Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:01, дипломная работа
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Бұл стандарттың мақсаты компанияның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
42. Сатып алу немесе сату кезінде қарама-қарсы ұсыну ретінде төленген немесе алынған ақша қаражаттарының жалпы сомасы сатып алынған немесе шығынға жазылған ақша қаражаттары және олардың баламалары шегеріле отырып ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте беріледі.
Ақшалай емес операциялар
43. Ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржы операциялары ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептерден алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар қаржылық есептілікте олар осындай инвестициялық және қаржы қызметі туралы барлық маңызды ақпаратты беруді қамтамасыз ететіндей түрде ашылуға тиіс.
44. Инвестициялық және қаржы қызметінің едәуір бөлігі, олар компания капиталының құрылымына және активтеріне ықпал жасағанымен де, ақша қаражаттарының ағымдағы қозғалысына тікелей әсерін тигізбейді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен ақшалай емес операцияларды алып тастау осы есептің мақсатына сай келеді, өйткені бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражаттарының қозғалысын туғызбайды. Ақшалай емес операциялар мысалдары мыналар болып табылады:
(а) не тікелей тиісінше міндеттемелер қабылдау, не қаржыны жалға алу арқылы активтерді сатып алу;
Ақша қаражаттарының және ақша баламаларының құрамдас бөліктері
45. Компания ақша қаражаттарының және олардың баламаларының құрамын ашуы және оның баланста берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстырып тексеруі тиіс.
46. Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының және банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып және 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын сақтау үшін компания ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.
47. Ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктерін анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын компанияның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес беріледі.
Ақпарат ашуға қойылатын басқа да талаптар
48. Компания өзінде бар, топтың пайдалануы үшін қол жеткізілмейтін ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының елеулі қалдықтарының сомасын басшылықтың түсіндірмесімен бірге ашуы тиіс.
49. Компанияның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттары баламаларының қалдықтарын топтың пайдалануы үшін қол жетпейтін түрлі жағдайлар бар. Мұның мысалы – валюталық бақылау немесе осы қаражаттарды бас компанияның немесе басқа да еншілес компанияларының жалпы пайдалануына жол бермейтін басқа да заңдық шектеулер қолданылатын елде жұмыс істейтін еншілес кәсіпорынындағы ақша қаражаттары мен ақша баламаларының қалдықтары.
50. Қосымша ақпарат компанияның қаржы жағдайы мен өтімділігін түсіну тұрғысынан алғанда пайдаланушылар үшін маңызды болуы мүмкін. Басшылықтың түсіндірмелерімен бірге осы ақпаратты ашу мақұлданады және оларға мыналар жатуы мүмкін:
(а) осы кредиттерді пайдалану бойынша орын алған шектеулерді көрсете отырып, болашақтағы операциялық қызметке және инвестициялық міндеттемелерді реттеуге бағытталуы мүмкін іріктелмеген кредиттердің сомасы;
(b) бірлескен қызметке қатысу үлестеріне жатқызылған операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметіне бөлініп көрсетілген ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемдері, олар туралы деректер тепе-тең шоғырлану әдісі бойынша беріледі;
(с) ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің жалпы өлшемі, ол операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлек операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіреді;
51. Операциялық мүмкіндіктердің ұлғаюын білдіретін ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері және операциялық мүмкіндіктерді қолдау үшін қажетті түсімдері мен төлемдер туралы деректерді бөлек ашу пайдаланушыларға компанияның өздерінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауына жеткілікті қаражат жұмсағанын анықтауға мүмкіндік береді. Өзінің операциялық мүмкіндіктерін қолдауға жеткілікті қаражат бөлмейтін компания ағымдағы өтімділік және иеленушілердің арасында қаражаттар бөлу үшін өзінің болашақ пайдаларын қиюы мүмкін.
52. Сегменттер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ашу пайдаланушыларға тұтастай алғанда компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы және оның құрамдас бөліктері арасындағы өзара байланысты, сондай-ақ сегменттердің ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінің болуы және өзгермелілігін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Күшіне ену күні
53. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1994 жылғы 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.
___________
Қазақстанда мемлекеттік тілдегі
ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі
Комитет Қорымен жасалған шарттың
негізінде Қазақстан