Арнаулы табыс салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 08:20, практическая работа

Описание работы

презентация по теме Арнаулы салық режимдері

Работа содержит 1 файл

арнаулы салық режимдери.ppt

— 306.00 Кб (Скачать)
 
 
 
 

Арнаулы  салық режимдері 
 
Орындаған: Инкарбекова К. Ж.

 
 
 
 

           Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңтайлатылған тәртібін белгілейді.Басқа аталмаған салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

       Қазақтсан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңтайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

 
 
 
 

Арнайы салықтық режим 

Шағын  бизнес субъектілері үшін 

Шаруа  немесе фермерлік қожалықтар  үшін 

Ауылшаруашылық  өнімдерін өндірушілер мен ауылдық  тұтынушылар кооперативтері үшін

 
 
 
 

     Арнайы салық режимінің күші келесідегідей қызмет түрлеріне тарамайды: 

      Акциздік өнімдерді өндіру 

      Кеңес беру, қаржылық, бухгалтерлік қызметтер 

      Мұнай өнімдерін сату 

      Шыны ыдыстарды жинау және қабылдау 

      Қойнауларды қабылдау 

 
 
 
 

       Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

  • Жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;
  • Патент негізіндегі арнаулы салық режимі;
  • Оңтайлатынған деклорация негізіндегі арнаулы салық режимі.

      Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

      Арнаулы салық режимін:

  • Филиалдарды, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;
  • Заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;
  • Әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және салық салу объектілері бар салық төлеушілердің;
  • Басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;
  • Құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Информация о работе Арнаулы табыс салығы