Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 07:55, реферат
Ақша қаражаттарының есебі туралы окып білу! Қажетті материал жинау
Стандарты бухгалтерского учета Казахстана
Ақша
қаражаттарының қозғалысы
туралы есептер
Бұл
нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға
дейін шығарылған
түзетулері енгізілген
жаңа IFRS-нан туындайтын
түзетулерді қамтиды.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер
Мақсаты
Компанияның
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
ақпарат қаржы есептілігін
Бұл
стандарттың мақсаты
Қолданылу саласы
1. Компания осы Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті.
2. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-«Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.
3. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасайтынына және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы Стандарт барлық компаниялардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттың артықшылығы
4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
5. Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи
ақпарат ақша қаражаттарының болашақ
ағындарының сомасының, уақытының және
айқындығының индикаторы ретінде жиі
пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының
болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының
дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық
пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы
және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы
байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Анықтамалар
6. Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерінде мынадай терминдер пайдаланылады:
Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді.
Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен олардың баламаларының түсімдері және төлемдері.
Операциялық қызмет – компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметінен айырмашылығы бар басқа қызмет.
Инвестициялық қызмет – ақша қаражаттарының баламаларына жатпайтын ұзақ мерзімді активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Қаржы қызметі – компанияның меншік капиталы [*] мен заем қаражаттарының мөлшері мен құрамындағы өзгерістерге әкеп соқтыратын қызмет.
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
7. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі. Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
10 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып білдіруі тиіс.
11. Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
12. Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Операциялық қызмет
13. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
(а) тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер;
(b) жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;
(с) тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
(d) қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
(е) сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
Бір жабдық сату сияқты кейбір операциялар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жататын пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі.
Инвестициялық қызмет
(а) негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатып алуға арналған ақшалай төлемдер. Оларға капиталдандырылған әзірлеу шығындарына және меншікті өндірістің негізгі құрал-жабдықтарына байланысты төлемдер жатады;
(b) негізгі құралдар, материалдық емес және басқа да ұзақ мерзімді активтер сатудан алынған ақшалай түсімдер;
(с) басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған төлемдерден басқалары);
(d) басқа компаниялардың үлестік немесе борыш құралдарын және бірлескен қызметке қатысу үлестерін сатудан алған ақшалай түсімдер (ақша қаражаттарының баламалары ретінде қарастырылатын осы құралдар үшін және коммерциялық немесе сауда мақсатына арналған ақшалай түсімдерден басқалары);
(е) басқа тараптарға берілген аванстық ақшалай төлемдер мен кредиттер (қаржы компаниялары берген аванстық төлемдер мен кредиттерден басқалары);