Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 19:30, реферат
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
КІРІСПЕ.........................................................................................................................................................3
І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ...........................................................................................................................................................3
1.1 Касса операцияларының есебі..............................................................................................................3
1.2 Кассалық операцияларының ревизиясы..............................................................................................5
ІІ - бөлім. КАССАНЫ ЖӘНЕ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ РЕВИЗИЯСЫ.................5
2.1 Кассаны және кассалық операцияларының ревизиясы......................................................................5
2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі аудиті..............................................................................................7
ІІІ - бөлім. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ....................8
3.1 «Береке» компаниясының ақша қаражаттары қозғалысының есебіне талдау...............................8
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................................................................13
ҚОСЫМША..................................................................................................................................................13
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................................................15
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Аудит» пәнінен
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті
Тексерген: Абленов Д.О.
Э.ғ.к., доцент
Орындаған: Кулжабаева А1.
ЕжА, 2-курс студенті,
221-топ
АЛМАТЫ
2013 жыл
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ
КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ.........................
1.1 Касса операцияларының есебі.........................
1.2 Кассалық операцияларының ревизиясы.....................
ІІ - бөлім. КАССАНЫ ЖӘНЕ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ РЕВИЗИЯСЫ.................5
2.1 Кассаны және кассалық операцияларының
ревизиясы.....................
2.2 Ақшалардың қозғалысының ішкі
аудиті........................
ІІІ - бөлім. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ....................8
3.1 «Береке»
компаниясының ақша қаражаттары қозғалысының
есебіне талдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОСЫМША.......................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген «ҚР х/ш касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сәйкес жүзеге асырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредитивіндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
І - бөлім. КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.1 Касса операцияларының есебі.
Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділігіне жұмысқа деген немқұрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.
Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның, ұйымның, суъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас бұхгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады. Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорынның, ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектінің касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің кассасына кіріске алынуы ерек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010-«Кассадағы ақша қаражаты» онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның, субъектінің кассасына қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, қабылдау үшін бас бұхгалтердің немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның, ұйымның, субъектінің аты, ақша төлеуші адамның немесе субектінің аты-жөні қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандығы, сол төленген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас бұхгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу ведомостары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас бұхгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылуы керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда шаруашылық субъектінің басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса, онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл құжатын немесе өзін куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының номерін және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды, кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек. Бұл құжаттарды өзгернтуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бұхгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы-қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу едомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында (кассир) касса қызметкері кассалық кіріс ету және кссалық шығыс ету ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бұл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бұхгалтерінің қолдары болуын және ордерлерде көрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді. Кассалық кітаптың беттері (парақтары) номерленіп және оған жіп өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бұхгалтері қолдарын қойып, куәландыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, екіріс етілген немесе кәсіпорынның, ұйымның кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бұхгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған немесе шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн сайын кәсіпорынның, ұйымның касса қызметкері кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына субъектінің бас бұхгалтері бақылау жасап отыруы керек. Кәсіпорынның, ұйымның немесе мекемелердің кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына бөлек кассалық кітап ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және де шығыс етілген, кассадан төленген ақша қаражаттарының сомасы шетел валютасымен де және сол күнгі баға (курс) бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып та жазылады.
Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2008 жылдың 25 тамзында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге шаққандағы бағамдық айырмашылығы 119-ға тең) деп алатын болсақ бұхгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Д-т: Касса
К-т: Тауарларды сатудан алынған табыс $5000 (595000тг)
Мұндағы 595000 тг = 119 х 5000.
1010 «Кассадағы ақша қаражаты» деп аталатын шот бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордерлердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердері есептелініп жүргізіледі.
1.2 Кассалық операциялардың ревизиясы
Құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және кассалық қызметті дұрыс ұйымдастыру үшін банк мекемесіндегі кассалық операциялар жүйелі түрде бақыланып немесе тексеріліп отырады.
Банк кассасында сақталатын барлық банкноттар, шақа (монета) және басқа да құндылықтар келесі жағдайларда жүргізілетін дүркін-дүркін тексерістен өтіп отыруы қажет:
-тоқсанына бір реттен сирек емес, оның ішінде 1 қаңтар жағдайы бойынша жыл сайын;
-лауазымды және материалдық
жауапты тұлғалар ауысқан
-банк басшылығының қарауы
Барлық құндылықтарды сондай дәйектілікпен тосыннан бір күнде тексеруден өткізу – талан-таражға салу мен ақша және құндылықтардың кем шығуын жасыру мүмкіндіктерінен айыру болған болар еді. Сол күні тексеру мақсатымен және ұрлауды жасыру мүмкіндігі құндылықтардың және ақшаның кем шығуын болдырмайтын негізде жүзеге асырылады. Осындай тексеріс кезінде барлық құндылықтардың қолда болуы, банктің есеп мәліметтеріне сәйкес келуі, сақтау тәртібі белгіленіп, сонымен қатар касса жұмысындағы жетіспеушіліктер анықталады.
Банк басшысы тексеру жүргізу үшін жазбаша өкім шығарады, оның негізінде комиссия құрылады. Тексеруді құндылықтарға байланысты операцияларға жүргізумен байланысы жоқ, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде кассалық операцияларды жүргізу тәртібін және кассалық жұмыс бойынша Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерін жақсы білетін қызметкер ғана жүргізе алады.
Тексеру міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі, егер ол тұлғалар қатыспаған жағдайда актіде ол туралы ерекше белгіленеді. Жасалған акт комиссияның барлық мүшелері және материалды жауапты тұлғалардың қолымен расталады. Тексеру нәтижесі бойынша жасалатын актілерде касса жұмысында анықталған жетіспеушіліктері көрсетіледі, есеп мәліметтері мен нақты құндылықтар арасында анықталған сәйкессіздіктер келтіріледі, анықталған жетіспеушіліктердің орнын толтыру үшін ұсыныстар беріледі.
ІІ - бөлім. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ
ІШКІ АУДИТІ
2.1 Кассаны және кассалық операцияларының ревизиясы
Кассада сақталатын ақша 1010 “Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар” және 1020 “Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар” шоты қосалқы тобында ескерілуі тиісті. Осы шоттардың дебитіне кассаға түсетін ақша, ал кредитіне кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кіріс және шығыс касса ордерлері негізінде жасалады.Кассалық операциялар ревизиясының бағдарламасы 1-кестеде көрсетілген.
Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде 3 бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақытылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығаурдың дұрыстығын тексеру.
Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде мына әдіснаманы қолдануға болады: кассаны түгендеу кассирдің тексеру орнына келгенде бірден өткізеді. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауға тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық орындалама? Кассаны кенеттен тексеретін актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
Кассаны теусерді жүзеге асырғанда аудитор мынандай шарттарды сақтауға міндетті:тексеру құрамында кәсіпорын кассирі мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады.
Ақшалай қаражат қозғалысын ішкі бақылау жүйесі –активтерді қорғау субъектінің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету; бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар.
Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ұрлық тәуекелі кейбір адамдардың есеп жүйесіне қолы жетіп, ақшалай қаражатты күзетуге рұқсат алу мүмкіндігіне тікелей байланысты. Ақшалай қаражаттың қозғалысын ішкі бақылау мынадай функцияларды орындауы тиіс: