Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 07:55, реферат
Ақша қаражаттарының есебі туралы окып білу! Қажетті материал жинау
Стандарты бухгалтерского учета Казахстана
Еншілес, қауымдасқан және бірлескен компанияларға берілетін инвестициялар
37. Есепке алу үлестік қатысу әдісі немесе нақты шығындар жөніндегі есеп әдісі бойынша жүргізілетін қауымдасқан немесе еншілес компанияға инвестицияларды есепке алу кезінде инвестор ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте өзара (инвестор) және инвестициялау объектісі, мысалы, дивидендтер мен аванстар арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы туралы ақпаратпен шектеледі.
38. Тепе-тең шоғырландыру әдісін пайдалана отырып, бірлесіп бақыланатын ұйымдағы өзінің үлесі туралы есеп (31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS қараңыз) беретін компания өзінің шоғырландырылған есебіне бірлесіп бақыланатын ұйымның ақша түсімдері мен төлемдеріндегі өзінің тепе-тең үлесін кіргізеді. Үлестік қатысу әдісінің көмегімен өзінің үлесі туралы есеп беретін компания өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға беретін оның инвестициясына байланысты ақша түсімдері мен төлемдерін, оның және бірлесіп бақыланатын кәсіпорын арасындағы бөлуді және басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады.
Еншілес компаниялардыҢ және басқа құрылымдық бөлімшелердіҢ сатып алуЛАРЫ және сатуЛАРЫ
39. Еншілес компаниялар мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің сатып алулар және сатулар нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының жиынтық түсімдері мен төлемдері бөлек берілуге және инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі тиіс.
40. Компания тұтастай алғанда кезең ішінде еншілес компаниялардың, басқа да құрылымдық бөлімшелердің сатып алуларына және сол сияқты сатып алуларына байланысты мына төмендегі сәттердің әрқайсысынан:
(а) сатып алу немесе сату кезінде жинақтап қарама-қарсы ұсыну;
(b) сатып алу немесе сату кезінде қарама-қарсы ұсынудың ақша қаражаттарымен немесе олардың баламаларымен өтелген бір бөлігін;
(с) еншілес компаниядағы немесе құрылымдық бірліктегі ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сатып алынған немесе іске асырылған сомасын; және
(d) ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын қоспағанда, еншілес компаниядағы немесе құрылылымдық бірлігіндегі сатып алынған немесе іске асырылған активтер мен міндеттемелердің негізгі санаттар бойынша жиынтықталған сомасын ашуға тиіс.
41. Сатып алынған немесе сатылған активтер мен міндеттемелердің сомаларын жеке ашумен бірге еншілес компаниялардың немесе басқа құрылымдық бөлімшелердің сатып алуларынан немесе сатуларынан түскен ақша қаражаттары қозғалысының нәтижелері туралы деректер жеке ұсыну ақша қаражаттарының осы түсімдері мен төлемдерін басқа операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінің нәтижесінде тундайтын ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлуге көмектеседі. Сатудан ақша қаражатты қозғалысының нәтижелері сатып алудан ақша қаражаты нәтижелерінен шегерілмейді.
42. Сатып алу немесе сату кезінде қарама-қарсы ұсыну ретінде төленген немесе алынған ақша қаражаттарының жалпы сомасы сатып алынған немесе шығынға жазылған ақша қаражаттары және олардың баламалары шегеріле отырып ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте беріледі.
Ақшалай емес операциялар
43. Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылуға тиіс.
44. Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:
(а) не тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;
Ақша қаражаттарының және ақша баламаларының құрамдас бөліктері
45. Компания ақша қаражаттарының және олардың баламаларының құрамын ашуы және оның баланста берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстырып тексеруі тиіс.
46. Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының және банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып және 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын сақтау үшін компания ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.
47. Ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктерін анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын компанияның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес беріледі.
Ақпарат ашуға қойылатын басқа да талаптар
48. Компания өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының елеулі қалдықтарының сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.
49. Компанияның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының қалдықтарын топтың пайдалануы үшін қол жетпейтін түрлі жағдайлар бар. Мұның мысалы – валюталық бақылау немесе осы қаражаттарды бас компанияның немесе басқа да еншілес компанияларының жалпы пайдалануына жол бермейтін басқа да заңдық шектеулер қолданылатын елде жұмыс істейтін еншілес кәсіпорынындағы ақша қаражаттары мен ақша баламаларының қалдықтары.
50. Қосымша ақпарат компанияның қаржы жағдайы мен өтімділігін түсіну тұрғысынан алғанда пайдаланушылар үшін маңызды болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен бірге осы ақпаратты ашу мақұлданады және оларға мыналар жатуы мүмкін:
(а) осы кредиттерді пайдалану бойынша орын алған шектеулерді көрсете отырып, болашақтағы операциялық қызметке және инвестициялық міндеттемелерді реттеуге бағытталуы мүмкін іріктелмеген кредиттердің сомасы;
(b) бірлескен қызметке қатысу үлестеріне жатқызылған операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметіне бөлініп көрсетілген ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемдері, олар туралы деректер тепе-тең шоғырлану әдісі бойынша беріледі;
(с) ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемі, ол операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлек операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіреді;
51. Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.
52.
Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға
тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының
қозғалысы және оның құрамдас бөліктері
арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ
сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері
мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін
жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Күшіне ену күні
53. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
___________
Қазақстанда мемлекеттік
тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС
жөніндегі Комитет Қорымен