Шаруа немесе фермер қожалықтары – осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу;
Шаруа немесе фермер қожалықтары – осы кооперативтердің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданады.
2. Селолық тұтыну кооперативтеріне:
Мүшелері тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;
Жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алуға жататын табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.
Мыналар :
Еншілес ұйымдарды, құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлғаның;
Арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;
Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;
Құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;
Мүшелері басқа селолық тұтыну кооперативтерінің мүшелері болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.