Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2011 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
o Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
o Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
* Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
* Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3

1-бөлім. Салық саясатының мазмұны мен маңызы
1.1. Салық салудың мәні................................................................................5
1.2. Салық жүйесінің экономикалық ролі және салық механизмі.............9
2-бөлім. Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру
2.1. Салық салудың қазіргі кездегі механизмі...........................................14
2.2. ҚР Салық саясатының негізгі бағыттары............................................16
2.3. салық саясатының басты бағыттары.21
Қорытынды...................................................................................................28
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................30

Работа содержит 1 файл

САЛЫҚ САЯСАТЫ МЕХАНИЗМІ.doc

— 255.50 Кб (Скачать)

        Қазақстан Республикасының территориясында  17 салық түрі бар. Олардың барлығы тікелей және жанамаға бөлінеді. Жанама салықтарға (азаматтардың мүліктік жағдайымен тікелей байланысты емес) ҚҚС және акциздер жатады. Қазақстан Республикасындағы басқа салықтар тікелей болып саналады, және де олар салық төлеушінің мүлікке немесе табысқа тікелей қатысты. (бұл – табыс салығы, пайдаға салық, әлеуіметтік салық, жер салығы, мүлікке байланысты салық түрлері, пайдалы қазбаларды қолдануға салық және т.б.)

        1998жылы мемлекеттік бюджеттің  70% салық түсімдері есебінен, 90% мемлекеттік меншік және салықтық емес түсімдерден құралды. Бірақ бюджетті қалыптастыруға қатысу үлесі жөнінен, жеке тұрғындарды қамту жөнінен, жене тұрғындарды қамту жөнінен мыналар үлкен орын алады(6-кесте)

  • жеке тұлғалардан табыс салығы;
  • заңды тұлғалардан табыс салығы (немесе бөлінбеген пайдаға салынған салық);
  • қосымша құн салығы(ҚҚС)
  • әлеуметтік салық.

        Бұл салықтардың Қазақстан мен  Ресей мемлекеттерінде мемлекеттік  бюджетке түскен салық салымдарының  қанша пайызын құрайтынын салыстырайық (6- кесте). 
 

Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің бюджеттік табыстарының                  

       қалыптасуындағы  салықтың салмағы, 1998 жыл (%). 6-кесте   

Салықтар  түрлері    Қазақстан     Ресей 
Барлық  салықтар          100       100
Табыс салығы           12        13
Пайда салығы           18        18
ҚҚС           40        29
Әлеуметтік  салық           12        24
Басқалары           18        16
 

      Қазақстан бюджетіне түсетін  табысты ҚҚС береді, негізінен осы ҚҚС төлемдері өндіріс саласымен байланысты. Ресеймен салыстырғанда қоғамдық тұтыну қорларының негізін құрайтын әлеуметтік салық салымдары (социалистік елдерде таралған) бізде екі есе аз. Бұл  (басқа факторлармен қатар) Ресейді Қазақстанмен салыстырғанда, Қазақстанның нарықтық өзгерістер жолында алға шыққанын байқатады. Егерде Ресейде қызмет көрсету саласы қоғамдық тұтыну қорлары есебінен жұмыс істесе (социалисттік үлгіде), онда Қазақстанда бұл сала нарықтық негізге ауыстырылға, яғни мемлекеттік емес ұйымдар қоғамдағы жергілікті халыққа қызмет көрсетеді.

       Жеке тұлғадан алынатын табыс салығы Қазақстан Республикасында тікелей салық болып есептеледі және Қазақстанның әрбір тұрғыны өзінің табыс көлеміне қарамастан оны жыл бойына төлеуге міндетті. Қазақстанда барлық салық жинақтары бойынша іріктемелі тәсілді қолдану байқалады. Жеке және заңды тұлғалардың ішінде жеңілдік санаттары бар салық төлеушілер санының көптігі анықталды. Табыс салығын алуға байланысты жеңілдіктер негізінен жағдайлары төмен және әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға берілген. Салық салынатын табыс сомасының 5% табыс салығына минималды мөлшерлемесіне тең, бірақ салық салынатын табыс үлесі жиынтық табыстан аз болады, ал әлеуметтік қорғалмаған салық төлеушілер ( мүгедектер, ҰОС қатысушылар және т.б.) көбірек. Бұларды салыстыру үшін: Ресейдегі табыс салығының минималды мөлшерлемесі 2000 жылы 12% болса, 2001жылы 13% болды. Қазақстан экономистерінің есептері бойынша жылдық табыс 680$-дан кем емес болса 5%, ал одан жоғары болса 10%, ал жылдық табыс 3000$ жоғары болса 30% алынады. Н. Назарбаев Үкіметпен бірге «салық туралы» заңға толықтырулар мен өз-герістер енгізу» жөнінде талқылау жасалғанда мынаны айтты: Қазақстан              тұрғындарының 53% – 5%-дан төлейді, ал 40%-10% мөлшерлемесімен төлейді. Тек 7%-ы 20-30 %-дық мөлшерлемемен төлейді.(1)

    Салыстыру үшін Ресейде жағдайлары төмен азаматтарға табыс салығының минималды мөлшерлемесін азайту жөнінде ешбір сұрақ талқыланбауда, керісінше қазіргі кезде табыс салығының мөлшерлемесі 10 % өсіруі туралы сұрақ талқыланады). Қазақстандағы Салық Кодексінде жағдайлары төмен тұрғындарды қорғау тиімділігінің деңгейі жөнінде әлемдік стандартқа жақындау.

        Қазақстанның салық жүйесінің  нарыққа бейімделуі неден байқалады?  Нарықтық реформада 2001 жылғы 1 шілдедегі ҚҚС 20%-дан 12 -%-ға және әлеуметтік  салық мөлшерлемесін 26%-дан 11 %-ға кемітуі. (2)

        Президенттіміз Н.Назарбаев былай деді: « Салықтың бұлай төмендеуі техникалық жабдықтардың жаңаруына және ұлттық экономикадағы бәсекелестіктің өсуіне әкеледі»

      Бұл шарадан ЖІӨ-нің өсетіні күтілуде. Мемлекет өзінің ипвестициялық қызметі үшін мемлекеттік бюджеттің қаржыларын шоғырландырайын деген жоқ, керісінше, салықтың фискалды қызметін жұмсарту арқылы кәсіпорындарының жинақтау қорын өсіруге ұмтылуда. Осы мақсатта халық шаруашылығының басты салаларын дамытуда инвестициялап жатқан кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қызмет етуде. Мұндай жеңілдіктер заңды тұлғаларға тек « тікелей инвестициялауды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР заңына сәйкес және мемлекеттік уәкіл органдардың заңды тұлғалармен инвестиция туралы шарттардың негізінде ғана беріледі. Қазақстан Республикасының нарықтық өзгерістерге әсер ететін салықтың негізгі түрлерін сипаттаймыз.

     Заңды тұлғалардың Қазақстандағы  бөлінбеген пайдасынан алынатын  салық тікелей салық болып  табылады. Ол Қазақстанның жеткілікті қамтамасыз етілген тұрғындардың меншігіне әсер етеді. Бірақ Қазақстандағы пайдаға салынатын салыққа берілген жеңілдіктер мөлшерлемесі түрленбел (0-30%). Сондықтан мемлекеттік жанама түрде кәсіпорын балансына әсер ете алады. ( жинақтау қоры – тұтыну қоры). Пайдаға салынатын салық жеңілдіктері басты салығы ашылған өндіріс өнеркәсіптеріне беріледі. Мысалы: халық шаруашылығын жаңа салаларында ашылған біріккен кәсіпорындарға 5 жыл пайда салығынан босату жеңілдіктері беріледі.

      ҚҚС – жаңа салық болып табылады. Ол салық төлеушінің мүліктің жағдайына тікелей әсер етпейді, бірақ оның көлемі өндірілген товар немесе қызметтің бағасында жатады. Бірақ ұл жердегі салық салымының объектісі болып товар немесе қызмет өндіруден түскен пайда және материалдық шығындардың арасындағы айырмашылық есептеледі. ҚҚС кәсіпкерлер төлейді және мемлекеттік бюджетінің негізін құрайды – 40%-ға дейін.

ҚҚС мөлшерлемелерінің 20 % - 12 %-ға кемуі 2 фактарға байланысты мүмкін: 

    Біріншіден  ҚР-ның экономикалық динамикасының  тұрақтануы, екіншіден мемлекеттік бюджеттің табысының салмақты бөлігін осы салықтың құрауы (1995жыл 20%-дан, 1998 жыл – 40% дейін). Осы ҚҚС-тың төленбеуі кәсіпорындардың инвестициялық қызметтеріне ынталандыру және негізгі қорларының жаңаруына көмектесті. Қазақстанда ҚҚС-тың мөлшерлемелері-нің төмендеуі арқылы өзінің салық жүйесін Европаның дамыған елдеріндегідей болды. (1990 жылы Ұлыбританияда ҚҚС -15%, Германияда -14%, Францияда – 18%). Пайдаға салынатын салық сияқты өндірістің басты салаларына және кіші бизнестің дамуына арналған іріктелмелі жеңілдіктер ҚҚС-ке де берілген. Мысалы: электрондық БАҚ толығымен бұл салықты төлеуден босатылған.

     Әлеуметтік салық тікелей салық болғанымен кәсіпкер оны еңбек төлеу қорының көлеміне байланысты төлейді. Бұл салықта мемлекеттің салық салымының әлеуметтік және нарықтық бейімделуінің моделдерінің арасындағы қайшылық жатыр. Әлеуметтік салық жұмыспен қамту және жәрдемдесу қорының жиынынан – еңбекке төлеу қорының 2%, медициналық сақтандыру қорының 3%, зейнетақымен қамтамасыз етудің 15%  және әлеуметтік қамтамасыздандырудың 1% құрайды. Ресейде бұл салық 2000жылы 38,6%-дан 2001жылы 35,6% төленді. Бұған кіретіндер: медициналық сақтандыру жинақы 3,6%, әлеуметтік сақтандыру  4% және зейнетақымен қамтамасыздандыру 28% құрайды.

      Бұл салықтың көмегінен қоғамдық тұтыну қорының көлемі мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыздандыруға мүмкіндік туады. Ресейдегі әлеуметтік салықтың үлкендігі нарықтық өзгеруге кері әсер етуімен қатар еңбекті төлеу қорының кемуіне әкелді.

        Қазақстан және Ресей мемлекеттік бюджеттерінің шығындарының құрылымдарын салыстырсақ екі мемлекеттің салық саясатыда қызықты әрекеттер байқалады.(Салыстыру үшін АҚШ-тың да мәліметтерін қарастырымыз)

 

            1996-1999 жж Ресей, АҚШ, Қазақстанның мемлекеттік бюджет

                               шығындарының құрылымы .  7-кесте 
 

Мемлекет, жыл Барлық шығындар Әлеуметтік  қажеттілік Экономикалық  қызмет Қорғанысжәне  қоғамдық тәртіп
Қазақстан        
1996 100 37 34 11
1999 100 44 8 13
Ресей        
1996 100 22 29 16
1999 100 36 22 13
АҚШ        
1996 100 33 14* 16
1999 100 29 14* 15

*инвестициялық  негізгі капиталға (8%), және субсидия  мен тағы басқа көмеке (6%)

      Қазіргі таңда Қазақстанда экономиканың ырықтандыру нысаны өтуде. Осы кезде халық шаруашылығына мемлекеттің қатысуы минималды көлемге кемиді. Экономикалық қызметке жұмсалған Қазақстан Републикасының мемлекеттік бюджетінің көлемі 1996 жылмен салыстырғанда 1999 жылы 22% кемиді. (3%-дан 8%-ға жалпы бюджет шығыны өсті). Мемлекет тұрғындардың өмір сүруін қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мысалы: алдағы көрсетілген период ішінде әлеуметтік қажеттілікке жұмсалған мемлекеттік бюджет шығыны 7%-ға өсті. (37%-дан  44%-ға жалпы бюджет шығыны өсті). Қазақстанның салық саясаты социалистік елдер үшін жақсы бейімделген кешен құрады – мемлекеттік меншіктің толығымен жекешелендіру, интерактивті әдістер мен қуатты шаралар блогы арқылы тұрғындарды әлеуметтік қорғауды нарықтық экономика жағдайларында басқару.

         Осы көрсеткіш Ресей мен салыстырғанда  Қазақстанда 1999 жылы 8%құрады, бұның өзі әлеуметтік және табыс салығының төмен мөлшерлемесі кезінде жүзеге асты, сонымен қатар Қазақстан Ресейге қарағанда қызмет көрсету саласын реформалауды жүзеге асырып үлгерді, яғни қоғамдық тұтыну қорының есебінен жүргізілген қызмет көрсетудің орнына, нарықтық қатынастырға осы қызметтердің бір бөлігін ауыстырады. Бұл туралы Қазақстандағы үй шаруашылығына жұмсалған шығындардың құрылымының өсуі байқатады. 1990ж 12%-дан 1999ж 27%-ға, ал Ресейде осы жылдары қызмет көрсетуде жұмсалған шығындардың үлесі 12%-14% дейін өсті. Экономикалық дамыған елдер, мысалы, АҚШ немесе Жапонияда 60% құрады.

         Бұл жерде мынаны айтқан жөн,  қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетінің құрылымы  экономикасы дамыған елдердікіне  жақындауда, бірақ абсолютті жұмылдыру көлемі, яғни бюджетқаржысы жағынан экономикасы дамушы елдерге ұқсайды. Жалпы Қазақстан Республикасының саляқ саясатының мақсаты бюджет шығындарын өсіру емес (ондай шығындар ЖІӨ-де 1999ж 21,6% құрады, салыстыру үшін; Ресей – 28% ,ал АҚШ –та 39%) оны әлеуметтік маңызы бар қызметке қолдану. 
 

Қорытынды 

    Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының  бір салық бойынша бірнеше  түрлі болуы, халықаралық салық  салудың негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті. Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды.

Информация о работе Қазақстанның салық саясаты: мақсаттық бағыттары және қызмет атқару механизімі