«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:04, дипломная работа

Описание работы

«Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1992 жылы құрылып, Қызылорда облысының Әділет департаментінде тіркелген және қызметін ГСЛ №002097 лицензиясы негізінде (2000 жылдың 29 қарашасынан бастап) жүзеге асырып жүрген «Альянс» өндірістік-коммерциялық фирмасы негізінде құрылған. Берілген лицензия бойынша бұл серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында архитектуралық, градоқұрылыстық және құрылыстық салаларындағы қызметтерді орындайды.

Содержание

КІРІСПЕ
1 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ
1.1 «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы
1.2 «Альянс» ЖШС-нің қоғамдағы атқаратын қызмет салалары
1.3 Қазақстан Республикасы аумағына «Альянс» ЖШС-нің қосқан үлесі
2 «АЛЬЯНС» ЖАУАПКЕРШІЛГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1 Ақпараттық жүйелер туралы жалпы түсінік
2.2 Ақпараттық жүйелер мен технологиялар және автоматтандырылған жұмыс орны
2.3 Ақпараттық жүйелердің құрылуы
2.4 «Альянс» ЖШС құрылыс дизайндарының жобаларын ұсыну деректер қорын жобалау
3 «ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫНЫҢ ДИЗАЙНДАРЫН ҰСЫНУ» ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
3.1 Қазіргі заманға сай программалау тілдері. Delphi программалау ортасы
3.2 «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

Диплом көрсету.doc

— 5.19 Мб (Скачать)

 

Delphi-ді баптау

Бағдарламалар жобасымен жұмыс  істеу процесінде сізгe формалар мен  модульдер жиынтығын құру қажет. Бұл мәлiмeттepдi жеке бумада   файлдар   түрінде   сақтаған   дұрыс.   Оның ішінде өзіңіздің жұмыс буманызды құруға болады. "My_first_program" деген атпен бума құрыңыз, оның ішіне өзіңіздің бағдарламаңызды сақтайтын бума кұрыңыз.

Екшіден, Delphi ортасының стандартты келтірілген күйіне өзгеріс енгізу қажет. Бұл сіздің құрған бағдарламадыздың соңғы нұсқасының автоматты түрде сақталуы үшін керек.

Ол үшін Tools/Environment Options мәзірін таңдаңыз, пайда болған сұхбат терезесінде Preferences бетінің екпінді екеніне назар аударыңыз. Осы беттің сол жақ жоғарғы бұрышында Autosave Options тобында «Editor Files» және «Desktop» деген ауыстырып қосқыштары бар. Ауыстырып қосқыштарды екпінді жасау – бағдарлама коды терезесінің мәтінін және Delphi терезесінің жалпы орналасуын автоматты түрде сақтайды. Бұл бағдарламаны жоғалудан қорғайды. Тышқанмен белгілеу арқылы осы ауыстырып қосқыштарды екпінді жасаймыз. Компиляция барысын қадағалап отыру үшін Compiling және Running тобындағы Show Compiler Progress ауыстырып қосқышын екпінді жасаңыз. Сондай-ак, бағдарлама кодында түсіндірмені - мәтін фрагменттерін сақтауға болады, ол бағдарлама жұмысына әсер етпейді,  бipaқ, оның мәтінін  түсінікті етіп көрсетеді. Мәтін шығару үшін шрифті тағайындау қажет:

Tools/Editor Options ®Display бетінде Editor Font-қа Times New Roman шрифт түрін тағайындау қажет.

Енді алғашқы бағдарламаны жургізуге бәрі дайын болды. Негізгі терезеден ► батырмасын немесе F9 басқару пернесін басыңыз. Сонымен, Delphi ортасындағы бағдарлама үш кезеңнен өтеді: компиляция—компоновка—орындау.

Компиляция кезеңінде код терезесінде  дайындалған бағдарлама мәтіні Object Pascal тіліне ауыстырылады; компоновка кезеңінде қажетті қосалқы бағдарламалар қосылады, ал орындалу кезеңінде дайын бағдарлама жедел жадыға шақырылып, орындалуға жіберіледі.

F9 пернесін басқаннан кейін Save Unitl As сұхбат тepeзeci пайда болады, яғни Delphi Unitl .pas модулі үшін файлдың аты мен ол орналасатын буманың атын сұрайды, сондай-ақ, модулдің де атын өзгерту қажет (немесе әpбip есепке жеке бума ашып, Save Аll командасы арқылы бәрін сақтаған дұрыс).

Delphi-дегі атаулар. Delphi-дегі атау латын әріптерінен басталатын әріптер, цифрлар және сызықша болуы тиіс, атау цифрдан басталмауы керек, ұзын атау бере беруге болады.

 

Форманың қасиеттерін өзгерту

Алдымен модуль ұғымына тоқталайық.  Әpбip жаңа форма құрғанда модуль құрылады. Бағдарламаны компиляциялау кезінде Delphi заты .PAS, .DFM және .DCU болып келген файлдарды әрбір модуль үшін құрады: .PAS файл - бағдарлама коды терезесіндегі мәтін  көшірмесінен  тұрады;    заты    -.DFM    файлында    форма терезесінің мазмұны сақталады; ал .DCU файлында - екі файлдан алынған  мәтінді машиналық  нұсқауға түрлендіру    нәтижесі сақталады. .DCU  файлдары  компилятормен  құрылады және ол компоновщиктің жұмысы үшін қажетті базаны береді. Одан кейін ол заты   .ЕХЕ  болып келген  біртұтас   шақырылатын файлға түрленеді. Енді бағдарламаны түрлендіріп көрейік, алдымен терезе тақырыбын өзгертейік. Алғаш Delphi жүйесіне кіргеннен кейін, терезе тақырыбы форма тақырыбына сййкес келеді.  Такырыпты өзгерту үшін Объектілер Инспекторы терезесіне бару қажет. Form1 бағдарлама терезесін жабыңыз. Объектілер Инспекторы терезесінің Caption жолын тышқанмен белгілеңіз. Осы жолдьң оң жақ бағаны   мәтінімен ерекшеленеді   және  ерекшеленгеннің оң жағында жыпылықтаған курсор болады. Пернетақтаны кириллицаға ауыстырып, "бағдарлама" деп жазыңыз, одан кейін F9-ды басыңыз.  Бағдарламанын  бұл орындалуы  - тақырыбы "бағдарлама" деп аталатын терезе құру. Объектілер Инспекторы терезеci  арқылы  бағдарламалар терезесінің бip  қасиетін - тақырыбын өзгерттік. Дәл осылай формалардың кез келген касиетін өзгертуге болады.

 

Компоненттермен танысу

Компоненттер дегеніміз жұмыс  істейтін бағдарламада құрылатын, көрінетін  бейнелер тұрғызылатын элементтер болып  табылады. Компоненттер палитрасының ішінде бейне ретінде көрінбейтін  де компоненттер жеткілікті. Сонымен, бұл тарауда біз Delphi ортасының негізгі  компоненттеріне тоқталамыз.

STANDARD бетi

STANDARD бетінде бағдарлама құруға  ең қажетті Windows-қа арналған  стандартты интерфейстік элементтерден  тұратын компоненттер палитрасы  орналасқан.

 

3.2-сурет Standard бeтi.

 

Frame - басқа компоненттерді орналастыруға  арналған контейнер қызметін  атқарады (қызметі форма терезесімен  бірдей). Формадан айырмашылығы компоненттерге  дайындық  құра отырып, компоненттер  палитрасында орналасады.

MainMenu - Бағдарламаның бас мәзірі. Бұл компонент күрделі иерархиялық мәзір құрып жұмыс icтeyгe мүмкіндік береді.

Label - форманың бетіне мәтін шығаруға  арналған. Компоненттің касиеті  мәтіннің түpi мен орналасуын анықтайды.

Edit - енгізу өpici - символдар жолын жөндеуге арналған.

Button - командалық батырма.

Memo - бірнеше жолдан тұратын мәтіндік  редактор құру элементі болып  табылады.

RadioButton - қызметі басқа батырмалардың  кызметімен байланысты болатын  тәуелді батырма болып табылады. Егер сұхбат терезесінде бірнеше ауыстырып қосқыш пайдаланылатын болса, онда әрбір топты RadioGroup компонент арқылы беруге болады.

CheckBox - басқаларға  тәуелсіз  ауыстырып   қосқыш батырманы сипаттайды.

ListBox - кажетті элементті таңдауға  болатын тізімді береді.

ComboBox - енгізу өpicінe мәліметтерді пернетақтаадан теріп енгізуге немесе тізімнен таңдауға мүмкіндік береді.

 

ADDITIONAL беті

Additional бетінде  сұхбат  терзелерінің түрін түрлендіруге  мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер  орналаскан.

 

3.3-cypem  Additional беті

 

Bitbtn - жазуы бар, пиктограммалы командалық батырма.

SpeedButton - пиктографиялық батырма. Әдетте бас мәзірдің опцияларына жылдам кipy үшін пайдаланылады.

MaskEdit - арнайы мәтіндік редактор. Енгізілген мәтiндi сүзгілеуге мүмкіндік береді, мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.

StringGrid - жолдар кecтeci. Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкiндiк береді.

DrawGrid - еркін кесте. StringGrid компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның iшiндe сурет те сақталады.

Image - сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайлдарды бейнелеуге арналған.

Shape - фигура. Бұл компоненттін көмегімен терезеге дұрыс геометриялык фигураларды – тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б. қоюға болады.

Bevel - жиек. Терезенің жеке бөліктерін үш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.

ScrollBox - орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы - егер орналасқан  компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде кояды.

CheckListBox - жиындық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әpбip опциясының қасында бipнешe опцияны бірден таңдауды жеңілдететін CheckBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.

Splitter - шекара. Бұл компонент формада көрінетін екі компоненттің арасына орналасады да, пайдаланушыға бағдарламаны жүргізу кезінде компоненттерді біp-бipiнeн бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.

StaticText - статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады. Ол мәтінге қоршау жүргізуге мумкіндік береді.

ControlBar - баскару жолағы. DRAG&DOG технологиясында "тақалып" тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.

Application Events - окиғаны қабылдаушы. Erep бұл компонент формаға орналасқан болса, онда бағдарламаға арналған барлык Windows хабарламаларын алып отырады.

ValueListEditor - атау = мән жұбынан тұратын жолдар редакторы. Мұндай жұптар Windows-та жиі пайдаланылады.

LabeledEdit - бip жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.

ColorBox - жүйелі түстердің бipiн таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.

Chart - диаграмма. Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдер құруды жеңілдетеді.

ActionManager - әрекеттер менеджері. Төмендегі үш компонентпен бipre қосымшалар, интерфейс құруды қамтамасыз етеді.

ActionMainMenuBar - мәзір жолағы, ол оның опциялары ActionManager көмегімен құрылады.

ActionToolBar - ActionManager компонентінің көмегімен құрылатын пиктографиялық батырмаларды орналастыруға арналған жолақ.

CustomizeDLG - баптау сұхбаты. Бұл компонентті көмегімен пайдаланушы жұмыс бағдарламасының интерфейсін қалауынша баптай алады.

 

WIN 32 бeті

WIN 32 бетi 32 разрядты WINDOWS 95/98/NT/200 операциялық  жүйелерінің интерфейстік элементтерінен  құралады (бұл 2-нұсқада WIN 95 деп аталады).

 

3.4-сурет WIN 32 беті

 

TabControI - қойымталар жиынтығы. Әpбip қойымта жазуы немесе cypeтi бар тіктөртбұрышты өpic болып келеді. Қойымтаны таңдау бағдарлама  арқылы  жүргізіледі және терезедегі компоненттер жиынтығын басқару үшін пайдаланылады.

PageControl - қойымталары бар панельдер жиынтығы. Әрбір панельдің өзінің интерфейстік элементтер жиынтығы бар. Ол өзіне байланысты қойымтаны тышқанмен белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

ImageList - суреттер жиынтығы. Өлшемдері  бірдей бірнеше суреттерді сақтауға  мүмкіндік береді.

RichEdit -форматталған мәтінге арналған көп жолдьқ редактор. Memo компонентінен айырмашылығы RichEdi компонентінен мәтін Кеңейтілген Мәтіндік Формат ережесіне бағынады (RTF - RICH TEXT FORMAT) және шрифт, түс туралау тәрізді сипаттамаларын өзгерте алады.

TrackBar - регулятор. Бағдарламадағы кейбір шамалардын мәндерін басқару үшін пайдаланылады. Мысалы, оның көмегімен мультимедиалық бағдарламалардағы дыбыстық дауысын оңай өзгертуге болады.

ProgressBar - процесс индикаторы. Бұл компоненттін көмегімен ұзақ уақыт орындалатын процестің атқарылуын бейнелеуге болады. Мысалы, мәліметтерді дискетке барысы.

UpDown - цифрлық регулятор. Бұл компоненттің екі батырмасы компонентке байланысты сандық мәнді үлкейтуге немесе кішірейтуге арналған.

Hotkey - басқару пернесі. Компонент басқару пернелерін енгізу үшін пайдаланылады.

Animate - мультипликатор. Бірінен кейін бipi ауысып отыратын қозгалыстағы суреттерді (бейнеклип) бейнелеуге арналған. Компонент дыбысы бар бейнеклипті сүйемелдей алмайды.

DateTimePicker - күн, уақыт селекторы. Бұл компонент күнді немесе уақытты енгізіп, бейнелеуге арналған.

TreeView - таңдау тармағы. Пиктограммалардың тармақты құрылыммен байланысқан жиынтығын береді. Әдетте каталогтар құрылымын және басқа да иерархиялық қатынаспен байланысқан элементтерді көру үшін пайдаланылады.

ListView - пиктограммалар панелі. Бірнеше  пиктограммаларды көруді және қажеттсіз таңдауды ұйымдастырады. Бұл компонент пиктограммаларды тігінен немесе көлденеңінен орналастырып, оларды үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді.

HeaderControI - басқарушы тақырып. Жазуы бар секцияларға бөлінген, тік немесе көлденең жолақ болын келеді. Секциялардың өлшемін бағдарлама жұмысы кезеңінде тышқанмен өзгертуге болады. Әдетте әртүрлі кестелердегі жолдар мен бағандардың өлшемін өзгерту үшін пайдаланылады.

StatusBar - статус панелі. Жөндеу терезесіне әртүрлі нұсқау беретін ақпараттарды орналастыруға арналған.

ТооlBаr - саймандық панель. Бұл компонент Bitbtn командалық батырмалары үшін контейнер қызметін атқарады. Сондай-ақ, олардың өлшемдерін және батырмаларды өшipгeндeгi немесе жаңасын қосқандағы орнын автоматты түрде өзгерте алады.

СооlBаr - саймандык панель. ТооlBаr компонентінен айырмашылығы WINDOWS-тің Edit, ListBox, ComboBox және т.б. тәрізді стандартты интерфейстік компоненттерін орналастыруға арналған контейнер ретінде пайдаланылады.

PageScroller - айналатын панель. Жіңішке саймандық панельдерді орналастыруға мүмкіндік береді.  Қажеттілігіне карай панельдің  жиегіне  орағыш  стрелкаларды  автоматты  түрде орналастырады.

ComboBoxex - ComboBox  компонентіне ұқсас, бipaқ ашылатын тізімге шағын бейнелерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

 

SYSTEM беті

Бұл бетте басқару қызметі бар  компоненттер келтірілген, оның ішінде Windows үшін стандартты OLE (Object Linking and Embedding) және DDE (Dinamic Data Exchange) мәліметтерімен алмасуды cүйeмeлдeйтiн де компоненттері бар.

 

3.5-сурет SYSTEM беті

 

Timer - таймер. Бұл компонент шынайы уақыт аралығын есептеу қызметін атқарады.

PaintBox - сурет салуға арналған терезе. Графикалық бейнелерді салуға арналған тіктөртбұрышты бөлік құрады.

MediaPlayer - мультимедиалық ойнатқыш. Бұл компоненттің көмегімен әртүрлі мультимедиалық құрылғылар басқарылады.

OleContainer - OLE - контейнер. Байланыстырылатын немесе енгізілетін объектілерді қабылдау қызметін атқарады.

 

DIALOGS бeтi

Dialogs   бетінің   компоненттері   Windows  үшін стандартты сұхбат  терезелерін жүзеге асырады.

 

3.6-сурет DIALOGS беті

 

OpenDialog - ашу. Стандартты "файлды  ашу" сұхбат терезесін шығарады.

SaveDialog - сақтау. Стандартты "файлды  сақтау" терезесін шығарады.

OpenPictureDialog - cypeттi ашу. Cypeттi алдын ала  көру мүмкіндігін сақтай отырып, графикалық файлды таңдайтын арнайы терезені шығарады.

SavePictureDialog - cypeттi сақтау. Cypeттi алдын  ала көру мүмкіндігін сақтай  отырып, графикалық файлды сақтайтын  арнайы терезені шығарады.

FontDialog - шрифт. Шрифті таңдайтын  стандартты сұхбат терезесін шығарады.

ColorDialog - түс. Tүcтi таңдайтын стандартты  сұхбат терезесін шығарады.

PrintDialog - басып шығару. Құжатты басып  шығаруға арналған параметрлерді  таңдау сұхбат терзесін шығарады.

PrinterSetupDialog - принтерді баптау. Басу  құрылғысын баптауға арналған стандартты сұхбат терезесін шығарады.

FindDialog - іздеу. Мәтін фрагментін  іздеуге арналған стандартты  сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік  береді.

ReplaceDialog – мәтін фрагментін іздеу  мен алмастыруға арналған стандартты  сұхбат терезесін шығаруға мүмкіндік береді.

 

SAMPLES бeтi

Gauge - қалып күй индикаторы. Win32 бетіндегі  ProgressBar компонентіне ұқсас, бipaқ  формалардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.

 

3.7-сурет Samples беті

 

ColorGrid - түстер кестесі. Бұл компонент  16 түсті палитрадан негізгi және фондық түсті таңдауға арналған.

SpinButton - қос батырма. Қандай да  бip сандық шамаларды басқраудың  ыңғайлы құралы.

SpinEdit - сандар редакторы. Қос батырманың көмегімен бүтін сандарды өзгерту мүмкіндігімен бipre бейнелеу және жөндеуді қамтамасыз етеді.

DirectoryOutline - каталогтар тізімі. Дискідегі иерархиялық құрылыммен орналасқан каталогтарды бейнелейді.

Calendar - календарь. Айдағы күнді таңдап, көрсетуге арналған.

АЖ деректер 0оры

 

3.2. «Құрылыс жобаларының дизайндарын ұсыну ақпараттық жүйесін» жүзеге асыру

 

 

Дипломдық жұмыс Borland Software Corporation фирмасының “Borland Delphi Enterprise Version 7.0” бағдарламалау тілінде құрылған.

Құрылған программа құрылыс жобаларының дайын дизайндарын ұсынатын автоматтандырылған жүйе. Ендігі кезекте осы программаға толығымен тоқталып өтсек. Бұл программа тұтынушыға құрылыс нысандарына байланысты дайын дизайндық жобаларды ұсынады. Менің программамда қарастырылған нысандар – тұрғын үйлер болып табылады, яғни үй тұрғызушы адам өзіне қажетті барлық мәліметтер мен дизайндық жұмыстарды ала алады.

Информация о работе «Альянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тарихы, маңызды құрылымы