мүмкін.

      Егер вексель беруші аударма вексельде «Бұйрыққа емес» немесе осыған ұқсас мағынада сөз жазылса және ол құжат нысанын сақтаса, онда ол қарапайым цессиямен берілуі мүмкін. Индоссамент вексель берушінің пайдасына, не вексель бойынша міндетті басқа кез келген адамның пайдасына вексельді акцептегеніне, не акцептемегеніне қарамастан төлем жасаушының пайдасына, жасалуы мүмкін. Бұл тұлғалар, өз кезегінде, вексельді табыстай алуына болады.

     Индоссамент қарапайым, алдын  ала ешбір келісім - шарт қойылмаған болып келеді. Оның шартты жағдайларының бірі шектелетін болса, онда оған қол қойылмаған, яғни жазылмаған болып есептелінеді.

     Индоссамент ұсынушы бланкті  күші бар индоссамент болып  табылады. Индоссамент айдарма вексельде  немесе оған қосылған параққа  қол қойылуы тиіс. Индоссамент аударма вексельде қаралған барлық құқықтарды иелік етеді. Егер индоссамент бланкті болса, онда вексель ұстаушы бланкті өз атына немесе басқа бір адамның атына табыстай алады; бланк толтырмай және индоссамнет жасамай- ақ вексельді үшінші адамға бере алады.

      Егер басқаша кері шарт болмаса,  индоссант акцент пен төлемге  жауап береді.Ол кейінгі индоссаментке  тыйым сала алады; бұл жағдайда  вексель кейінгі табысталған  адамдардың пайдасына шешілсе  де, ол олардың алдында жауап  бермейді.

      Қолында аударма векселі бар тұлғаның құқығы үздіксіз бірқатар индоссамент жасау арқылы негізделсе де, соңғы индоссамент бланктік  болғанымең, заңды аударма вексель ұстауышы тұлға ретінде қарастырылады.

      Бұл ретте сызылып тасталған  индоссаментер жазылмаған деп есептеленеді.

      Аударма вексельді төлем мерзімі  басталғанға дейін вексель ұстауышы  немесе қолында вексель тұрған  қарапаыйым тұлға да төлем  жасаушыға акцептеу үшін тұрған  жерінде ұсына алады.

       Егер төлем жасаушы өзінің келісімі туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойған адамдардың біріне хабарласа, онда ол олардың алдында өз келісімінің шарттарына сәйкес өз міндеттерін орындаған болып саналады. Аударма вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасың бір бөлігін аваль ақылы қамтамасыз етуіне болады. Мұндай қамтамасыз етуді үшінші адам немесе типті вексельге қол қойған адамдардың бірі бере алады.

       Аваль аударма вексельде немесе  қосымша парақта беріледі. Аваль  берілген орын көрсетілсе, онда  ол жеке актімен де берілуі  мүмкін. Ол «аваль деп есептелсін» деген сөздермен немесе осындай мағынасы бар белгілі мәтіндегі формуласымен білдірсе, онда оған аваль берген адам қол қояды.  Аваль үшін төлем жасаушы немесе вексель беруші қолын қоймаған болса, аударма вексельдің бет жағына авальшының қойған қолы жеткілікті. Авальда ол кімнің есебінен берілгені көрсетіледі. Ол көрсетілмеген жағдайда аваль вексель беруші үшін берілген деп есептелінеді.

       Авальшы ол үшін аваль берген  адаммен бірдей жауап береді. Аударма вексельге ақы төлей  отырып, авальшы кепілдік берген адамға қарсы және аударма вексельге байланысты осы соңғы тұлғаның алдында міндетті адамдарға қарсы вексельден туындайтын құқықтарды иеленеді.

       Аударма вексель ақы төлеу  үшін ұсынғанда; ұсынғаннан кейін  бір уақытта; вексель жасалғаннан кейін белгіленген бір кұнде берілуі мүмкін. Тағайындалған өзге мерзімдер немесе төлемнің бір ізде мерзімдерін қамтитын аударма вексельдер жарамсыз болып табылады. Аударма вексель ұсынған мерзімінде төленуі тиіс. Ол жасалған күннен бастап бір жылдың ішінде төлем жасауға ұсынылуы мұмкін, бірақ белгіленген мерзімнен бұрын төленуін талап етуге болмайды. Мұндай жағдайда ұсыну мерзімі осы мерзімнен бастап жүреді. Ұсынғанаң кейін белгілі бір уақытта жасалған аударма вексель бойынша төлем мерзімі не акцептелген күнімен , не қарсылық білдіру күнімен айқындалады. Қарсылық білдіру болмаған жағдайда күні койылмаған акцеп акцептантқа қатысты акцептке ұсыну үшін көзделген мерзімнің соңғы кұнінде жасалған болып есептелінеді.

        Мерзімі белгілі бір күнге  немесе жасалғаннан кейін ұсынғаннан кейін белгілі бір уақытта белгіленген аударма вексельді ұстауышы вексельді төлеу кұнінде, не келесі екі жұмыс күнінің бірінде ұсынуға тиіс. Аударма вексельді есеп айырысу палатасында ұсыну төлемге ұсынғанмен бірдей болып есептелінеді. Вексель ұстауышы бөліп төлеуден бас тарта алмайды. Бөліп төленген жағдайда төлем жасаушы өз тәуекелділігіне алады.

       Вексель ұстауышылар индоссанттарға  қарсы тұрған регрестерге өз  құқығын төлем мерзімі жеткен  кезде де және одан бұрын  да сата алады:

  1. акцептен толық немесе ішінара бас тартқан орын алса;
  2. егер де төлем жасаушы вексельді акцептегені немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылған болса, онда төлем жасауды тоқтатады, тіптен оның жағдайын сот аныктамасы да немесе оның мүлкінен өтем алу нәтижесіз болмаған жағдайда;
  3. вексель беруші акцептке жатпайтын, вексель  бойынша банкрот деп танылған жағдайда.

     Вексель бойынша жасалатын төлем  мен акцепт үшін жауапты тұлғаға  регрестік талабы (искы) вексель  бойынша төлем мерзімінен кешіктірілмей  ұсынылуы мүмкін.

     Акцепт немесе төлемнен бас  тарту ( акцептемеуге немесе төлем  жасамауға қарсылық білдіруден ) факті куәландыратын актімен  расталанады.

      Вексель беруші аударма вексельнінің  мәтінінде көрсеткен ресми қарсылық  білдіруден басқа қарсылық білдірген кезде төлеушінің қолы қойылған өтінішпен алмастырылуы мүмкін.

       Акцептеуге қарсылық акцептке  ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жасалуы керек. Акцепттеуге қарсылық білдіру төлемге ұсынудан және төлем жасамауға тағы да басқаша қарсылық білдірен босатады. Бірақ бұл қарсылық алдын ала тіркеуден өту керек, онсыз оның күші болмайды.

       Егер төленуге жататын аударма  вексельдін ісі ойдағыдай еместігі  байкалса, тіпті оның үшінші адам  арқылы өтеулуі бола тұрса  да; немесе белгілі бір уақыт  өткен соң, яғни ұсынылған кезде төленуге жататың вексель болса да, оның акцептелуіне тыйым салынады.

       Төлем жасаушы оның вексельді  акцептегеніне немесе акцептемегеніне қарамастан банкрот деп танылмағанда , сондай-ақ вексель берушіні акцептеуге жатпайтын вексель бойынша банкрот деп таңыған жағдайда, вексель ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы үшін оның банкрот деп танылғаны туралы сот шешімен ұсынуы керек.

         Вексель ұстаушы өзінің индоссантын  және вексель берушісін акцептемеу  немесе төлем жасамайтыны туралы қарсылық білдірген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінің ішінде, «шығынсыз айналым» деп хабарланған жағдайда  , онда оның қабыл алынуы мүмкін. Әрбір индоссант  хабарлама алған күннен кейінгі екі жұмыс көрсете отырып , өз индоссантына, одан әрі вексель берушіге дейін хабарлауға тиіс. Жоғарыда аталған мерзімдер алдынғы хабарлама алынған сәттен бастап жүре бастайды.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі