Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 12:01, дипломная работа
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді.
Бұл стандарттың мақсаты компанияның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру
18. Компания операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді, не:
(а) тікелей әдісті, бұл әдіс кезінде жалпы ақша түсімдерінің негізгі түрлері мен төлемдері туралы ақпарат ашылады; не
(b) жанама әдісті пайдалана отырып беруі тиіс, бұл әдіс кезінде таза пайда мен залал ақшалай емес сипаттағы операциялардың, негізгі қызметтен кез келген кейінге қалдырылған немесе есептелген өткендегі немесе болашақтағы ақша түсімдерінің немесе төлемдерінің және инвестициялық немесе қаржы қызметінен ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты кірістердің немесе шығыстардың нәтижелері ескеріле отырып түзетіледі.
19. Компаниялардың ақша қаражаттарының қозғалысының ағындарын көрсету үшін тікелей әдісті қолдануы құпталады. Бұл әдіс жанама әдісті қолдану кезінде болмайтын ақша қаражаттарының болашақ ағындарын бағалау үшін қажетті ақпаратты қамтамасыз етеді. Тікелей әдісті пайдаланған кезде жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері туралы ақпарат мыналардан алынуы мүмкін, не:
(а) компанияның есепке алу жазбаларынан; не
(b) сатуды, сатудың өзіндік құнын (пайыздар және осы тәріздес кірістер және пайыздар төлеміне жұмсалған шығыстар және қаржы мекемелері үшін осы тәріздес шығыстар түріндегі кірістер) мыналарды:
(і) кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
(іі) басқа ақшалай емес баптарды; және
(ііі) инвестициялық немесе қаржылық ақша ағындарының туындауына әкеп соқтыратын басқа да баптарды ескере отырып, пайда мен залал туралы есептегі басқа да баптарды түзету арқылы.
20. Жанама әдісті қолданған кезде операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаттарының таза ағыны мыналарды:
(а) кезең ішіндегі босалқылардағы және операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердің өзгерістерін;
Өзгеше алғанда, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының таза ағыны жанама әдісті қолдану кезінде пайда мен залал туралы есепте ашылатын түсімдер мен шығыстарды және кезең ішіндегі босалқылар мен операциялық дебиторлық және кредиторлық берешектердегі өзгерістерді көрсету арқылы жанама әдісті пайдаланумен ұсынылуы мүмкін.
Инвестициялық және қаржы қызметтерінен түсетін ақша қаражатттарының қозғалысы туралы деректерді беру
21. Компания 22 және 24-параграфтарда жазылған өзара есепке алу негізінде ұсынылатын олар туралы деректерді ақша түсімдері мен төлемдерін қоспағанда, инвестициялық және қаржы қызметінен туындайтын жалпы ақша түсімдерінің және жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлерін бөлек берулері керек.
Нетто-әдіс бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді беру
22. Операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректер нетто-негіз бойынша есептерде берілуі мүмкін:
(а) ақша қаражаттарының қозғалысы ең алдымен компанияның қызметін емес, клиенттің қызметін көрсеткен кезде клиент атынан түсетін ақша түсімдері мен төлемдері; және
(а) банктің талап ету депозиттерін қабылдауы мен өтеуі;
22(b)-параграфында аталған ақша түсімдері мен төлемдерінің мысалдары жүргізілген аванстық төлемдер және өтеу болып табылады:
(а) кредиттік карточкалардың иелеріне қатысты негізгі сомалар;
24. Қаржылық институт қызметінің мына төмендегі түрлерінің бірі нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері нетто-негіздегі есептерде берілуі мүмкін:
(а) белгіленген төлеу мерзімі бар салымдарды төлемдерді қабылдауға және төлеуге арналған ақша түсімдері мен төлемдері;
Шетел валютаСЫНдағы ақша қаражаттарының қозғалысы
25. Ақша қаражатының шетелдік валютамен операциялар нәтижесінде пайда болатын қозғалысы ұйымның қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы қозғалысы пайда болған күндегі қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамының шетелдік валютадағы сомасына қолдану жолымен көрсетілуге тиіс.
26. Шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражатының қозғалысы ұйымның қолданыстағы валютасында ақша қаражатының осы қозғалысы пайда болған күндегі қолданыстағы және шетелдік валюталар арасындағы айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.
27. Шетел валютасындағы ақша қаражаттарының ағындары есептерде 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес беріледі. Бұл валютаның айырбас бағамын нақты бағамға бірдей жақындатып пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, кезең ішіндегі орташа алынған айырбас бағамы шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды жазу немесе шетелдік еншілес компанияның ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда 21 IAS шетелдік еншілес компаниялардың ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін қайта есептеу кезінде есепті күнгі жағдай бойынша айырбас бағамын пайдалануға рұқсат етпейді.
28. Валюталардың айырбас бағамдары өзгерулерінің нәтижесінде туындаған іске асырылмаған пайда мен залал ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылмайды. Алайда қолда бар және алынуы күтілетін шетел валютасындағы ақша қаражаттары мен олардың баламаларына валюталардың айырбас бағамдары өзгерістерінің ықпалы кезеңнің басында және аяғында ақша қаражаттары мен олардың баламаларын келісу үшін ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепте беріледі. Бұл сома операциялық, инвестициялық және қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттары қозғалысынан бөлек беріледі және оған, егер олар бар болса, есептілікте кезеңнің аяғында валюталардың айырбас бағамдары бойынша ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері туралы деректер берілген жағдайда туындайтын айырмалар жатады.
29. [жойылған].
30. [жойылған].
Пайыздар мен дивидендтер
31. Алынған және төленген пайыздарға және дивидендтерге байланысты ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері жеке ашылуға тиіс. Әрбір осындай түсім немесе төлем операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде кезең-кезеңімен жүйелі түрде жіктелуге тиіс.
32. Кезең ішінде төленген пайыздардың жалпы сомасы, оның пайда мен залал туралы есепте шығыс ретінде танылғаны не танылмағанына немесе 23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS сәйкес рұқсат етілетін баламалы әдісіне сәйкес капиталдандырылғаны не капиталдандырылмағанына қарамастан, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте ашылады.
33. Қаржы мекемелері үшін төленген пайыздар мен дивидендтер операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Басқа компанияларға қатысты осы ақша қаражаттарының түсімдерін немесе төлемдерін жіктеу туралы мәселе бойынша жалпы пікір жоқ. Төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені олар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жатады. Сонымен бірге төленген пайыздар мен алынған пайыздар және дивидендтер тиісінше қаржылық және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға немесе инвестициялардан кіріс алуға жұмсалған шығындар болып табылады.
34. Төленген дивидендтер қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі мүмкін, өйткені олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалған шығындар болып табылады. Сонымен бірге, операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарынан дивидендтер төлеудегі компанияның қабілетін бағалау кезінде пайдаланушыға көмектесу үшін төленген дивидендтер операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының құрамдас бөлігі ретінде жіктелуі мүмкін.
Пайдаға салынатын салықТАР
35. Пайдаға салынатын салыққа байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы, егер олар тек қаржылық немесе инвестициялық қызметпен нақты байланыстырыла алмайтын болса, бөлек ашылуы және операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттары ретінде жіктелуі тиіс.
36. Пайдаға салынатын салық ақша қаражаттарының қозғалысын туғызатын операциялар бойынша туындайды, бұл қозғалыс ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте бағаланатын операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Ал бұл ретте салық төлемі бойынша шығыстар инвестициялық қызметпен немесе қаржыландыру жөніндегі қызметпен оңай байланыстырылуы мүмкін, тиісті салықтың ақша түсімдері мен төлемдеріне қатысты мұндай байланыстырылуды жүзеге асыру іс жүзінде жиі ретте мүмкін болмайды, сондықтан олар тиісті операциядан түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы болған кезеңде туындамауы мүмкін. Сондықтан төленген салықтар әдетте операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Алайда салықтың ақша түсімдерін немесе төлемдерін ақша қаражаттарының инвестициялық немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелетін қозғалысын туғызатын бөлек операциямен байланыстыру мүмкіндігі болған кезде, мұндай түсімдер мен төлемдер тиісінше инвестициялық немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі. Салықтық ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдері қызметтің кемінде бір түріне қатысты болған кезде төленген салықтың жалпы сомасы ашылады.
Еншілес, қауымдасқан
және бірлескен компанияларға
37. Есепке алу үлестік қатысу әдісі немесе нақты шығындар жөніндегі есеп әдісі бойынша жүргізілетін қауымдасқан немесе еншілес компанияға инвестицияларды есепке алу кезінде инвестор ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте өзара (инвестор) және инвестициялау объектісі, мысалы, дивидендтер мен аванстар арасындағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы туралы ақпаратпен шектеледі.
38. Тепе-тең шоғырландыру әдісін пайдалана отырып, бірлесіп бақыланатын ұйымдағы өзінің үлесі туралы есеп (31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS қараңыз) беретін компания өзінің шоғырландырылған есебіне бірлесіп бақыланатын ұйымның ақша түсімдері мен төлемдеріндегі өзінің тепе-тең үлесін кіргізеді. Үлестік қатысу әдісінің көмегімен өзінің үлесі туралы есеп беретін компания өзінің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіне бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға беретін оның инвестициясына байланысты ақша түсімдері мен төлемдерін, оның және бірлесіп бақыланатын кәсіпорын арасындағы бөлуді және басқа да ақша түсімдерін немесе төлемдерін жатқызады.
Еншілес компаниялардыҢ және басқа құрылымдық бөлімшелердіҢ сатып алуЛАРЫ және сатуЛАРЫ
39. Еншілес компаниялар мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің сатып алулар және сатулар нәтижесінде туындайтын ақша қаражаттарының жиынтық түсімдері мен төлемдері бөлек берілуге және инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктелуі тиіс.
40. Компания тұтастай алғанда кезең ішінде еншілес компаниялардың, басқа да құрылымдық бөлімшелердің сатып алуларына және сол сияқты сатып алуларына байланысты мына төмендегі сәттердің әрқайсысынан:
(а) сатып алу немесе сату кезінде жинақтап қарама-қарсы ұсыну;
(b) сатып алу немесе сату кезінде қарама-қарсы ұсынудың ақша қаражаттарымен немесе олардың баламаларымен өтелген бір бөлігін;
(с) еншілес компаниядағы немесе құрылымдық бірліктегі ақша қаражаттарының немесе олардың баламаларының сатып алынған немесе іске асырылған сомасын; және
(d) ақша қаражаттарын немесе олардың баламаларын қоспағанда, еншілес компаниядағы немесе құрылылымдық бірлігіндегі сатып алынған немесе іске асырылған активтер мен міндеттемелердің негізгі санаттар бойынша жиынтықталған сомасын ашуға тиіс.
41. Сатып алынған немесе сатылған активтер мен міндеттемелердің сомаларын жеке ашумен бірге еншілес компаниялардың немесе басқа құрылымдық бөлімшелердің сатып алуларынан немесе сатуларынан түскен ақша қаражаттары қозғалысының нәтижелері туралы деректер жеке ұсыну ақша қаражаттарының осы түсімдері мен төлемдерін басқа операциялық, инвестициялық немесе қаржы қызметінің нәтижесінде тундайтын ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерінен бөлуге көмектеседі. Сатудан ақша қаражатты қозғалысының нәтижелері сатып алудан ақша қаражаты нәтижелерінен шегерілмейді.