Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 20:55, отчет по практике
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі. Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі
КІРІСПЕ
1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰРАМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары мен айрықша белгілері………………….... 4
1.2 Қаржылық – шаруашылық қызметінің есебін беру......................................... 6
1.3 Қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну.......................................................... 7
1.4 Қаржылық салымдарының есебі..................................................................... 10
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы..................................................................... 15
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.. 18
2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі................................... 19
2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау.................................................... -
2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру................................................................. 21
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТ КОЛЛЕДЖІ
«Экономикалық пәндер» циклі
«Гуманитарлық-экономикалық және ақпараттық технологиялар» бөлімі
Оқу тәжірибесінің
есебі
ТАҚЫРЫБЫ: Қаржылық есеп беру негіздері
ОРЫНДАҒАН: Оспанова Жансұлу
ҚАБЫЛДАҒАН: Омарова Гүлшат
ОҚУ ТОБЫ: ЭБУиА 11-3
БАҒАСЫ:
КІРІСПЕ
1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰРАМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары мен айрықша белгілері………………….... 4
1.2 Қаржылық
– шаруашылық қызметінің
1.3 Қаржылық
есеп беруді жасау мен ұсыну...
1.4 Қаржылық
салымдарының есебі.........................
2.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық
есеп берудің маңызы...........
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар.. 18
2.3 Қаржылық
есеп беру және оны тапсырудың мерзімі.......................
2.4 Қаржылық
есеп берудің баптарын бағалау.
2.5 Пайда
және зиян жайлы есеп беру.....
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық
және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету
болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп
беру арқылы қол жеткізіледі. Есеп беру
дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі
кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін
және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді
түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер
жүйесі.Берілетін есептің деректеріне
жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі
және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер
сондай-ақ министрліктер, ведомстволар,
қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте
инвестициялық саясат ұсынуға және несие
беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы
ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың
ресурстары мен міндеттемелерін және
оның басшы органдарының қызметін сараптауға
қажетті ақпарат жинақталады.Үкімет пен
оның органдары берілген есеп ақпаратын
сол кәсіпорынға қатысты экономикалық
саясат пен салық шараларын белгілеу үшін
пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер
қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын
жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске
алу мен әр алуан статистикалық деректердің
негізі үшін мәліметтер керек.Қаржылық
есеп негізінде субъектінің қаржылық
жағдайының нашарлай бастау тенденциясын
дер уақытында аңдып, оның шаруашылық
қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың
алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы
молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға,
соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы
табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы
қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға
қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге
қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды,
кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі
қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның
төлем қабілетіне кепілдік береді.Алайда
субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар
мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан,
субъектінің өмір сүруінің басты шарты
– оның қызметіне қажетті капиталдың
жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан
капитал иелері мен басқа да инвесторлар
есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға
тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға
ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін
қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп
аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған,
бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші
субъект туралы ақпаратты негізгі көзі
қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда
есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың
жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын
өз капиталын субъектінің қарамағына
бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар
үшін ашық болып табылады.
1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ҚҰРАМЫ МЕН ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары мен айрықша белгілері.
Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады.Қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені, есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтауы:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің
алдағы ақшалай түсімін
3. Субъектінің
ресурстар мен міндеттемелерін
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1.Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.
2.Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.
3.Сенімділік – ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы
көрсету – сенімділікті
5.Мәннің формадан артықшылығы – операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет.
6.Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7.Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8.Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық
- ақпарат ұсынуда ақталуға
10.Пайда мен шығын арасындағы баланс – ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11.Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе – теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы маңыздлығын анықтайды.
12.Сенімді және әділ көрсету – бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.Әр түрлі қоғамдық – саяси құрылымы бас осы заманғы мемлекеттерді қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша,табыс,өзіндік құн және басқалары пайдаланылады.Олардың әрқайсысы өзінің фунцияларын(тауардың құнын немесе бағасын білдіру , айналыс құралы,
еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау , өндірісті ынталандыру ,кәсіпорын-
дар қызметінің нәтижелерін бағалау ) орындайды , оларды қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді.Қаржының олардың барлығы- нан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар . Қаржыны
құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн.
Сонымен бірге,құбылыстың мәнін ,өзгешілігін бір ғана белгімен ,тіпті ол елеулі
болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес.Құндық категориялардың барлығы-
ның да толып жатқан ортақ белгілері болады . Сондықтан қайсы бір құндық
категориялардың , соның ішінде қаржының да өзгешілігі тек бірнеше сипатты
белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның,
соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешіліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастар-
дың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығы.
Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қаржылық қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақшалай қатынастарды ғана білдіреді . Сондықтан қаржылық қатынастардың ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгісі . Қаржының ақшалай сипат ы оны жузеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсете- ді. Ақша қаржының іс - әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады . Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты бо-
латын жалпы нышан . Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,яғни үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды .Сөйтіп ,ол
ақшаның дербес аясы ретінд ,өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретіндегі қар-
жының
пайда болуына жағдайлар
1.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру .
Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің 3 стандартында ашылып көрсетіледі. Бұл стандарт бағалау әдісі , есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныпта- масын белгілейді :
-негізгі қызметтен(өнімдерді, жұмыстарды,қызметтерді сатудан)алынған табыс;
-негізгі қызметтен алынған
-салық салуға дейінгі
- салық салудан кейінгі
- таза кіріс немесе зиян (№1 – кесте ).
Қаржы –шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру ( №1 – кесте).
Баптардың атауы |
Сомасы |
Кірістер |
|
Таза сату |
14000000 |
Процент түріндегі кіріс |
500000 |
Кірістердің жиыны |
14500000 |
Шығындар мен шығыстар |
0 |
Сатудың өзіндік құны |
9000000 |
Тауарларды жеткізу |
250000 |
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар |
500000 |
Өндірістік үстеме шығындар |
250000 |
Сатудың өзіндік құнының жиыны |
10000000 |
Жалпы кіріс |
4500000 |
Сату жөніндегі шығындар |
1000000 |
Жалпы және әкімшілік шығындар |
500000 |
Процент төлеу шығындары |
500000 |
Өзге шығындар |
0 |
Шығындардың жиыны |
2000000 |
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі |
2500000 |
Табыс салығы бойынша шығындар |
750000 |
Төтенше табыс немесе зиян |
0 |
Таза кіріс |
1750000 |