Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:30, реферат
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
• жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
• айырбас құнының дербес формасы;
• еңбек өлшемінің заттай формасы.
Кіріспе
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы...................................5
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................................7
ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................16
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері..........................................................................................................16
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................27
Қорытынды.......................................................................................................35
Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................37
Қосымшалар
ЖОСПАР
Кіріспе
І. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама....................5
1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен
маңызы........................
1.2 Ақша қаражаттар қозғалысының есебі.........................
ІІ. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі.................16
2.1 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы»
туралы есептілік және оның түрлері.......................
2.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты..................27
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады.
Толық құнсыз ақшалар – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар. Оған: қағаз ақшалар және несиелік ақшалар жатады.
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері. Олар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар. Олардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байлланысты. Оларға: вексель№ банкнота және чек жатады.
Вексель – белгілі бір соманы алдын-ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Банкнота – орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Чек – ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Қай саладағы кәсіпорындар
мен ұйымдар болмасын өз қызметі
барысында басқа заңды және жеке
тұлғалармен қарым-қатынас
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.
Ақша қаражаттар қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ, тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ол капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелік және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Қолма-қол ақшалар айналысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар қызмет етеді.
Қолма-қолсыз ақшалар айнасы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының ақшаларының қозғалысы. Оған: чектер, пластикалық карточкалар, электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір қозғалыс сферасынан екінші біріне өтіп отыруынан байқалады.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 ‘Ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есеп’ - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша – қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша – қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: «Заңды тұлғалар, субъектілер ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында тапсырады» делінген.
Жалпы ақша қаражаттары ҚЕХС-ң шоттар кестесіндегі 10.1 «Қысқа мерзімді активтер» деген алғашқы бөлімнің бірінші тобына кіреді. Бұл бөлімнің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған. Актив,егер:
Оны іске асыру болжамдалса, немесе ұйымның қалыпты операциялық циклінің барысында ол сату немесе пайдалану үшін ұсталынса;
Ол негізінен сауда мақсатында немесе қысқа мерзімге және оны іске асыру баланстың күнінен кейін он екі айдың ішіңде күтілсе;
Пайдалануда шек қойылмайтын ақша немесе оның баламасында болса, қысқа мерзімді актив ретінде жіктеледі.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі - ақша қаражаттарын есептеу үшін қолданылады және өзіне мына 7 топты кіргізеді.
1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
1020 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», бұл жерде кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есептелінеді. Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақша қаражаттарының есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне ұқсас жүргізіледі.
1010 (451) «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 (452) «Кассадағы валютамен ақша қаражаты» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал – ордері, ал дебеті бойынша осы журнал – ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал – ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал – ордерде есептеліп жүргізіледі.
1030 «Жолдағы теңгемен ақша қаражаты», бұл жерде жолдағы ақша қаражаттар қозғалысы көрсетіледі. Бұл шот аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналады.
1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», онда банктік шоттардағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар, фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалай және басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалай қаржылар есептелінеді. Жалпы субъектілердегі есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 (441) – шотта жүргізіледі. Бұл шот дебеті бойынша 1210,2110 (301), 1420 – 2810 (331-334), 1010 (451), 3010-3020 (601-603) және т.б шоттардың кредитімен, ал кредиті бойынша 1040 (141-143), 1610 (351-352), 1150 (401-403), 1010 (451), 3010,3020 (601-603), 3310 (671) тағы басқа шоттардың дебетімен корреспонденцияланады.
1040 – шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2 – журнал – ордерде, ал дебетінде жазылған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.
1050 «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», мұнда ағымдағы банктік шоттардағы шетелдік валюта түріндегі ақша қаражаттар қозғалысының есебі көрсетіледі.
1060 «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде депозиттік банктің шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
1070 «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты», бұл жерде арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады.
Бұл шотта ашылған
аккредитивтердегі ақшалай қарж
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
Ашылған аккредитив сомасы 1070 – «Аккредитивтегі ақшалай қаржылар» шотының дебетіне қай шоттардан аударылғанына қарай, егер есеп айырысу шотынан аударылса, 1040 – шотынан, валюталық шоттардан 1020-1050 аударылса, банктерден алынған несиелердің есебінен аударылса, 3010 (601) – шоттың, банктен тыс басқа да мекемелердің несиелері есебінен аударылған болса: 3020 (602) – шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға аккредитивтен төленген сома бухгалтерияда 3310 (671) «Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу» шотының дебетіне 1070 (421) «Акредитивтегі ақшалай қаржы» - деп аталатын шоттың кредитіне жазылады.
Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан кәсіпорынның таза табысы - тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанында жүргізілсе, онда ақшаның азаюымен байланысты болады.
Ақша қозғалысымен байланыссыз, алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:
2.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
7 ҚЕХС «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік дүниежүзілік банкпен дайындалған.
ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі мақсаты – операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік – қаржылық есептіліктің төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады.