Қаржылық есеп беру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:55, отчет по практике

Описание работы

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі. Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі

Содержание

КІРІСПЕ

1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰРАМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары мен айрықша белгілері………………….... 4
1.2 Қаржылық – шаруашылық қызметінің есебін беру......................................... 6
1.3 Қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну.......................................................... 7
1.4 Қаржылық салымдарының есебі..................................................................... 10

2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы..................................................................... 15
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.. 18
2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі................................... 19
2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау.................................................... -
2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру................................................................. 21

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

Отчет Жансулу (Восстановлен).docx

— 86.66 Кб (Скачать)
ext-align:justify">      Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік  есепке аудиторлық тексерулер  Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген жағдайларда,сондай-ақ әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшыларының төрттен бірінің бастамасы бойынша жүргізіледі.

 

 

        2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

 

 

       "Материалдық емес активтер" бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі.Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі,сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін.Бап бойынша бастапқы бағалау кезіндегі материалдық емес  активтердің құны,есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және қалдық құны көрсетіледі.Материалдық емес активтер баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі.Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын қызметнің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады.

     Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп,бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.

      Баланстың «Материалдық емес» активтер деген бабын калдық құнымен толтыру үшін 2700 Материалдық емес активтер, 2710 Гудвилл, 2730-Басқалар және 2740- Материалдық емес активтердің амортизациясы деген жинақтамалары шоттары ақпараттарын қолдану қажет.

      Негізгі құралдар бабы бойынша қолданыстағы консервациядағы немесе қордағы запаста,ы негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорыннығ меншігіне сатып алынған жер учаскілерінің құныда көрсетілед: аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы, қалдық құны жеке – жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі құралдардың қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына  дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланнан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны қалпына келтіру құнына алмастырылады ( яғни өалпына келтіру құны баланстық құнға айналады). Есеп беруде негізгі құралдардығ тозуы жекелей көрсетіледі. Сонымен, баланстың «Негізгі құралдар» деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411- «Жер», 2412- «Үйлер мен ғимараттар», 2413- « Машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары» , 2414- «Көлік құралдары», 2930- « Аяқталмаған құрылыс» , 2421- «Үйлер мен ғимараттардың тозуы» , 2423- « Машиналар мен жабдықтардың, беріліс ұүрылғыларының тозуы» , 2425- « Көлік құралдарының тозуы».

      «Ұзақ мерзімді инвестициялар»  бөлімі бойынша баланстар кәсіпорынның  ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа  кәсіпорындардың активтеріне ( бағалы  қағаздар- акциялар, облигациялар) Қазақтан  Республикасының аумағында құрылған  басқа кәсіпорындардың жарғылық  капиталына салымдар, сондай-ақ кәсіпорынның  басқа кәсіпорындарға берген  қарыздары көрініс табады. Баланстың  «Ұзақ мерзімді инвестициялар»  деген бабын толтыру үшін мынадай  жинақтамалы шоттардың ақпараттары  қолданылады: 1100- «Қысқа мерзімді  қаржы инвестициялар», 2000- «Ұзақ  мерзімді инвестициялар», 2210- «Бірлесіп  баұыланатын заңды тұлғаларға  инвестициялар» .

    «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» бөлімінде есеп беретін адамдардағы берешектер көрсетіледі.

     Бұл бапты толтыру үшін 1210- «Алуға арналған шоттар», 1130-  «Алынған вексельдер», 1220- «Еншілес серіктестіктердің берешгі», 1230- «Тәіелді серіктестіктердің берешегі» , 1240- «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі» деген жинақтамалы шоттардың және 1280- «Өзге де дебиторлық берешек» бөлімшесі шоттардың деректері пайдаланылады.

      Есеп берудің «Тауарлы – материалдық қорлар ( ТМҚ )» бабын толтырған кезде 2 бөлімдегі 1310 -  «Материалдар», 1340- « Аяқталмаған өндіріс» ,       1330- « Тауарлар» деген шоттардың ақпараттары пайдаланылады.

     «Алдағы кезеңдердің шығыстары» бабын толтыру үшін 1620- «Алдағы кезеңдердің шығыстары» деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.

     Баланстың пассивіндегі «Бөлінбеген кіріс» бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400- «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян)» , 562- «Алдыңғы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» , 5410- «Есепті кезең кірісі ( зияны)» жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.

     

 

      2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру

 

 

      Пайда және зиян жайлы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтер терлік есептің №3 стандартында ашылыр көрсетіледі.Бұл стандарт бағалау,әдісі есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетіл- генде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беру мен олар- дың қаржы есептемелеріндегі   баптардың жіктелімін белгілейді.

     Пайда және зиян жайлы есеп беруде мынадай баптар ашылып  көрсетіледі:

-негізгі қызметтен(өнімдерді,жұмыстарды,қызметтерді сатудан) алынған табыс;

-сатылған өнімнің ,жұмыстың,қызметтің өзіндік құны;

-жалпы кіріс;

-кезең  шығындары  .Оған енетіндер : жалпы және әкімшілікшығындар,пайыз-

дарды төлеу шығындары,сату жөніндегі шығындар;

-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

-табыс салығы;

-салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян;

-төтенше жағдайлардан алынған  кіріс немесе зиян;

-таза кіріс немесе зиян.

     Стандарт төтенше жағдай деп  аталып   жүргендерге түсінік береді . Бұл – кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің   немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларда бөлек ашып көрсету керек. Стандарт, сондай-  ақ тоқтатылған  операцияға анықтама береді,  Бұны  тоқтатылған операциялар   бойынша кәсіпорын :  филиалының    сатылу-

ымен немесе таратылуымен   түсіндіруге болады .

     Түсіндірме жазбада мыналар ашылып көрсетілуі тиіс  :тоқтатылған операция- ның мәні ,тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялықауданы  ,опера-

цияның нақты тоқтатылған күні,операцияны тоқтатудың әдісі(сату немесетарату тарату және олардың себебі),тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян,өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызмет- інен алынған кіріс немесе зиян.

    Стандарт бағалауды өзгертудің  әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады . Есептік бағалаудағы  өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ғана қосылады.

 

 

                                           Пайда және зиян жайлы есеп

 

 

                   Көрсеткіштер атауы

Коды

   Алдыңғы 

      мерзім

  Есепті  

  мерзім

Дайын өнімді сатудан түскен кіріс(жұмыс,тауарларды)

010

6095570

7634633

Сатылған  дайын өнімнің өзіндік құны(жұмыс,қызмет,тауарларды)

020

4897941

4625339

Жалпы кіріс

030

1197629

3009294

Барлық  мерзім шығыны,оның ішінде сатуға байланысты шығындар жалпы және әкімшілік шығындар сыйақы шығындар

040

041

042

043

1039991

22331

1017660

0

906295

13782

892512

1

Негізгі қызметтен түскен кіріс(зиян)

050

157638

2103000

Негізгі емес қызметтен түскен кіріс(зиян)

060

133727

408444

Салық салынғанға дейінгі негізгі қызметтен  түскен кіріс(зиян)

070

291365

2511444

Корпоративті  табыс салығы шығыны

080

0

706965

Салық салығынан кейінгі негізгі қызметтен  түскен кіріс

090

291365

1804479

Төтенше жағдайлардан түскен кіріс(зиян)

100

0

0

Таза  кіріс(зиян)

110

291365

1804479


                                                

                                                

 

Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс.Сонымен қоса стандарта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады.Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған,маңыздылығы соншалық,тіпті бұрынғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері.Бұрынғы жылдардың қаржылық есептемесін жасау кезінде жіберілген қателікке жасалған түзетудің сомасы есепті кезеңнің кірісіне немесе зиянына екі әдіспен қосылады:

       -бөлінбеген кірістің бастапқы  сальдосын қзгерту жолымен;

       -есепті кезеңнің таза кірісіне  немесе зиянға енгізу жолымен,бұл  орайда түсіндірме жазбаларда  мыналарды ашу керек:елеулі қателіктің  сипаты,есепті кезең және әрбір  бұрынғы кезең үшін түзету  сомалары,қайта есептелген салыстырмалы  деректер немесе себептер,есеп  саясатындағы өзгерістер.

        Қателіктің бұрынғы жылдардың кірісіне немесе зиянына қалай әсер еткенін көрсету үшін қосымша ақпарат кесте түрінде тапсырылуы мүмкін.

        Есеп саясатын Қазақстан Республикасы  бухгалтерлік есеп жөніндегі  департаментінің талабы бойынша  немесе егер мұндай өзгерту  неғұрлым дұрыс ақпарат алуға  мүмкіндік жасайтын болса,кәсіпорынның  өзі өзгертуі мүмкін.Есеп саясатын  өзгерту нәтижесінде туындаған  түзету сомасы бөлінбеген кірістің  бастапқы сальдосын өзгерту жолымен  есеп беруде көрсетіледі және  есепті кезеңнің таза кірісін  немесе зиянын анықтаған кезде есекеріледі.егер есеп саясатындағы өзгерістер есепті кезеңге,алдыңғы кезеңге және кезекті есепті кезеңдерге елеулі түрде әсер ететін болса,онда түсіндірме жазбаларда есеп саясатының өзгеру себебі,есепті кезең және әрбір бұрынғы кезеңдер үшін түзеті сомасы,таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде ескерілген түзету сомасы,қайта есептелінген салыстырмалы деректер немесе олардың қайта есептеудің мүмкін болмау себептері ашылып көрсетіледі.Түсіндірме жазбада мыналар ашылып көрсетілуі тиіс  :тоқтатылған операция- ның мәні ,тоқтатылған операцияның сомасы мен  географиялықауданы  ,опера-

цияның  нақты тоқтатылған күні,операцияны тоқтатудың әдісі(сату немесетарату тарату және олардың себебі),тоқтатылған  операциядан алынған кіріс немесе зиян,өнімдерді  сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызмет- інен алынған кіріс немесе зиян.

                           

 

 

 

 

                                                 ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

       Қаржылық есеп – бұл шаруашылық қызметтің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп ақпаратына негізделген.

Қаржылық  есептің мақсаты – тұтынушыларды  қандай да бір құрылымдағы қажетті  ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін бейнелеу.

Қаржылық  есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған жұмыстар мен шаруашылық операцияларының  түпкілікті қаржылық нәтижесін көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын  элементтердің активтері, міндеттемелерге  және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады. Топтастырылған ақпараттар қолда  бар экономикалық ресурстарды, субъектінің  оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді.

Қаржылық  есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың  алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы  молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану  арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты  тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар  кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.

ҚР-нда  енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар  талаптарына сәйкес келеді.

ҚР-ның  заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай  жүзеге асырылады.

                  

 

                     

 

                            

 

 

     

 

 

                              ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:            

 

 

1.Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005

2.Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.

3.Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.  «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.

Информация о работе Қаржылық есеп беру негіздері