Салық кодексі және салық жүйесі

Дата добавления: 27 Октября 2013 в 08:59
Автор: s*********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (77.31 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Салык кодекси салык жуйеси Олжас (каржы) 2009-0.doc

  —  339.50 Кб

МАЗМҰНЫ

I.КIРIСПЕ ................................................................................................................3

II.Негізгі бөлім.

1 ТАРАУ. САЛЫҚ КОДЕКСІ – САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ..................................................................................5

1.1. Қазақстан Республикасыныні салық жүйесі: мәні, кезеңдері және қабылданған Салық Кодекстері  ..............................................................................5

1.2. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі: құрылымы, орындалуы мен заңнамасы .................................................................................................................13

2 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ МЕН ЖЕТІЛДІРУ БАРЫСЫ  ..............................................18

2.1. Қазақстандағы салықтың түрлері мен нысандары, олардың экономикалық әсері ...........................................................................................................................18

2.2.Салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіндегі салық механизмінің қызмет етуін ұйымдастыру ......................................................................................28

2.3. Қазақстанда салық жүйесін жетілдіру мәселелері және қазіргі жағдай  .... 32

III.ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................36

IV.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................................38

КIРIСПЕ

Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады.  Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады.  Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.

Нарықтық қатынастардың құрылымында  да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық  салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.

Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын  “Салық кодексі – салық жүйесінің қызмет етуінің негізі ретінде” деп алдық.

Мемлекеттiң қаржы ресурстарының  бастапқы категориясы және мемлекеттiк  қызметтердi iске асырудың негiзi болып  табылатын салықты жан-жақты талдап, салық салу механизмiнiң қызмет етуiн, салықтың негiзгi элементтерiн және осылардың басын қосып, ұйымдастырып отыратын салық жүйесiн талдау осы тақырыптың өзектiлiгi болып табылады.

Бұл тақырыпты орындаудағы басты  мiндеттер келесiдей:

  1. Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
  2. Салық салудың негiзгi элементтерi мен оның құрылымдарын талдау;
  3. Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
  4. Салық салу қағидаларын жан-жақты қарастыру;
  5. Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуын және оны басқару шараларын атап өту;
  6. 2009 жылғы жаңа Салық Кодексi бойынша енгiзiлген салықтар мен алымдар түрлерiн атап өту және салық түрлерi мен оның ерекшелiктерiне тоқталу болып табылады.
  7. Бүгінгі таңдағы салық жүйесінің басты мәселесі болып отырған салықтан жалтару, яғни көлеңкелі экономиканы жоюдың шараларын қарастыру;
  8. Бүгінгі салық жүйесінің экономикада атқарып отырған салық-бюджет саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы тоқталып өту;
  9. ҚР-ның Салық комитетінің қызметтерін, салықтан жалтару кезіндегі салық комитетінің іс-әрекеттеріне тоқталу;

Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда салық жүйесінің  теориялық мәселелері, оның ішінде салық жүйесін құру қағидалары мен  салық жүйесінің құрылымдары, экономиканы  салықтық реттеудегі бюджеттік-салық саясатының іске асуы туралы қарастырылса, екінші тарауда ҚР салық жүйесін реформалау барысы мен дамыту кезеңдері, салықтан жалтару мәселесі және оны шешу жолдары қарастырылады, ал үшінші бөлімде салық жүйесін реформалаудың бүгінгі тұстары мен үш жылдық жоспарлау бағдарламасы және қазіргі қаржылық дағдарыс тұсындағы экономиканы қолдауға бағытталған салықтық жеңілдіктердің маңыздылығы айтылды. 

Жұмысты жазу барысында келесі авторлардың  еңбектері пайдаланылды:

Черник Д.Г., Починок  А.П., Ермекбаева Б.Ж.,  Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.,  Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е., А.Исаева және Мамыров Н.Қ., сонымен қатар  еліміздегі салық туралы заңдар мен нормативтер, мерзімді экономикалық басылымдар қарастырылды. 

І САЛЫҚ КОДЕКСІ – САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

1.1 Қазақстан Республикасыныні салық жүйесі: мәні, кезеңдері және қабылданған Салық Кодекстері

Салықтар мемлекеттер  пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Елiмiздiң салық жүйесiн реформалаудың  кезеңдерін алты кезеңге бөлiп қарастыруға  болады.

- 1 кезең (1992-1995ж) –  жаңа салық жүйесі базисінің,  салық кезеңінің өңделуі және  іске қосылуы;

- 2 кезең (1996-1998ж) – нарықтық эконмика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды анықтау;

- 3 кезең (1998-2000ж) –  барлық қағидалардың ескерілуі  арқылы салық жүйесіне өзгерістер  мен толықтыруларды енгізу, салық  жүйесін одан әрі жетілдіру;

- 4 кезең (2001-2002ж) –  Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды;

- 5 кезең (2005-2008ж) –  кейбір алым және төлемақы  түрлеріне өзгерістер енгізу;

- 6 кезең (2008-.....) – кейбір  салық түрлеріне өзгерістер енгізумен   салық ставкаларын төмендетуіне  байланысты Жаңа Салық Кодексін  қабылдау. 6-кезең, (2008 жылдан басталады) ұлттық экономиканы қаржылық дағдарыстан сақтау және экономиканы фискалдық-салық саясаты арқылы барынша қолдау шараларының жүргізілу бағыттары іске асырылуда. Бұл кезеңде негізгі салық түрлерінің мөлшерін азайту арқылы экономиканы ынталандыру (корпоративтік табыс салығын 30 %-дан 20%-ға, ал ҚҚС 13%-дан 12%-ға дейін кеміту), шағын және орта бизнеске жеңілдіктерді беру уақытын ұзарту, мемлекеттік бюджетті жоспарлаудың 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық жоспарлау бағдарламасын енгізу шаралары болып табылады. 

Еліміздің салық жүйесінің  дамуын алты кезеңге бөліп қарастыруға  болады:

- 1 кезең (1992-1995ж) –  жаңа салық жүйесі базисінің,  салық кезеңінің өңделуі және  іске қосылуы;

- 2 кезең (1996-1998ж) –  нарықтық эконмика талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды анықтау;

- 3 кезең (1998-2000ж) –  барлық қағидалардың ескерілуі  арқылы салық жүйесіне өзгерістер  мен толықтыруларды енгізу, салық  жүйесін одан әрі жетілдіру;

- 4 кезең (2001-2002ж) –  Жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды;

- 5 кезең (2005-2008ж) –  кейбір алым және төлемақы  түрлеріне өзгерістер енгізу;

- 6 кезең (2008-.....) – кейбір  салық түрлеріне өзгерістер енгізумен   салық ставкаларын төмендетуіне  байланысты Жаңа Салық Кодексін  қабылдау.

Енді осы кезеңдердің  әрқайысына толықталып өтелік.Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасындағы Салық жүйесі туралы Заң тәуелсіз салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі жұмыстардың бірі болып саналады. Осы кезеңдерде елде көптеген өзгерістер болды және экономиканың дамуына көптеген құбылыстар, атп айтқанда, меншіктің көптеген түрлерінің дамуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және т.б. құбылыстар іске аса бастады.

Осы заң бойынша алғаш  рет Қазақстан Республикасында 43 салық түрі қызмет етті және олар 3 топқа  бөлінді:

- жалпы мемлекеттік  салықтар - 16;

- жалпыға бірдей міндетті  жергілікті салықтар мен алымдар - 10;

жергілікті салықтар мен алымдар - 17.

              Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:

              1. Қосылған құнға салынатын салық.

              2. Пайдаға салынатын салық.

              3. Акциздер.

              4. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.

              5. Экспорт пен импортқа салынатын салық.

              6. Кеден тарифі және баж салығы.

              7.Пайдалы қазбаларды геологиялық  барлау және геологиялық 
   іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге 
   жұмсалатын алым.

             8. Тіркелген (ренталық) төлемдер.

             9. Транспорт құралдарына салынатын  салық.

            10. Автотранспорт құралдарын сатып  алуға салынатын салық. 

            11. Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.

            12. 3анды ұйымдардың мүлкіне салынатын  салық.

            13. Қазақстан Республикасы азаматтарынан,  шетел азаматтарынан және азаматтығы  жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.

            14. Мемлекеттік баж салығы.

            15. Табиғат ресурстарына салынатын  салық.

            16. Колхозшылардың еңбегіне ақы  төлеу қорына салынатын салық.  Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:

            1.  Жер салығы.

            2. Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.

            3. Орман табысы.

            4. Су үшін төленетін ақы.

            5. Табысқа салынатын салық.

            6. Кәсіпкерлік қызметті тіркеу  үшін алынатын алым.

            7.Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.

             8.Занды ұйымдарды мемлекеттік  тіркеуден өткізгені үшін 
алынатын алым.

              9. Елтаңбалық алым.

      10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке                   салынатын салық.

             Жергілікті салықтар мен алымдар:

             1. Курорттық   аймақта   өндірістік   мақсаттағы   объектілер 
құрылысына салынатын салық.

             2. Курорттық алым.

             3. Азаматтардан алынатын мақсатты  алым.

             4. Жарнамаға салынатын салық.

             5.Автотранспорт құралдарын, есептеу  техникасы және жеке 
компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.

             6. Автотранспортты аялдауға қойғаны  үшін алынатын алым.

             7. Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алым.

             8. Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны  үшін алынатын алым.

             9. Ат жарысындағы ұтысы үшін  алынатын алым.

            10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысушы адамдар-дан алынатын алым.

         11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.

         12.Аукциондық сатудан алынатын  алым.

         13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы  үшін алынатын алым.

         14.Пәтер алуға берілген рұқсат  қағаз (ордер) үшін алынатын алым.

         15.Ит иелерінен алынатын алым.

         16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық  жасау қүқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

        17.Жергілікті  аукциондар  өткізу  және  лотереялар  ойнату құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.

        Алғашқы салық жүйесінің көптеген кемшіліктері де болды.Атап айтқанда, басқа елдерге қарағанда біздің салық жүйеміздің жинақталған ғылыми және практмкалық тәжірибелерінің жеткіліксіздігі, салық түрлерінің көптігі халықаралық салық салу қағидаларының назардан тыс қалуы айналымды анықтаудың қиындығы, дәлелсіз берілген жеңілдікгердің көптігі, т.б.Осыдан келіп еліміздің салық жүйесін реформалаудың қажеттігі туындады.Қазақстан Үкіметі 1992 жылдың басында салық жүйесін кезеңді түрде реформалаудың концепциясын қабылдады.

Страницы:123456следующая →
Описание работы
Бүгінде Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде бюджет-салықтық реттеу, яғни фискалдық саясаттың маңыздылығы жоғары болып табылады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған салық болып табылады. Фискалдық саяссаттың маңыздылығы ол мемлекеттің экономиканы рететудің тікелей әдісі болып табылады, ьұл саясатты қолданудың нәтижесі тез арада өз қызметін атқарып, нәтиже бере бастайды. Яғни экономикалық реттеуді дереу іске асырудың қажеттігі туындаған жағдайда фискалдық саясаттың реттеу құралдары мен әдістерінің маңыздылығы зор болып табылады.
Содержание