Ақша қаражаттар қозғалысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:30, реферат

Описание работы

Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................7
ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................16
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................16
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................27
Қорытынды.......................................................................................................35
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................37

Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

referattar.kz_акша кар козгал.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

Шығындар:

- Сатылған тауардың өзіндік құны                280.000$

- Операциондық шығындар                             75.000$

- Негізгі құралдардың  тозуы                            15.000$

- % бойынша шығындар                                     8.000$

- Табысқа салынатын  салықтық                         7.000$

  шығындары

Жиыны                                                                                          385.000$

Таза табыс                                                                                       35.000$

Осы мәліметтерге сүйене отырып, операциондық қызметтен  түскен таза ақша қаражаттарын тікелей  және жанама әдіспен есептеу қажет.

1) Операциондық  қызметтегі ақша ағымын жанама  әдіс бойынша есептеу.

                                        «Демо» компаниясы.

                  Ақша қаражаттардың қозғалысы  туралы есептілік.

                                   2005 жылдың 31 желтоқсанына

Операциондық  қызметтегі ақша қаражаттардың қозғалысы:

- Таза табыс                                                                                                 35.000

Операциондық  қызметтегі таза ақша қаражаттарына таза табыстарды қайта есептеуді қажет ететін түзетулер:

- Негізгі құралдардың  тозу шығындары                                  15.000

- Жерді сату бойынша шығындары                                         (20.000)

- Дебиторлық қарыздардың  азаюы                                             9.000

- Жал бойынша алдағы  кезең шығындарының көбеюі            (5.000)

- Қорлардың көбеюі                                                                     (2.000)

- Кредиторлық қарыздардың  көбеюі                                           6.000

- % бойынша қарыздардың көбеюі                                              4.000

- Салықтар бойынша  қарыздардың азаюы                                 (2.000)    5.000

Операциондық қызметтен  түскен таза ақша қаражаттары                     40.000

2) Операциондық  қызметтегі ақша ағымын тікелей  әдіспен есептеу.

                                                      Есептеу        Қосу        Алып         Ақша

                                                         әдісі                           тастау        ағымы

- Сатылымдар                            400.000$       9.000$         -      409.000$ (+)

                                                                       деб. қарыз

- Жерді сатудан түскен               20.000$           -            20.000$         0

  Түсім                                                                                табыс

- Сатылған тауарлардың           280.000$       2.000$      6.000$   276.000$ (-)

  өзіндік құны                                                    қолар       кред.қар.   

- Операциондық шығындар       75.000$        5.000$      -            80.000$ (-)

                                                                          жал үшін

- Негізгі құралдардың                15.000$              -            15.000$        0

  тозу шығындары                                                               тозу      

- % - ды төлеу бойынша              8.000$              -       4.000$          4.000$ (-)

  шығындар                                                                          қарыз

- Табысқа салынатын                   7.000$         2.000$        -              9.000$ (-)

  салықтық шығындар                                   сал. қарыз

- Таза табыс                               35.000$    операциондық қызмет-  40.000$

                                                                         тен түскен ақша

                                                                         қаражаттары

  

         «Демо»компаниясы.

                  Ақша қаражатының қозғалысы туралы  есептілік.

                           2005 жылдың 31 желтоқсанына

Операциондық  қызметтен түскен ақша ағымы:

Клиенттерден түскен ақша қаражаттары                                         409.000$

Ақша қаражаттардың  төлемдері:

- жабдықтаушыларға                                                 276.000$

- операциондық шығындарға                                     80.000$

- пайыздар бойынша                                                     4.000$

- табысқа салынатын  салықтар бойынша                   9.000$

Жиыны                                                                        369.000$

Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттары                       40.000$

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Дисконтталған  ақша ағымдарын есептеудің негізгі  мақсаты.

 

«Ақшаның уақытша құны»  деген ұғым – ақша мен уақыт  арасындағы байланысты көрсету үшін қолданылады.

 Ақшаның уақытша құны – бұл қаржылық есепкерліктің (ҚЕХС) стандартты емес, ол басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын тәсілдердің бірі, яғни қазіргі кезде қолданылатын нақты шешімдер, бірақ белгілі бір мерзімдегі инвестицияны қайтарумен байланысты уақыт пен ақшаның арасындағы ара-қатынастың жиынтығын көрсетеді.

 Әрбір бизнес саласында  ұзақ мерзімді келісім – шарттар  жасалғанда, бәрімізге белгілі, бүгінгі  күні алынған ақшалар жоғарғы  құнға ие болады, келесі жылға  қарағанда. Яғни бүгінгі –  10.000 теңге, ертеңгі күнгі сомасымен теңеспейді. Ол төмендеп не жоғарылап кетуі мүмкін. Инфляцияға байланыссыз болғанның өзінде. Егер де инфляция 0- ге тең болғанның өзінде, біз теңеспеушілікті көріп отырамыз. Неліктен? Бұл ақшаның болуы қазіргі кезде оларды әр түрлі қаржылық құралдарға немесе бизнеске салуға мүмкіндік береді және тікелей тәуекелге байланысты белгілі бір табыстарды алады.

 Сондықтан да біз  дұрыс шешім қабылдау мақсатында, үнемі бүгінгі күннің ақша ағымын келешектегі құнмен салыстырып, болжап отыруымыз қажет.

 ҚЕХС бойынша жалгерліктің операциясын бағалағанда немесе ұзақ мерзімге алынған қаржылық салымдарды анықтағанда дисконтталған құн ұғымы қолданылады.

 Дисконттау – бұл ақша мен уақыттың байланыстылығы. Осы байланысты келесілер көрсетеді:

  • Пайданы алу мақсатында ақшалар жұмсалады.
  • Қосымша пайданы немесе экономияны қаржылық салымдарды алып келуі қажет. Өйткені, шығындарды ақтауы тиіс. Бірақ, пайданың немесе табыстың мөлшері жоғары болуы қажет. Өйткені, салымдардың құнына пайда түсіруі қажет.
  • Қаржылық салымдар тиімді болып есептелінеді, егер олар инвесторға уақыттық мөлшерін өтесе және осы мөлшерде тиісті табыс әкелсе. Сонымен, қаржылық салымдардың бағдарламасын бағалаған кезде, әр түрлі уақытты есепке алып, жеткілікті пайданы, осы салымдар алып келу тиістігін ең алдымен анықтайды.

Бұл жерде  ақшалай ағымдарды дисконттау әдісі  – бұл ақша құнының уақыттағы өзгеруін есептейтін бағалау әдісі. Ақшаның дисконтталған құны инфляцияға бағынбайды. Өйткені, инфляция 0- ге тең болса да, ақшалар болашақ табыстардың есебімен құнға теңестіріледі.

 Пайыздар- бұл әр түрлі нысандарда қарызға берілген капиталдан түскен пайыздар немесе өзіндік және қаржылық мінездемесі бар инвестициялардан түскен табыс.

Пайыздар - әр түрлі болады:

  1. Жай пайыздар – бұл есептеу мерзімінде алғашқы ақшалай сомаға қолданылатын пайыздар.

Мысалы:  1) ссуда – 500.000 теңге көлемінде 3 жылға берілді. 30 % - қ жылдық жай қойылым бойынша, онда 3 жыл уақытында пайыздың көлемі келесідей болады. 500.000 * 30 % * 3 жыл = 450.000 теңге.

2.  Күрделі пайыздар  – реинвестицияланған пайызға алынған пайыздар,                      

яғни ссудаға немесе қаржылық салымға төленетін пайыздарды негізгі сомаға қосады. Осының нәтижесінде, пайыздарды негізгі сомаға және алынған пайыздарға төлейді.

   Күрделі пайыздарды есептеу- бұл дисконттауға кері үрдіс. Өйткені, күрделі пайыздар арқылы қазіргі уақыттағы қолма – қол ақшаның болашақ құны анықталады.

  Мысалы: Егер, қазір біз, банкке – 1000 теңге салсақ 10 -%- қ жылдық қойылымы бойынша және пайызды жылына бір рет төленсе (жылдың соңында), онда табыстылықтың келесі көрсеткіштеріне сенер едік:

  • Бір жылдан соң инвестициялар келесі көлемге дейін өседі. 1000+10%*1000=1100. Яғни %- р бойынша төлем 100 болады.
  • Егер осы банктік шотта, біз өзіміздің ақшамызды ұстасақ, онда инвестицияның құны 2 жылдан соң 1210 теңге болады. (1100*1,1) пайыздар бойынша төлем 2 жылы 110 теңге болады. (1210-1100) Осыны басқаша түрде жазуға болады. Алғашқы инвестицияның мөлшеріне 2 жылдың пайыздарын есептеу арқылы, яғни (1000*(1,1*1,1)=1210)
  • Егер біз, осы ақшаны 3 жыл бойы сақтасақ, онда 3 жылдың соңында инвестицияның құны келесі мөлшерлерге дейін өсер еді. 1000* (1,1*1,1*1,1)=1331. 3 жылдың пайыздары 121 теңге болады. (1331-1210)

Осы мысал инвестициялар  құнын анықтау әдістемесін күрделі  пайыздарды қолданып көрсетеді. Осындай принциптерді болашақ және ағымдағы анықтамаларда пайдаланады.

 Ағымдағы құн – бұл болашақ ақшалай ағымның дисконтталған құны.

 Дисконттау  – бұл күрделі пайыздардың керісінше есептелуі.

             

\

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, сонымен, ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы болып табылады.

Ақша қаражаттарының болуы, оның үнемі қозғалыста болуы, тұтас экономика шеңберінде қарастырғанда, маңызды орынға ие.

Еліміздің нарықтық экономикаға  өтуіне байланысты, қазіргі кезде  ақша қаражаттарының ролі күннен-күнге  артуда. Оның қозғалысын үнемі реттеп отыру мақсатында көптеген әдістер, есептіліктер және т.б. арнайы қолданылатын қаржылық құжаттар мен шаралар дайындалған. Соның ең бір маңыздысы – «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік болып табылады.

Негізінен ақша – экономиканың негізгі айнасы болып табылады. Мәселен, өткен жыл еліміздің қаржы нарығындағы оң өзгерістермен айтулы болды. Осы өзгерістер нәтижелерінің, сондай-ақ экономиканың қаржы және басқа секторларындағы үрдістердің бірі – экономикада қолма-қол ұлттық валютаға қажеттіліктің артуы болып табылады.

Инфляция деңгейі ақшалардың ұлғаюында өзінің макроэкономикалық мәнін сақтады.

Талдау көрсетіп отырғандай, айналыстағы ақшаның көбею себептері, біріншіден, экономикалық өсудің жоғары қарқынының сақталуы себепті халықтың ақшалай кірістерінің ұлғаюы, сондай-ақ зейнетақыларды қайта есептеуге байланысты бюджеттен төленетін әлеуметтік төлемдердің едәуір ұлғаюы болады., бұл айналыстағы ақшалардың едәуір өсуіне ықпал етті.

Екіншіден, айналыстағы ақшалардың ұлғаюына екінші деңгейдегі банктердің кассалық айналымдарындағы құрылымдық өзгерістер ықпал етті.

2005 жылы резидендтердің  банк жүйесіндегі депозиттері  0 % - дан астам өсті.

Осыған байланысты республиканың  төлем жүйесін ұйымдастыруға  және тұрақтылығына жауапты әрі  қолма-қол ақша айналысының тікелей  агенттері болып табылатын уәкілетті органдар ретінде екінші деңгейдегі банктердің күш-жігері, бір жағынан, төлем карточкалары, чектер және басқа балама төлем құралдары аркылы клиенттермен есеп- айырысу және халыққа қызмет көрсету кезінде қолма-қол ақшамен жасалмайтын операцияларды жандандыруға жұмсалуы тиіс. Екінші жағынан, экономиканы банкноттар мен монеталардың талап етілетін номиналдарымен қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігі туындайды, қандай да бір номиналдардың жеткілікті саны ұсынылған айналыстағы қолма-қол ақша жоғары номиналды банкноттармен ақша айналысының толықтырылуынан және орташа, әсіресе төмеңгі номиналдардың, оған қоса монеталардың жетіспеуінен туындауы мумкін инфляциялық үрдістерге жол берме

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

    1. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.     «Қаржылық есеп» Алматы, Экономика, 2001ж.
    2. Міржақыпова С.Т. «Банктердегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2004ж.
    3. М.А. Вахрушина, Л.А. Мельникова, Н.С. Пласкова «Международные стандарты учета и финансовой отчетности» Москва, 2005г.
    4. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі бухгалтерлік есеп» Алматы, Экономика, 2005ж. 
    5. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы, 2003ж.
    6. Төлешова Г.Қ. «Дамыған қаржылық есеп» Алматы, Экономика 2005ж.
    7. Толешова Г.К. «Финансовый учет и отчетность в соответствии с международными стандартами», часть 1, Алматы, 2004г.
    8. Вводный курс по МСФО. Отчет о движении денежных средств. Модуль 5 // Евразийский вестник аудитора // №12, 2003г.
    9. И.В. Хегай «Дисконтирование денежных потоков для целей учета» // МСФО // №4, 2003г.

Информация о работе Ақша қаражаттар қозғалысы